Деформацияның өзгеруіне қарай Кобба сколиозды 4 сатыға бөледі 1-ші сатылы сколиоз омыртқаның бір жағына аздап ауытқуымен және
рентгенограммада торсияның бастапқы сатысының көрінісімен сипатталады.
Рентгенограммада өс өсіндісінің орталық сызықтан біраз ауытқып,
түбірлерінің біркелкілігінің жоғалғанын анықтауға болады. Қисаю бұрышы
бұл жағдайда 10°-қа дейін барады.
2-ші сатылы сколиоз омыртқаның фронтальді жазықтықтағы белгілі
ауытқуымен қоса, айқын көрінетін торсиямен, орын толтырғыш доғалардың
пайда болуымен сипатталады. Рентгенограммада қисаю ұшының деңгейінде
омыртқа денесінің өзгергенін көруге болады. Бастапқы қисаю доғасының
бұрышы бұл жағдайда 21-30°. Клиникалык тексеруде омыртқа торсия
салдарынан болған бұлшықеттің төмпектенуін және қабырға бүкірлігін
анықтауга болады (163 сурет).
163сурет. 2-3 дәрежелі сколиоз. а) артынан қарағанда
б) ауру рентгенограммасы
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.