ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУҒА КӨРСЕТКІШТЕР Сүйек сынғанда операция мына төменгі жағдайларда жасалуға тиісті:
1. Сынған сүйектің ортасында бұлшықет немесе жүйке тамыры, қан
тамыры ілініп қалса.
2. Сүйек үзіліп сынғанда және бір-бірінен қашықтыгы 1,5-2 см. алшақ
тұрса (шынтақ өсіндегі, тізе ұршығы).
3.Сынған сүйектің бір жақ ұшы теріні тесіп шығу қаупі туса.
4. Сынған сүйекті орнына салғаннан кейін толығымен сүйек сынықтары
өскенше ұстап тұруға мүмкіншілік болмаса.
5. Сынық уақытында емделмей, сүйек сынықтары дұрыс бітпегенде
және жалған буын болғанда.
6. Кәрі адамдардың ортан жілігі мойнынан сынғанда.
7. Сүйек жаңқаланып сынып жаңқа сүйектің өстік бойына көлденең
тұрса