223
Рентген суретінде нақты өзгерген мойын диафиздік бұрыш
көрінеді.Ортан жіліктің үлкен өскіні жоғары 4-5 см ауысқан.Ортан жіліктің
эпифизарлық өсу зонасы баланың жасына сәйкес келеді және жілік басы
ұршық ойығында болады.
Емдеуі:Тек операция арқылы өзгерген мойын диафиздік бұрышты
қалпына келтіру. Операцияны 5 пен 8 жастың арасында жасау керек. Кокса
вараны емдеу үшін операцияның нұсқалары ұсынылған. Соның ең
алғашқысының бірі – Паувелс операциясы. Бұл операцияның мәні-ортан
жіліктің үлкен өскіншегінің төменгі жағынан үшбұрышты сына тәрізді
сүйекті кесіп алады да, сүйек кесілген жерді сыммен немесе темір
пластинкамен жалғап, операциядан кейін аяқ пен жабас буынын кокситтік
гипспен 8 жұмаға дейін бекітеді.
Кочев операциясы бойынша үлкен ұршығының төменгі жағынан
«терезеше» етіп сүйекті кеседі де, аяғын сыртқа қарай бұрып гипспен
бекітеді. Кочев операциясына қосымша үлкен ұршықты Во-Лями әдісімен де
төмен түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: