77
Бұл жарақаттың мынадай белгілері болады: аурудың дем алысы терең
және біркелкі болмайды, ішке дем тартуы сатыланып тұрады, осы кезде
ауырғаны күшейе түседі. Мойынның қан тамырлары білеуленеді, өйткені көк
тамырдағы қан айналысы нашарлайды. Тыныс алғанда сол жарақаттанған
жақтағы кеуде қозғалысы төмендеп, сол жақ кеудесі үлкейіп кетеді,
қабырғаларының арасы сау жақпен салыстырғанда әжептеуір кеңейеді.
Саусақпен қағып көргенде бос дыбыс естіледі, жүрек сау жаққа қарай
жылжиды. Ауруды рентген жасап көргенде өкпенің қабысканын (жабысқанын),
оның толық жазылмағанын төс шандыры қозғалысының төмендегенін және
кеуде аралық қуысының сау жаққа қарай ығысқанын байқауға болады.
Бірінші көмек бергенде, әсіресе жедел көмек беру үшін аурудың 2-3
қабырғаларының арасынан, бұғананың орта тұсынан қысқа жуан ине
шаншып, кіргізіп кою керек, сонда іштегі ауа сыртқа өзі шығып тұрады.
Мұны сыртқы ашық пневмотораксқа айналдыру деп атайды.
Рентген жасап қарағанда өкпеқабының арасына қан құйылған болса,
онда біз оның көлденең деңгейін көреміз. Саусақпен қағып көргенде тұйық
дыбыс естиміз.
Достарыңызбен бөлісу: