Трансформаторлар. Құрылысы және жұмыс істеу принципі



бет3/5
Дата27.12.2023
өлшемі7,91 Mb.
#144492
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 сессия

37 Синхронды машиналар
Синхронды машиналар – бұл айнымалы токтың коллекторсыз машиналары. Асинхронды машиналардан ротор құрлысымен ерекшеленеді. Ротордың құрлысы айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті болып келеді. Құрамы кез – келген жүктемеде роторы синхронды жиілікпен айнатындығымен (n2=n1=const) және қуат коэффициентін реттей алу қаблеттігі арқылы ерекшеленеді. Қуат коэффициентінің мәні синхронды машинаның жұмысы аса үнемді болатындай етіп алынады. Синхронды машиналар қайтымды, генератор мен қозғалтқыш режимдерінде жұмыс жасай алады. Синхронды генераторлар электр станциялардың электр техникалық жабдықтарының негізін құрады. Барлық электр энергиялар синхронды генератор арқылы өңделеді. Қазіргі кездегі синхронды генераторлардың бірлік қуаты миллион килловатты және оданда жоғары болады. Синхронды қозғалтқыштар негізі жоғарғы қуатты жетек құрылғылары үшін қолданылады. Мұндай қозғалтқыштар техникалық тиімділік көрсеткіштері бойынша басқа түрдегі қозғалтқыштардан жоғары болады. Ірі электр энергетикалық қондырғыларда синхронды машиналар барлық қондырғылардың қуат коэффициентін жоғарлату үшін реактивті қуаттың компенсаторлары мен генераторлары ретінде қолданылады.
Синхронды машиналар қозғалмайтын бөлік статордан және қозғалатын бөлік ротордан тұрады. Синхронды машиналардың статоры асинхронды қозғалтқыштың статорынан өзгешелігі жоқ (корпустан, орамдардан және өзекшелерден тұрады).
Синхронды машинаның қоздыру орамы білік орамында (статор) Е ЭҚК индукциалайтын магнит ағынын тудырады.

 сурет - Айқындалған полюсті машинаның қоздыру орамасының магнит өрісі
38 Блондел теоремасы.
Айқындалған полюсті машинаның индуктрі бейсимметриялы болады, себебі бойлық өстегі d ауа саңылауы көлдеңнен остегі ауа саңылауынан үлкен болады (d<q). Сондықтан шамалары бойынша бірдей болатын якорьдегі М.Қ.К. бойлық оспен әсер еткен кезде, көлденен ось бойынша әсер еткен кездегімен салыстырғанда үлкен магнит ағынын тудырады. Индуктордың құрылысы бейсимметриялы болатындықтан якорь реакциясының бойлық және көлденен остер бойынша тигізетін әсерлерін жеке қарастыру қажеттігі пайда болады. Бұлай қарастыру тәсілін алғаш рет 1895 жылы француз электр технигі А. Блондел ұсынды және ол әдіс немесе екі реакция теориясы деп аталады.
Екі реакция әдісі беттестіру принціпіне негізделген, бұл кезде бойлық және көлденең остер бойынша әсер ететін магнит ағындары бір-біріне әсерін тигізбейді деп болжанады. Егер қанығуды ескермесе, онда бұл әдіс машинадағы үрдістерді жеткілікті сәйкестікпен көрсетеді.
0ψ900 – жүктеме аралас
Жалпы жағдайда 𝜓 ≠ 0 және 𝜓 ≠ 90ᴼ болғанда токты İ Блондел тәсілі немесе екі реакция теориясы бойынша екі құраушыға Id және Iq жіктеуге болады.
𝐼𝑑 = 𝐼 sin 𝜑; 𝐼𝑞 = 𝐼 cos 𝜑 . Ток İ ЭҚК Ė ден қалған кезде 𝜓 бұрышы оң деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет