Травматология



Pdf көрінісі
бет93/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
БҰҒАНАНЫҢ СЫНУЫ 
Осы  сүйектің  сынуы  барлық  адамдарда  кездеседі,  әсіресе  балалар  мен 
жасөспірімдердің  арасында  өте  жиі  болады.  Бұғана  сынуы  15-17% 
шамасында  кездеседі.  Бұғана  көбінесе  тікелей  ұрынғанда  немесе  иықпен 
жерге құлағанда болады. 
Бұғана сынуы үш түрге бөлінеді: сыртқы жақ үштен бір бөлігі, орта тұсы 
және  ішкі  үштен  бір  бөлігінің  тұсынан  сынуы  мүмкін.  Балалардың  сүйек 
құрамында  кальций,  фосфор  қоспаларының  аздығынан  көбінесе  жас  шыбық 
тәрізді  жарыла  сыну  өте  жиі  болады.  Ал,  ересек  адамдарда  тікелей  толық, 
көлденең  жарыла  толық  сынып  екіге  бөлінеді  және  кейде  тіпті  бөлшекке 
бөлініп кетуі мүмкін. 
Бұғана  сынығының  негізгі  белгілері.  Бұғананың  сынған  жері  ісіп, 
үлкейіп тұрады және жай сыртынан қарағанда сынған жері бірден көзге анық 
білінеді.  Сынған  жер  шодырайып  тері  астынан  томпайып  көрінеді.  Қолмен 
басқанда  сынықтың  бір  жақ  шеті  тері  астынан  бірден  анықталады.  Сынған 
жерден сүйектің сықырлағаны байқалады. 
Бұғана    үстіндегі  және  астындағы  шұқыршақтар  тегістеліп  кетеді. 
Сынған жақ иық бойы сау жақпен салыстырғанда едәуір қысқарып көрінеді. 
Сынған  жақ  иық  буынында  қозғалыс    жасау  өте  қиынға  соғады,  өйткені 
иықпен  қозғалыс  жасаймын  дегенде  сынған  бұғана  сынықтарының  ұштары 
айналасындағы  басқа  жұмсақ  еттерді  жыртып  ауырғаны      ұлғая    түседі.  
Сондықтан  бұғанасы  сынған  адам сол жақ иық сүйегін кеудесіне жапсыра 
сау  қолмен  қысып  ұстайды.  Басын,  мойынын  сол  сынған  жағына  қарай 
қисайтады.  Бұғана  сынығының  төс  сүйек  жағындағы  бөлігі  негізінен  артқа 
және жоғары қарай кетеді /жылжиды/, бұлай ығысуы мойынның тікелей сүр 
етінің  /төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің/ тартуыәсерінен болады. 
 
66 сурет. Бұғана сынуының айқын ығысу түрі 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


89 
 
Ал,  сыртқы  жақ  бөлігі  алға  және  төмен  қарай  жылжиды,  оның  себебі 
төстің  қалың  қара  еті  бұғананың  сыртқы  жақ  үштен  бір  бөлігіне  бекітіліп 
тұрады.  Сол  еттің  тартылу  әсерінен  сыртқы  бөлігі  төмен  және  алға  қарай 
қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет