116
КЕУДЕ ОМЫРТҚА ОСТЕОХОНДРОЗЫНЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ
БЕЛГІЛЕРІ
Кеуде омыртқалары остеохондрозға шалдыққан жағдайда остеофиттер
(өсіктер) көбіне омыртқаның екі жағы мен алдына таман пайда болалы.
Омыртқааралык дискілердің кеуде тұсында болатын остеохондроздың
белгілері көбінесе төменгі омыртқаларда жиі кездеседі. Мысалы, бірінші-
бесінші арқа омыртқаларында остеохондрозға байланысты өзгерістер өте
сирек кездесетін болса, алтыншы-сегізінші арқа омыртқаларында жиірек, ал
тоғызыншы арқа омыртқасынан төмен қарай, әсіресе он бірінші арқа
омыртқасында мұндай өзгерістер жиі кездеседі.
Кеуде радикулиті кезінде екі жауырынның арасыayырады, кеудеге
құрсау салып тастағандай сезіледі. Денеге ауыр күш түскенде немесе адам
белгілі бір қалыпта ұзақ жатып қалған жағдайда ауыруы қатты білінеді.
Сондықтан, сырқат адам ара-тұра қозғалып, денесінің калпын өзгертуге
мәжбүр болады. Көбінесе жауырын асты, жауырыннын ортасы күйіп бара
жаткандай ашып, сыздап немесе солқылдап ауырады.
Әсіресе түн ортасы кезінде сырқат адам кеудесін темір құрсаумен
қысып тастағандай сезінеді. Аунайтын болса, едәуір ауырсынады.
Сыртынан қарағанда омыртқа желісі арқаның орта тұсына келгенде
солға қарай қисайыңқырағаны байқалады. Қозғалған кезде арқасы ауырады.
Арқаның ұзын бұлшықеті ширыққан. Омыртқа желісінің артқы қырын
құрастыратын омыртқа тарамдарын саусақпен ептеп соққан кезде 11-12 арқа
омыртқаларының тұсында пайда болатын ауру жотадан жүрекке қарай
тарайды да, жүректің соғуы жиілейді.
Кеуде омыртқаларын рентген арқылы тексерген кезде омыртқа
желісінің арқа тұсының солға қарай кисайғандығы, алтыншы-тоғызыншы
арқа омыртқаларының қалыпты жағдайдан едәуір кішірейгендігі, олардың
тұрқының
аласарғандығы
және
омыртқааралық
саңылаулардың
тарылғандығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: