Омыртқаның дегенративті дестркукциялық аурулары Қазіргі кезде омыртқаның дегенеративті деструкцияларын мынадай
түрлерге бөледі: остеохондроз, спондилез, спондилоартроз. Остеохонроз
деген пульпоздық ядроның бірінші реттік өзгерістерін айтады.
Спондилез- ол фиброздық сақинадағы және алдыңғы ұзын байламдағы
патологиялық өзгеріс.
Спондилоартроз- ол көбінесе омыртқаның статикалық бұзылысынан
остеохондрез омыртқа қисаюынан және омыртқааралық буындардың жеке
дара сырқаты.
Емханада әрбір үшінші сырқат омыртқаның ауыратынына щағым
жасайды.Сондықтан осы өзгерістерді оқу, білу әрбір дәрігерге керекті
жағдай, сондықтан ол өте үлкен маңыз алады.
Остеохондроз – омыртқаның дегенеративті зақымдалуының өте ауыр
түрі, оның негізінде дискінің дегенеративті өзгерісі болып сонымен қоса осы
өзгеріске басқа да жалғасып жатқан омыртқа(денелері де ұшырайды).
Оларды омыртқа аралық буындары және байламдары қоса ұшырайды.
Барлық қаралған аурулардың 70 % - осы остеохондроздың әртүрлі
түрлерімен ауратындар, олардың ішінде 10% -мүгедектікке ұшырайды.
Бұл ауру – полиэтиологиялық сырқат, оның негізгі себептері:
- Жарақат (омыртқа сынулары мен байламдар жыртылуы)
- Микротравмалар(омыртқа шайқалуы, бірқалыпты қозғалыс, ұзақ уақыт
қолайсыз қалыпта болу т.б)