Травматология



Pdf көрінісі
бет225/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

ЖІКТЕЛУІ.  Синдактилияны  Г.Ф.  Балабендуттың  топтастыру  жүйесін 
қолданамыз. 
Бұл бойынша: 
1. Жеңіл формасы 
2. Күрделі қиын формасы 
Жеңіл формасы 3 топқа бөлінеді: 


217 
 
А) Терілік түрі 
Б) Көп қабатты түрі 
В) Сүйекті түрі 
3.  Саусақтардың  бір-бірімен  жабысу  дәрежесі  бойынша  алдында 
айтылған 3 топ төмендегідей болуы мүмкін: 
А) толығымен жабысу 
Б) толық жабыспауы  
Толық жабыспаудың 2 түрі болады: 
А) саусақтардың түп жақтары  
Б) саусақтардың ұш жақтары 
Күрделі қиын формасы 4 топтан тұрады: 
А) терілік 
Б) көп қабатты 
В) сүйекті 
Г) араласқан түрі 
 
157 сурет.  Синдактилияны оперативтік емдеу (торап түрінде):  
а) Дидо әдісі; б) Джаналидзе әдісі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Синдактилияны  емдеуде  көп  өріс  алған  әдістердің  бірі  -Дидоның әдісі. 
Бұл әдіс бойынша саусақтың іші мен сыртынан екі жарнамалы тік бұрышты 
кесінді  жасап,  жараны  алынған  кесінділермен  жабады.  Бұл  операцияның 
кемшілігі  кесінділерді  тіккенде  өзара  қатты  тартылғандықтан  оның 
шеттерінде  некроз  болады,  саусақ  араларының  қаптары  онша  терең 
болмайды. 
Операция жасау арқылы емдеу синдактилияның түріне, формасына, бір 
жақтылығы, екі жақтылығына, дәрежесіне байланысты болады. Операцияны 
балаға 5 жасқа дейін жасаса өте ұтымды болады. 
Егер де саусақтардың түп жақтары жабысқан болса, ол саусақтың өсуіне 
және  қызметіне  кедергі  болмайды.  Сондықтанда  операцияны  кейінге 
қалдыруға болады. 
Егер  де  саусақтардың  ұш  жақтары  жабысқан  болса,  саусақтардың 
әдеттегідей  өсіп  жетілуіне  кедергі  болады.  Сондықтанда  операцияны 
неғұрлым  ертерек  жасаса,  соғұрлым  саусақтардың  қалыпты  өсіп  жетілуіне 
мүмкіндік болады. 


218 
 
Операция  жасағанда  бір  мезгілде  барлық  саусақтарды  бір-бірінен 
ажыратуға  болмайды.  Сондықтанда  алдымен  1  және  5  саусақтарды,  екінші 
ретте 2 саусақты 3 саусақтан ажыратады. Егер де саусақтарды ажыратқанда 
жергілікті терісі жетіспесе басқа жерден тері алып жапсырады. 
Ю. Ю. Джаналидзенің  әдісі бойынша санның сыртқы жағынан әдейілеп 
теріден  жұқа  етіп  трансплантат  алады  да  оны  саусақ  кесілген  араларына 
сәйкес  етіп  пішіп  тігеді  (157-сурет).  Бұл  әдісті  қолданғанда  жараны  тіккен 
жиектерінде некроз болмайды  және саусақтардың арасындағы қаптар терең 
болады. 
Операцияның  нәтижесі  жақсы  болу  үшін  ыңғайлы  уақытының 
анықталғаны жөн болады. Кейінгі уақытқа дейін кейбір ғалымдардың айтуы 
бойынша  синдактилияға  операцияны  жас  балаға  жасауға  болмайды  деп 
келді. Себебі: жас балаға операция жасалса, кейіннен ауру қайта қозып, қол 
тыртық  болып  бітеді  деген  ұғым  бар.  Ю.Ю.Джанелидзе,  Эрлахер,  Мюллер 
операцияны тек үлкен адамдарға ғана жасау керек деп есептейді. 
Қазіргі  уақытта  бос  тері  пластикасының  дамуына  байланысты  бұл 
ұғыммен  келісуге  болмайды.  Себебі,  баланың  жасы  ұлғайған  сайын 
саусақтардың  жетіліп  өсуі  және  оныңқызмет  ету  қабілеті  нашарлайды.
Сондықтан  да  Г.И.  Турнер  атындағы  Санкт-Петербург  балалар  ортопедия 
институтының  тәжірибесі  бойынша  операцияны  бала  1-2  жасқа  толғанда 
жасаса  оның  нәтижесі  өте  жақсы  болады.  Синдактилия  саусақтың  үш 
жағында ғана болса операцияны тіпті бала бір-екі айға толғанда жасаған жөн 
болады.  Бұл  жаста  кесілген  саусақ  арасына  тері  пластикасын  жасамаса  да 
болады,  жара  өз  бетімен  жазылады  да  оның  өсуі  мен  қызметіне  кедергі 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет