ОМЫРТҚА ЗАҚЫМДАРЫНЫҢ АСҚЫНҒАН ТҮРІ Жабық омыртқа зақымында – жұлынның және "ат құйрығы"
түбіршіктерінің әр түрлі зақымдануын байқауға болады, микроскоппен ғана
көрінетін өзгерістерден бастап, соғылуына дейін, жаншылуы анатомиялық
үзілістер болуы мүмкін. Бұл жағдайда ми ісініп дуральды канал қуысын
толтырады. Ғылыми-зерттеу институтының нейрохирургі ленинградтық
Поленов ұсынған классификацияға сәйкес, жұлын зақымына кайтатын,
қайтпайтын жұлын өзгерістеріне және "ат құйрығы" түбіршіктеріне
байланысты арқа мизақымы үш топка бөлінеді.
Бірінші топқа жұлын мен "ат құйрығы" түбіршектерінің кайтымды
функционалды өзгерістері, арқа қан айналымының ангионевроздық
өзгерістері мен патоморфологиялық түрде өтетін жұлынның шайкалуы
жатады.
Екінші топқа жұлын мен "ат құйрығы" түбіршектерінің қайтымды
және қайтымсыз өзгерістері (жұлынның соғылуынемесе компрессиясы)
жатады.
Үшінші топ анатомиялық үзілістер мен жұлынның көлденең үзілуінен
болады. Гематомиелия зақымдалумен сипатталатын қайтымды өзгерістер.
Зақымдану
ауыршылығы
қайтымсыз
морфологиялық
өзгерістердің
басымдылығына, ал оның қызметінің бұрынғы қалпына келуі оның
қайтымды
функционалдық
өзгерістерінің
тегістелуіне
байланысты.
Организмде жұлын зақымының әсерінен болатын күрделі комплексті
Смирнов жұлынның зақымдалу ауруы деп атады.
И. Я. Раздольский бұл аурудың төрт кезеңін көрсетті:
1. 2-3 күндік кезең. Клиникалық көрінісі әртүрлі, ретсіз, ол жұлын
зақымдануының әртүрлі кезеңінде байқалып спинальді шоктың дамуына
әкеліп соғады.
2. Ерте кезең. Келесі 2-3 апта жалғасады. Неврология жағынан ол
көбінесе жұлынның функциональді толық үзіліс синдромы ретінде белгілі.
Бұл синдром патогенезінде қан, лимфа және ликвороайналу, сондай-ақ
жұлынның сұр затындағы микроқұрамдардың өзгерістері жатыр.
3. 3-4 айға дейін созылатын аралық кезең. Бастапқы фазасында
спинальді шок құбылысы жоғалады және зақымданған аймақ тыртықтанады,
сондай-ақ зақымданудың түрі айқындала бастайды. Бұл кезеңде жұлынның
сары суы өршіп клиникалық морфология синдромының бастапқы сатысы
басталады.