ОМЫРТҚА ОСТЕОХОНДРОЗЫ
ОСТЕОХОНДРОЗ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Остеохондроз - омыртқа жүйесінің аса жиі кездесетін аурулық
/патологиялық/ өзгерістерінің бірі. "Остеохондроз' деген терминді тұңғыш
рет 1933 жылы неміс ғалымы Хильдебрант омыртқааралық дискілердің
кеберсіп тозуын бір сөзбен анықтау үшін ұсынған еді.
Омыртқа мен омырткааралык дискілердің зақымдануынанықтау үшін
басқа да терминдер қолданылып жүр /мысалы, дискоз, дискартроз -
омырткааралық дискілердіңзақымдануы/. Дегенмен дәрігерлер арасында да,
халық арасында да ең кең тараған термин - "остеохондроз". Бұл ауру кезінде
омыртқа аралық дискілер кұрайтын шеміршектер мен омыртқа сүйегі
патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Сүйекті латынша "оетеон", ал
шеміршекті "хондрос" деп атайды. Сондықтан да омыртқа желісінің әр
тұсында кездесетін науқастың бұл түрін омыртқа остеохондрозы дейді.
Омыртқа
остеохондрозының
пайда
бола
бастаған
кезінде
омыртқааралық дискілер кеберсіп сола бастайды да, бірте-бірте олардың
құрылысы өзгереді, сөйтіп бұл процестер асқына келе омыртқалардың
сыртын және оларды жалғастыратын буындар мен түйіндерді зақымдайды.
Остеохондрозбен көптен бері шүғылданып келе жатқан ғалымдардың
бірі Г.С. Юмашевтің пікірі бойынша омыртка желісінің кеберсіп тозуы екі
түрлі болады: біріншісі спондилез - омыртқа желісінің табиғи өзгеруі;
екіншісі - остеохондроз омыртқааралық дискінің кеберсіп тозуымен қатар
оның құрылымының бұзылуы. Остеохондрозбен зақымдануәуелі былқылдак
ядродан басталады да омыртқааралық дискінің басқа да элементтеріне
таpaтады.
Омыртқа остеохондрозы салдарынан шеміршектердің солып тозуымен
катар олардың шіруі де мүмкін. Науқас асқына бастаған кезде шеміршектер
мен іргелес омыртқалардың сүйектері де тозып, құрылысы өзгереді. Осы
аталған өзгерістердің әсерінен омыртқа сүйектерінің шет жағында қосымша
өсіктер пайда болады. Бұл өзгерістерді дәрігерлер остеофиттер /сүйектердің
өсуі/ деп аталады.
Адамның жасы ұлғайған сайын омыртқааралык дискілер әлсіреп, әуелгі
қалпынан өзгеріп, жалпая бастайды. Тіпті дискілерде жарықшақтар пайда
болады. Сөйтіп солар арқылы былқылдақ ядро кей жағдайда сыртқа шығып
кетеді. Салмақ көп түсетін бел омыртқа сырқатқа көбірек шалдығады да, ол
кеселді өзгерістерге ұшырайды. Mіне, остеохондроз дегеніміз осы.
Остеохондроз - омырткааралық дискінің зақымдануы, соның салдарынан
бірімен-бірі жалғасқан омыртқа сүйектерінің өзгеріске ұшырауы.
Остеохондрозға душар болған кезде тек омыртқааралық дискілер ғана емес,
омыртқаның өзінде де өзгерістер пайда болады. Мұны медицина тілінде
реактивті өзгерістер дейді. Омыртқаның жалғаскан екі басында өсетін
сүйекті "тұз тұнбасы" деп те атайды. "Тұз тұнбасының" әсерінен жалғасып
114
жатқан омыртқалардың қозғалысы бәсеңдейді.
Еңбек үстінде денеге көп күш түсіретін кәсіптер әлі аз емес. Ал қандай
дене еңбегі болса да белгілі бір дәрежеде омыртқаға ауыртпалық түсіреді.
Сырқаттың пайда болуының тағы бір себебі ретінде ауа райының
қолайсыздығын, шамадан тыс ылғалдылықты, суықты айтуға болады.
Адам белгілі бір қалыпта ұзақ тұратын болса, мысалы ұзақ уақыт
еңкейіп немесе мойын бұрып отыратын болса, омыртқа арасындағы
дискілерге зиянын тигізеді. Қолды созып, еңкейіп отыру әріп терушілерге,
машинка басушыларға, тігіншілерге тән болса, сауда қызметкерлері,
шаштараздар, хирургтер үнемі түрегеп жүріп жұмыс істейді.
Бір қалыпты діріл жағдайында жұмыс істеу, қайта-қайта денені
еңкейтіп-шалқайтып еңбек ету (ара тартушылар жер қазушылар, кір жуу)
остеохондрозға соқтыратынжағдайлар.
Ауыл шаруашылығында әсіресе, егін даласында еңбек ететін адамдар
кейбір жұмыстарды атқарғанда көбіне еңкейіп жүреді, денелерін бір қалыпты
жағдайда ұстап, мойындарын, бүкіл омыртқа желісін қозғауға мәжбүр
болады. Осындай жұмыс процесінде олар әр түрлі салмақтағы заттарды
(жәшіктер,
кәрзеңкелер,
бидондар,
т.б.)
көтереді.
Тракторшылар,
комбайншылар, т.б. агрегаттарда жұмыс атқаратындар әр түрлі қолайсыз
қозғалыстарға (селкілдеу, шайқалу) душар болатындығы көпшілікке мәлім.
Денені тік ұстап жүрмеу де, жүк көтерудің әдісін білмеу деомыртқаға зиянын
тигізеді. Ең дұрысы - еңкеймей тік жүру. Сонда дененің барлық салмағы
жамбасқа түседі. Сөйтіп омыртқааралық дискілер бірқалыпты тозады,
формасын өзгертпейді. Адам алдына ұстаған жүкті тізесін бүкпей еңкейіп
көтерген жағдайда остеохондрозға жиі ұшырататынын дәрігерлік
тәжірибемізден көріп жүрміз. Сонымен бірге салмақ көп түссе, ауруға да
соғұрлым себеп көп болады.
Гимнастикамен айналыспайтын, көбінесе отырып жұмыс істейтін
адамдардың бұлшықеттері әлсіз болады. Содан барып, тіпті аз салмақтың өзі
де олардың омыртқаларына тікелей әсер етеді.
Кейде спорт ойындарында жаттыққанда және жарыс кездерінде
тәртіптен ауытқу – остеохондрозбен ауруға себепкер болады. Оқыс секіру,
жұлқи көтеру, тез қозғалғанда қамсыз болу - осы сырқаттың тууына жағдай
жасайды.
Елу жас шамасындағы адамдардың омыртқаларындағы былқылдақ
ядроның қасиеті бәсеңсіп, омыртқааралық дискі қатая бастайды. Ал,
остеохондрозға ұшыраған кезде былқылдақ ядро жылдам әлсірейді. Сөйтіп,
шағын ауыртпалықтың өзінен-ақ талшықты сақинада жарықшақтар пайда
болып, дискінің бетіне жарақат түсуі мүмкін. Бір дискідегі өзгеріс одан әрі
өршіп, келесі омыртқаларға тарала береді.
Остеохондроздың басты белгісі - омыртқааралық дискінің бетіндегі
шеміршектің бірте-бірте іріп, жансыздануы. Осылайша, дегенеративті және
деструктивті өзгерістерге басқа омыртқалардың сүйектері де ұшырайды.
Үнемі қажалып, тітіркенетін кеміктің айналасына сүйек өсе бастайды.
Омыртқалар біріне-бірі өте тығыз жақындасады.
115
Омыртқааралық дискінің зақымданып, өзгеріске ұшырауын ғалымдар
остеохондроздың асқынуымен байланыстыраотырып, оны төрт кезеңге
бөледі. Бірінші кезең – дискініңөз ішіндегі сұйық заттың орын ауыстыруы.
Екінші кезең омыртқаның орнынан қозғалуы және зақымдануы. Үшінші
кезең - дискінің бөлініп, әр жерден бұжырланып бітуі. Еңсоңында дискінің
өзгерістері омыртқаның кемік сүйектеріне ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |