112
Хирургиялық емдеудің жедел жағдайында салыстырмалы кері көрсеткіш
деп неврологиялық белгілердің тез өршу кезін /бір сағат ішінде/ айтады.
Жұлынның кеуде және бел бөлігінің үлкеюі туралы сөз болса, толық
декомпрессия, детритті жуу, жұлынды мұқият тексеруге, "ат құйрығы"
түбіршіктерінің анатомиялық ақауларын тігу үшін жедел ламинэктомия
жүргізіледі.
Бұл хирургиялық жолдардың ерекшелігі - көлемділігі, әр омыртқа
кезеңіндегі радикальділігі. Операцияның ақырғы мақсаты - жұлын
тітіркендіргішімен қысып тұрған кедергіні аластату. Барлық жабысып тұрған
жерлерді аршу арқылы ликвор айналымын қалпына келтіру, интромедулярлы
сарысуды жарып, тазалап және жұлынды жұмылдыра жұмыс істету.
Зақымданудың ақырғы кезеңінде жұлынға және оның түбіршіктеріне
жасалған әр операция, мекингомиелорадикулизммен жалғасады. Оның өзі
жеке операция болу немесе конструктивті операцияларды толықтыруы
мүмкін
/сарысу
тармақтарын
ауыстырып
салу
/трансплантация/,
қабырғаралық жүйке пластикасы/.
Менингомиелорадикулизмнің жақсы нәтиже беруі, хирургтің жұлынды
тиянақты жұмылдыра кызмет етуіне, айналасының дәнекерлік жабысуынан
босатып, ми мен қатты қабыршақтардан және сүйек қаңқасының жабысуын
босатуына байланысты.
Бұл операцияда оптикалық үлкейту және микрохирургиялық
инструменттер қолдану нәтижені көп жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: