II ТАРАУ. ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Травматологиялық және ортопедиялық емдеу әдістері консервативтік
және оперативтік болып екі топқа бөлінеді.
КОНСЕРВАТИВТІК ӘДІС Травматология мен ортопедияда мынадай консервативтік әдістер
қолданылады:
Гипсті таңғыштар және басқа да қатайтқыш таңғыштар.
Әртүрлі тарту әдістері.
Аяқ-қолдың қисық жерін түзетіп этапты таңғыштар салу.
Аппараттар арқылы емдеу (ортопедиялық аппараттар, корсеттер,
протездер, ортопедиялық аяқ киімдер т.б.).
Физикалық емдеу әдісі (емдеу гимнастикасы, массаж, электрмен
емдеу, балшықтармен емдеу).