Травматология



Pdf көрінісі
бет7/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
 
 
 
 



 
БІРІНШІ БӨЛІМ 
ТРАВМАТОЛОГИЯ МЕН ОРТОПЕДИЯНЫҢ 
ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ 
 
I ТАРАУ.   ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ 
НАҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Алдын-ала  айтатынымыз  жарақаттанған  адамды  не  ауруды  тексеру 
көлемі  негізінен  дәрігердің  мамандылығымен,  жарақат  алған  орнымен, 
уақытына тығыз байланысты болады. 
 
ЖАРАҚАТТАНҒАНДА БІРІНШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МӘЛІМЕТ АЛУ 
 
Бірінші  медициналық  мәлімет  алу  үшін  мына  жағдайлардыанықтау 
қажет: 

 
Аурудың  анамнезі:  Жарақаттанған  аурудың  өзінен,не  көрген 
адамдардан,  не  ауруды  алып  келген  адамнан  жарақаттанған  адамның  қай 
жерде,  қай  уақытта,  қандай  жағдайда  және  қандай  көлемде  медициналық 
көмек алғанын анықтау қажет. 

 
Жарақаттың  орналасқан  жері:  бас,  мойын,  кеуде,  іш,  аяқ,  жамбас 
көлемі, омыртқа жотасы. 

 
Анатомиялық бүлінген жерді көзбен көру: Қол мен аяқтың жұлынуы, 
жаншылу, жаралану, сыртқа қан ағу, көзге түсерлік аяқ пен қолдың пішінінің 
(формасының) өзгеруі. 

 
Сыртқы демалу қызметі: 
-  сыртқы  демалу  бұзылмағанда  біркелкі  минутына  30  рет  демалып 
кеудеде сырыл жоқ болғанда; 
-демалудың  жедел  жетіспеушілігі  ауру  тынымсызданып,  демалысы 
минутына  30-дан  асып  кетуі.  Аурудың  дем  алуына  мұрын  қанаттары 
қосылып,  мойын  қан  тамырлары  шодырайып  шығады.  Мойын  еттері 
қатаяды,  суық  тер  шығады,  өкпе  іскен  жағдайда  кеудеде  қатты  сырыл 
басталады; 
-дем алу тоқталғанда   кеуде мен  іштің дем алуғақатысуы тоқталады. 

 
Қан айналысының қызметі: 
-  қан айналысының қызметі бұзылмағанда қан тамырының соғысы мен 
қан қысымы өзгермейді; 
-  жарақатты  шок  (орны  толтырылған  не  толтырылмаған),  көлемді 
жедел қан кету, коллапс; 
-  жүрек қызметінің тоқтауы - жүректің соғысы мен үнііестілмейді. 
- санасы сақталғанда сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның барлығы; 
-  санасы  шатасқанда  сыртқы  тітіркендіргіштерге  реакцияның  дұрыс 
еместігі; 
-  санасының  жойылуы  -  сыртқы  тітіркендіргіштерге  реакцияның 
жоқтығы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет