Тұрақты сөз тіркесі



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі25,09 Kb.
#23447
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
2 тапсырма синт

Тұрақты тіркестер

Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

Тіркес екі түрлі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.

2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.

Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас — жуас, ит жанды — көнбіс, таяқ тастам — жақын, мұзға отырғызып кету — алдау, жұмған аузын ашпау — үндемеу, көзді ашып-жұмғанша — лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес — ойлан, бесіктен белі шықпай — ерте, қас пен көздің арасында — шапшаң мағыналарын білдіреді.

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.
Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.

Тұрақты тіркестер  : А, Ә, Б, Ғ, Д


Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес
Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды
Ажл оғы атылды – өлді, мерт болды
Ажары кірді – көріктенді
(Бұл пост кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған)
Азуы алты қарыс – қаһарлы
Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті
Айдар тақты – әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі –  асқақтап дәурен сүру
Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды
Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта
Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды
Айна қатесі жоқ  – дәл, тұп-тура
Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетті – түсінбеді
Айы оңынан туды – жолы болды
Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары қанды
Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу

Еркін тіркес - кемінде толық мағыналы екі сөздің байланысынан тұратын сөздердің тіркесі. Еркін сөз тіркесінің етістікті сөз тіркесі және есімді сөз тіркесі деп бөлінетін түрлерінің екеуі де Абай шығармаларында жиі кездесіп отырады. Еркін сөз тіркесіндегі сыңарлардың байланысу түрлері ретіндегі қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу мол ұшырасады. Абай шығармаларында, әсіресе, қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңарының толық мағыналы сөздердің тізбектелуі арқылы түйдектеле түсетіні білініп тұрады: қой мойынды, қоян жақ, теке мұрын, бөкен желіс. Себептік қатынастағы сөз тіркестеріңде шығыс септігіндегі сөздің орнына барыс септігіндегі сөздің қолданылатыны бар: сағынышқа сарғайма. Осындай себептік мағынаны білдіргенде көмектес септігі де жұмсалады: рахатпен әлсіреп. Әдетте мақсаттық мағынаны білдіру үшін Еркін тіркестегі бағыныңқы сыңар тұйық етістікке барыс септігінің жалғауын жалғайды, ал мұңдай қызмет атқаратын сөздер Абай шығармаларында болжалды келер шақ тұлғасына барыс жалғауын жалғау арқылы жасалады: мұңдасарға, сенісерге, үйренбекке. "Ойла" сөзі абстрактылы сезбен тіркесіп, бағыныңқы сыңары табыс септігінің жасырын түрінде келеді: пайда ойлама, ар туралы ойла деудің орнына. Абай өлеңдерінде де, көлемді поэзиялық шығармаларыңда да, прозасында да қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылатын Еркін тіркестердегі сөздердің байланысу түрлерінің толық сақталуымен бірге, сәл айырмашылықтардың болуы ұлы ақынның қолтаңбасын, ана тіліндегі сөздерді тіркестірудің мол мүмкіндігін білгірлікпен, саналы түрде пайдаланғандығын көрсетеді.



                                     

  • тілдерінде ертеден бар тіркес болса керек. Бері келе қырғыз, қазақ тілдерінде соңғы тіркес түсіріліп, оның орнына сонымен үндес еркін сөзі қосарлану нәтижесінде

Фразеологиялық тіркес - құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге

  • Атаулы тіркес тіл білімінде бір ғана мағына білдіріп, бір сөздің орнына жұмсалатын сөз тіркестерінің ғылыми атауы. Олар - бір жағынан еркін синтаксистік

  • жұмсалады: дошшан айтылуда осылай болса да, жазылуда дос жан болып еркін тіркес түрінде, Досжан болып кісі есімі ретінде қолданылады Омонимдердің синтаксистік

  • буыны шығыстағы немесе кірістегі буынына қатысты еркін қозғалуы мүмкін болатын муфта. Тіркес муфтасы - берілген жағдайда айналмалы буындарды ажырату

  • сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда, мұның соңғы екі мағынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологизм тұтастыққа жататындығын бірден танытады

  • тіркескен. Контаминация арқылы үшінші жаңа тіркес жасалады. Орыс тіліндегі играет значение деген тіркес играет роль және имеет значение деген тіркестерден

  • фразеологиялық тіркес адамның дегеніне жетті, жолы болды, сәті түсіп, ісі оңғарылды деген мағынаны білдіреді. Ауызекі тілде жиі колданылатын тіркес басқадай

  • енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың әрқайсысы сөздердің бір - бірімен тіркес жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы жағынан біртұтас, құрамы мен құрылымы

  • күрделі қимыл - әрекетін бейнелейді. Күрделі етістіктер алғашқы кезде еркін тіркес түрінде пайда болып, кейін үнемі тұтас күйінде жиі қолданылудың нәтижесінде

  • Фразеологиялық тізбек - еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалы мағынасы бүтіндей жойылмағанымен

Еркін сөз тіркесіндегі сыңарлардың байланысу түрлері ретіндегі қиысу (мен жазбаймын), матасу (наданның көңлі), меңгеру (кісілікті ойламай), қабысу (баяғы жартас), жанасу (ақыры өлең қылдым жасыдым да) мол ұшырасады. Абай шығармаларында, әсіресе, қабыса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңарының толық мағыналы сөздердің тізбектелуі арқылы түйдектеле түсетіні білініп тұрады: қой мойынды (ат), қоян жақ (ат), теке мұрын (ат), бөкен желіс (ат). Себептік қатынастағы сөз тіркестеріңде шығыс септігіндегі сөздің орнына барыс септігіндегі сөздің қолданылатыны бар: сағынышқа сарғайма. Осындай себептік мағынаны білдіргенде көмектес септігі де жұмсалады: рахатпен әлсіреп. Әдетте мақсаттық мағынаны білдіру үшін Еркін тіркестегі бағыныңқы сыңар тұйық етістікке барыс септігінің жалғауын жалғайды (мұңдасуға, сенісуге, үйренуге), ал мұңдай қызмет атқаратын сөздер Абай шығармаларында болжалды келер шақ тұлғасына барыс жалғауын жалғау арқылы жасалады: мұңдасарға, сенісерге, үйренбекке. «Ойла» сөзі абстрактылы сезбен тіркесіп, бағыныңқы сыңары табыс септігінің жасырын түрінде келеді: пайда ойлама, ар туралы ойла деудің орнына. Абай өлеңдерінде де, көлемді поэзиялық шығармаларыңда да, прозасында да қазіргі қазақ әдеби тілінде қолданылатын Еркін тіркестердегі сөздердің байланысу түрлерінің толық сақталуымен бірге, сәл айырмашылықтардың болуы ұлы ақынның қолтаңбасын, ана тіліндегі сөздерді тіркестірудің мол мүмкіндігін білгірлікпен, саналы түрде пайдаланғандығын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет