261
Лоренцтің әдісімсн ауру балаларды емдегенде тізе контрактурасынан
асқынулар болады: олар ортан жілікбасының асептикалық шіруі (Волков М.
В. бойынша 14% болады), ертелі не кейінде ортан жілікбасының қайыра
шығып кетуі, кәрі жілік пен шонданай жүйкелерінің (жүйкелердің /параличі/
1%), ортан жілікмойынының сынуы, ортан жілікмойынының варустік өзгеруі
болады. Буындарда контрактураның (қатайып қалуы) болу себептері ортан
жілікбасын жамбас шұқыршағына кіргізгеннен кейін ұзақ уақыт ішінде
буындарды гипспен бекітіп тастағанның салдары болып есептеледі. Гипсті
алып тастағаннан кейін массаж, ЕДШ, ванна арқылы буындардың
контрактурасын келтіру үшін ұзақ уақыт керек болатынын естен шығармау
керек. Ұзақ уақыт гипспен буынды қатайтып таңып тастағанның салдары да
ортан жілікбасының асептикалық шіруіне әкеп соғады. Ал ортан
жілікбасында асептикалық шіру болса, ол кейінде деформациялық артрозға,
ортан жілікмойынының, аяқтың қысқаруына әксп соғады. Жеделдетіп бір
мезгілде күшпен ортан жілік басын жамбас шұқыршағына кіргізгендіктің
салдарынан жүйкелердің парездері, салдануы және ортан жілікмойынының
сынуы ақиқат. Бұның өзі Лоренц әдісінің дөрекілігін білдіреді. Алдыңғыда
айтылған асқынулар егер аурудың жасы 2-2,5-нан асса тіпті жиі кездесуі
мүмкін. Сондықтан да көпшілік оқымыстылар кездесетін көптеген
асқынуларды азайту үшін әртүрлі әдістерді қолдануға мәжбүр болды. Олар
әдістердің түрін өзгертіп, гипстің орнына таңғыштар, басқа да аппараттар
қолданды.
Сондықтан 1958 жылы Сомервилл ортан жілікбасы іштен шығып туа
пайда болған аурулардың жасы 2 және одан үлкен болса, оны орнына түсіру
үшін үздіксіз тік тарту әдісін ұсынды (181 сурет).
Бұл әдісті қолдану үшін aypу баланы емханаға жатқызадыда, екі
аяғының екі жағына жабыспалы пластырь бекітіп аяқтарын тік жағдайда
тартып қояды. Осы қалыпта екі аяққа жабыстырылған пластырьдің ұшына
салмақты зат іліп қояды да біртіндеп аяқтарының арасын ашады. Бір айдан
кейін салмақты заттарды алады, себебі осы уақыт ішінде аяқ пен бөксе
бұлшықеттері тегіс босаңсиды. Бұлшықеттер босаңсығанда орнынан тайған
ортан жілікбастары наркозсыз жамбас шұқыршағына ешқандай күшсіз
кіргізіледі де гипспен қапталады. Кейінгі кезде гипстің орнына таңғыш
қалақтар мен аппараттар қолданылып жүр (Ганаусек аппараты, Крумин
аппараты, Баубинас аппараты).
181 сурет. Волковтың
функциональды әдісі
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
262
1961 жылы М. В. Волков функционалдық әдісті дамытты. Бұл әдістің ең
басты мақсаты ортан жілік басымен жамбасшұқыршағының бір-бірімен
өзара тиісіп ұзақ уақыт қозғалыссыз қалмай, бірер жұмадан кейін өзара
қозғалыста болуы. Әр уақытта өзара қозғалыста болған буын тезірек дамып,
өсіп жетіледі де аурудың жазылуы тездетіледі.
182 сурет. Волковтың функциональды әдісі
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж.
Бұл үшін Волков іштен тайқып шыққан ортан жілікбасын орнына
салғаннан кейін аурудың жамбас-сан буындарын гипспен Лоренцтің I
жағдайында бекітеді де, бір жұмадан кейін гипстің қарын мен бөксе
тұсындағы алдыңғы жағын алып тастап баланың күніне бірнеше мезгіл
отыруына мүмкіндік береді (182 сурет).
Бұл әдіс бойынша егер ортан жілік басы бір жағынан шыққан болса 4
айдай емделеді, ал екі жағы шықса 6 айға созылады. Сөйтіп Волков әдісімен
емдегенде емдеу уақыты 2 ден 3 айға дейін қысқартылады. Функционалдық
әдіспен емделген балаларда ешқашанда буын контрактуралары кездеспейді
және ортан жілікбасының асептикалық шіруі көптен-көп азаяды (3%-ке
дейін).
Жабық әдіспен ортан жілікбасын орнына салудан пайда болатын
асқынуларды көбінесе консервативтік әдіспен, ал кейбіреулерін операция
жасап емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: