Клиникасы: шынтақ буыны маңы сыртқы пішіні өзгереді, көлемі
үлкейеді, жазылып сынғанда білектің ұзындығы қысқарады. Ал бүгіліп
сынғанда білек сау жақпен салыстырғанда білек ұзындау көрінеді. Жазылып
сынғанда шынтақ буынының алдыңғы жағында орталық сынық бөлігінің
ұшы шығыңқы тұрады, жиегін басқанда сәл ойық байқалады. Буында ерікті
қозғалыс болмайды. Шынтағы 150-160С қалыпта сәл бүгулі тұрады.
Алақаны, білегі ішке астына қарай бұралып тұрады. Оның себебі білекті
ішке қарай айналдыратын бұлшықет (m.pronator teres) бұрады. Гюнтер
үшбұрышының тең қабырғалары бұзылады. Ол үшбұрыш екі айдаршықпен
шынтақ өсіндісін қосқанда пайда болады. Маркс сызығы екі айдаршық
арасынан өтпейді.
Бүгіліп сынғанда да алақанмен білек астына қарап тұрады.Ортаңғы
бөлігі артқы жағынан шығыңқы тұрады, сәл төмен басқанда ойық
байқалады. Білектің ұзындығы қысқарады, қалған клиникалық көрініс
жоғарыда көрсетілген.