244
Доғаның ауытқуына, қисаюына қарай сколиоз жай жәнекүрделі болып
бөлінеді. Егер майысу доғасы біреу болса жай, екі-үшеу болса-күрделі деп
аталады.
Сколиоз тобына жататын деформациялардың ішінде мешелдісколиоз
жиі кездеседі. Фридланд мәліметтері бойынша ол 50%-ын құрайды. Мешелді
сколиоздың дамуы омыртқа денесіндегі /бөлшек, қосымшалардың/
апофиздің толық әктенбеуі себебінен болады. Бұл жағдайда омыртқа
денесінің остеопорозына /сүйек тіндерінің сиреуі/ әкеліп соғады.
Ауыртпалық түскен сайын омыртқаның кеуде бөлігі мен бел лордозының
физиологиялық майысуы арта түседі. Мешел салдарынан болатын бұлшықет
әлсіздігі, баланы қолда дұрыс көтермегендік және қисық отыру омыртқа
денесінің бір жағының дамуына кедергі келтіреді, омыртқа торсықтанып
майысу ұшында оның денесі деформацияға ұшырайды. Омыртқаның сол
жаққа томпақ болып қисаюы көп кездеседі. Мешелдік сколиоз 2-3 жастағы
балалар арасында ұшырасады. Егер мешел белгілері бар болса диагнозды
дұрыс қоясыз. Инфекциялық аурулармен ауырғандықтан бұлшықет
байланыстырғыш аппараттары әлсізденген, бүкіл бұлшықеттері босаңсыған
үлкендеу жастағы балаларда, әрі қолайсыз жағдайда "дағдылы сколиоз"
дамиды. Оның мешелдік сколиоздан айырмасы қисықтың айқын емес және
бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Өзі әлсізденген бұлшықетке
түсетін қолайсыз жағдайларға мысалы, омыртқаға түсетін ауыртпалықтың
біркелкі еместігінде: партада немесе пианино жанында ұзақ отыру жатады.
Бұлшықеті әлсіз балаға денесін түзу ұстау қиынға түседі, оған бір жағына
қарай қисайып отыру оңай келеді ал бұл өз ретінде кеуде және бел
омыртқаларына ауыртпалықтың біркелкі түспеуіне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: