Потто, Десто сынықтары Бұл сынықтар Дюпюитреннің алғандағы жағдаймен қоса жүреді. Мұнда
табан сыртқа не ішке қарай бұралып барып құлаған кезде табанның алды бір
затқа тіреліп, үстіне қарай шектен тыс қайырылған жағдайда қызыл асықпен
балтыр сүйектері арасын жалғап буынқап керіліп, тартылып асықты жіліктің
төменгі артқы жиегін жұлып әкетеді. Осы кезде қызыл асық артқа қарай
шығып кетеді. Бұл Десто сынығы деп аталады. Рентгенде айқын көрінеді.
Потто сынығында жоғарыдағыдай бұралып барып құлағанда табанның
алдыңғы жағы, табан үсті бір затқа тірелген жағдайда толарсақ буын астына
қарай шектен тыс қайырылады. Осы кезде буынқап тартылып, созылып
асықты жіліктің алдыңғы төменгі жақ жиегін жұлып әкетеді. Сөйтіп қызыл
асық алдына қарай шығып кетеді. Рентген жасағанда айқын көрінеді.
Тасымалдауы: Крамер шинасы.