Жек көру- адам аралық қатынастарда субъектінің көзқарас, өмірлік салты мен сезім объекті қылықтарының бір- біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл- күй.
Қорқыныш- субъектіде өз тіршілігіне шын немесе жалғын болыу мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят- субъектінің өз қылық-әрекеттері, нйеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз прициптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі.
Аффекті күй эмоцияның бірте-бірте күшеюінен көрінеді. Аффекті күй динамикалы және айқын болады. Егер көңіл- күйінің өту барысы салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталса, онда аффекті күйге қарқынның арта түсуі тән болады. Аффекті күйдің әрқашанда белгілі бір аяқталуы болады. Мысалы, ұнамаған оқйға немесе жағымсыз нәтиже күткен сұқпаттасу ойламаған жерден сәтті аяталса, ол қанағат сезімін тудыруы мүмкін. Кей жағдайларда іштей шиыршықтану белгілі бір әрекеттерді атқаратын қуатқа айналады.
Өте күшті эмоциялық әрекет көрінісі- аффект деп аталады. Аффект- бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция. Аффект көрініс беру күшінің орасан зорлығымен сипатталады, ол адамды бүтіндей билеп алады. Аффектті күде адам көбіне өзінің не істегенін, нашар аңғарады. Ол өзін-өзі ұстай алмайды, күйіне берілгендігі сонша, өз ісінің маңызы мен сипатын нашар бағалайды. Аффектіге қозуы мен тежелеуі тең емес адамдар бейім келеді. Аффект кезінде адамның қозғалыс әрекеттері ұстамсыз күйге кліп, ішкі ағзалар қызметі күйзеліске ұшырайды: тілден қалады, жүрегі ұстайды, есінен танады. Бұл қорыққаннан да, қатты қуаныштан да болады. Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл- есінен танбайды. Адам бойында қаншалықты ашу-ыза болғанымен, оны долылыққа жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығында «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалдың тағылымдық маңызы зор.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйіттің бірі психологияда фрустрация (көңілдің бұзылуы, межелі істің жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады. Фрустрация кезінде адам өте күшті нервтік- психикалық күйзеліске түседі. Яғни, жоспарланған ісі мен мүдделі мақсатытүрлі себептер мен кдергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, қайғырып күйзеледі, ашуға булығады. Қанағаттанбаушылық сезімінен жан дүниесі қиналады.