Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бəрінің не біреуінің лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды.
Кез-келген тіркес сөз тіркесі бола алмайды.
М.Балақаев «өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркестер болады».
Сөз тіркесі:таза дәптер,таза киім,әдепті кісі,баланың ісі.
Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Мысалы, көз тігеді, жаңа бастады, шапқан сайын деген тіркестер екі-екі сөзден құралған.
Сөз тіркесі сөйлем құрау дағдыларын жетілдіреді.
Олардың құрамындағы жеке сөздердің,
бөлек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобына жазып, əр сөзді сөйлемнің жеке мүшесі деп қарауға болмайды.
Сөз тіркесіне негіз болатын-сөз.
Сөз тіркесіндегі әрбір сөздің өзіндік синтаксистік қызметі болады.
Түйдекті тіркес бір сөз табынан да, түрлі сөз таптарынан да бола береді, көмекші сөздің тіркесуі арқылы да жасалады.
Оның құрамындағы сөздердің дербес мағыналарының болу-болмауына байланысты үлкен екі топқа бөлеміз: 1) дербес мағынасы бар; 2) негізгі сөз бен көмекші сөз арқылы жасалған.
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «Cөз тіркесі» деген категорияға жатпайды.
Құрамына қарай сөз тіркесі жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді.
Сөз тіркесінің негізі-сөз таптары.
Сөз тіркесі сыңарының қызметін атқарады.
Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
Құрылымы мен мазмұны тиянақсыз келеді.
Сөз тіркесі салаласа байланыспайды.
Сыңарларымен қоса алғанда бір сұраққа жауап береді.
Тіркескен сөздер анықтауыштық,толықтауыштық,пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Түйдекті тіркес сыңарларында лексикалық мағына болуы да, болмауы да мүмкін.
Сөздің тіркесуі екі түрлі болады:бірі-тұрақты сөз тіркесі,екіншісі-еркін сөз тіркесі.
Сыңарлары бір-бірімен синтаксистік қатынаста жұмсалмайды.
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады.
1)Жалғау арқылы 2)Шылау арқылы 3)Орын тәртібі арқылы 4)Интонация арқылы
Қорытынды
Қорытындылай келе, БӨЖ тапсырмаларын орындау уақытында біз тұрақты тіркес пен сөз тіркесінің ғана айырмашылығы мен ұқсастығын нақты біліп өзіміз жаза алдық. Ал басқа тіркестердің ұқсастығы мен айырмашлығын жазу аздап қиынға соқты. Себебі, әр тіркес өзара байланыса отырып, өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
БӨЖ жұмысын орындау барысында М.Балақаев, К.Аханов, Н.Т.Сауранбаев, С.Исаев, Н.К Дмитриев сынды зерттеушілер мен профессорлардың еңбектерін қарап білдік. Тоқтала кететін болсақ, атаулық тіркестерлі ең алғаш күрделі сөз ретінде К.Аханов қарастырған. Ал қазақ тілі мамандарының арасында атаулық тіркес мәселесін Н.Т.Сауранбаев көтерген. Ал К.Аханов еңбектерінде атаулық тіркесті құрама сөз деп кездестіруге болады. Яғни, профессор өз еңбегінде атаулық тіркесті құрама сөз деп атайды.
Қысқаша есеп
Мен білемін сөз тіркесінің түрлерін, мағынасын.
Мен білгім келеді сөз тіркестерін жетік меңгергім келеді. Ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен еңбектерін одан әрі ізденгім келеді.
Мен білдім сөз тіркесінің жасалу жолдарын және артықашылығы мен кемшілігін, сондай-ақ ғалымдардың еңбектерінде берілген сөз тіркесінің анықтамалары мен зерттеу жұмыстарын.
БӨЖ тапсырмаларын орындау барысында тіркестердің түрлерін жетік меңгердік. Яғни, тұрақты тіркесті, түйдекті тіркесті, атаулықты тіркестің – сөз тіркесімен салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын кестеге түсірдік. Әрине, бізге тіркестердің өзара ұқсастығын табу қиынға түсті. Ал тіркестердің бір-бірімен айырмашылығын табу аса қиындық тудырмады.