Травматология


ПЕРКУССИЯ (ҚОЛМЕН ҚАҒЫП ТЕКСЕРУ)



Pdf көрінісі
бет11/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
ПЕРКУССИЯ (ҚОЛМЕН ҚАҒЫП ТЕКСЕРУ) 
Перкуссия  арқылы  табиғи  қуыстардың  күйін,  қал-жайын  ішкі 
құрылыстардың  шекарасын,  ауа  не  қан  жиналғанын,  тініштеріндегі 
гематоманы, сұйықтың не газдың жиылуын анықтайды. 
 
АУСКУЛЬТАЦИЯ (ТЫҢДАП ТЕКСЕРУ) 
Аускультациядемалужолдарын,  өкпенің,  жүректіңфункционалдық  қал-
жайын,  қан  тамырының  қысымын,  патологиялық  шуылды,  шектің 
перистальтикасын,  ал  кейбіржағдайда  сүйектің  сынығының  бар-жоғын 
анықтауда өте құнды әдіс. 
 
МЕТРЛІК ӨЛШЕУ 
Метрлік  өлшеу  үшін  эластикалық  өлшеу  лентасы  қолданылады.  Ол 
үшін  әр  сүйектің  бас  не  аяқ  жағындағы  шошақ(томпақ)  жерлерінің  арасын 
өлшейді. 
Метрлік  өлшеу  арқылы  аяқ  пен  қолдың  ұзындығын,  не  қысқалығын 
анықтайды,  тағы  да  аяқ  пен  қолдың  әр  жерінің  көлемінөлшейді.  Аяқ  пен 
қолдың  жалпы  не  жеке  сегменттерініңұзындығын  өлшеу  үшін  әр  сүйектің 
шошақ  өскіндері  бағдар  болады,  себебі  бұл  өскіндер  қолмен  басып 
ұстағандабелгілі болады, не көзге көрінеді. Ондай өскіндер мыналар: 
1.Қолдың ұзындығын өлшеу үшін жауырынның өскіні, шынтақ сүйектің 
өскіні, біз тәрізді өскіні (3-сурет). 
 
 
3-сурет. Аяқ-қолдардың ұзындығын өлшеу: а –аяқтың салыстырмалы 
ұзындығын анықтау; б –ортан жіліктің анатомиялық ұзындығын өлшеу;  
в - балтырдың анатомиялық ұзындығын өлшеу; г –қол сүйектерінің 
салыстырмалы ұзындығын анықтау; д - тоқпан жіліктің анатомиялық 
ұзындығын өлшеу; е - білектің анатомиялық ұзындығын өлшеу; 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


11 
 
Аяқтың  ұзындығын  өлшеу  үшін  мықын  сүйектің  жоғарғы  жағының 
үстіңгі  қырын,  ортан  жіліктің  үлкен  төмпешігін,  ортан  жіліктің  айдаршағы, 
үлкен жіліктің тобықшаларын пайдаланады (4-сурет). 
Аяқ,  қолдың  үзындықтарын  өлшеу  арқылы  клиникалық өте маңызды 
құбылыстарды байқауға болады: 
1.  Біршама  сүйектің  дислокациялық  қысқару  және  сүйек  сынғанда 
қысқарудағы  себебі  буындардың  бір-бірімен  қатысының  айрылуынан 
болады.  Ондай  жағдай  травмалық  буын  шығуындане  патологиялық  буын 
шығуда болады. 
2. Нағыз немесе анатомиялық қысқару - аяқ пен қолдың әр бөлігін жеке 
өлшегенде анықталады. 
3.  Аяқ  пен  қолдың  қысқа  болып  көрінуі  -  бір  не  екі  буынның 
бүгілгенінен  көрінетін  қысқалық.  Бұл  жағдайда  әр  бөлікті  өз  алдына 
өлшегенде қысқалық білінбейді. 
4.  Функционалдық  қысқару  -  екі  және  одан  да  көп  қысқарудың 
қосыңдысы.  Функционалдық  қысқалықты  тексеру  үшін  ауруды  екі  аяғына 
тұрғызып  қысқааяқтың  астына  қосымша  заттар  қойып  мықын  сүйектің 
жоғарғы  жағының  үстіңгі  қырларын  бірдей  қылу  керек.  Сонда  аяқ  астына 
салынған  заттың  қалыңдық  биіктігін  өлшеу  арқылы  функционалдық 
қысқаруды табамыз.  
 
4-сурет. Буындардың қозғалыс көлемін анықтау:  а –тоқпан жілікті көлденең 
деңгейде көтеру; б –иық буынын алдыға қарай бүгу; в –шынтақ буынын 
бүгу; г –білезік буынын бүгіп жазу; д –алақанды көлденең сыртқа қарай 
қайыру, көлденең ішке қарай қайыру; е –ортан жілікті сыртқа қарай 
көлденең деңгейде қайыру; ж –жамбас сан буынын және тізе буынын бүгу 
және жазу; з –толарсақ буынын үстіне қарай иіу және табан  
астына қарай иіу;Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет