117
Сонымен бел-сегізкөз радикулиті - ең көп тараған сырқаттардың бірі.
Оның радикулит деген атымен коса "ишиас" немесе "люмбаго" деген аттары
да бар. Қазақтароны "құяң" деп те атайды.
Радикулит деп жұлынның омыртқа арасы арқылы сыртқа шығатын
түбіршелерінін зақымдануын айтамыз. Ауруұстағанда ептеп сыздаудан
басталып, шыдатпай кеміруге дейін ұласатынын сырқат адамдар жақсы
біледі. Ауру жаңа басталған кезде белден немесе жамбастың жоғарғы
жағынан білінетіні бар. Ал, радикулит қатты ұстаса, белді сырқыратып,
бүкіл арқаны, аяқты, екі жамбасты ауыртатыны көпке аян. Көбінесе екі аяқ
бірдей қақсайды. Оның үстіне жатқанда ауырмайды, омыртқаға күш түссе,
адам жөтелсе немесе түшкірсе ауыру белден басталып аяққа беріледі.
Мұндайда еңкею-шалқаю, кереуеттен түсу, жатқанда екі аяқты көтеру аса
қиындық келтіреді.
Мәселен, дені сау ересек адамның бел омыртқасы қаншалықты қозғалса
да ауырмайды, ал беліне түсетін дене салмағы омыртқаларына біркелкі
тарайды. Радикулит қатты ұстаған кезде ауырған адам бүкшиіп жүреді де,
кейде омыртқа желісінің бел тұсы қисайып сіресіп қалуы мүмкін. Егерде
отырған сырқат адам тұруға ыңғайланса, белі ауырғандықтан бойын жаза
алмайды, ал түрегеліп тұрса, еңкейе алмайды.
Емделмей жатып қалған жағдайда жамбас пен балтырдың бұлшықеттері
босап, сола бастайды. Екі аяқтың басы көгергендей болады, суиды, тіпті тоңа
береді. Аяқтың терісі қабыршақтанады, белмен бірге сегізкөздің қоса
сырқырайтын жағдайы жиі кездеседі. Сондықтан, дәрігерлер радикулиттің
бұл түрін бел-сегізкөз радикулиті деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: