Травматология



Pdf көрінісі
бет295/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
 
Үшінші бөлім бойынша тест сұрақтары 
 
1. Өніп-өсіп келе жатқан ұрық қай кезеңде бүлдіргіш агенттерге өте сезімтал 
келеді? 
А. 3-айлық кезеңде. 
В. 5-айлық кезеңде 
С. 7-айлық кезеңде 
D.Имплантациялық кезеңде 
Е. 9-айлық кезеңде 
 
2. Туа болған ампутацияның қандай түрлері болады? 
А. Полимелия 
В. Синдактилия 
С. Кальве түрі 
D. Эктромелия 
Е. Гемимелия 
 
3 .  Қағанақтық (амниотикалық) буыншаққа неше жасында операция жасау 
өте тиімді? 
А. Баланың  2 - жасында 
В. Баланың  3 - жасында 
С. Баланың  5 - жасында 
D. Бір жасқа толар-толмас уақытта 
Е. 7 – жасында 


275 
 
4. Саусақтардың үш жағынан жабысып тууы қандай жерлерінде кездеседі? 
А. Орталық бөлігінде 
В. Негізгі бөлігінде 
С. Саусақтың барлық ұзына бойында 
D. Тырнақ өсер бөлігінде 
Е. Еш бөлігінде жабыспайды 
 
5. Көпшілік жағдайда қандай саусақтар арасы бөлінбей туады? 
А. Бірінші-екінші саусақтар 
В. Төртінші-бесінші саусақтар 
С. Бірінші-үшінші саусақтар 
D.Екінші-үшінші саусақтар 
Е. Үшінші-төртінші саусақтар 
 
6. Синдактилияда бала саусақтарында операцияны қазіргі заманда неше 
жасында жасаған жөн. 
А. 4 - жасында 
В. 6 - жасында 
С. 3 - жасында 
D.1-2 жасқа толғанда 
Е. 7-8 – жасында 
 
7. Ортан жілік басының остеохондропатиясы неше сатыға бөлінеді. 
А. Екі сатыға бөлінеді 
В. Бес сатыға бөлінеді 
С. Үш сатыға 
D.Бір сатыға 
Е. Төрт сатыға 
 
8. Пертес ауруында қандай операция жасау тиімді? 
А. Кочев операциясы 
В. Макажанов операциясы 
С. Богдановоперациясы 
D.Хахутовоперациясы 
Е. Мак-Марезоперациясы 
 
9. Келлердің бірінші ауруында табанның қай сүйегі зақымдалады? 
А. Табанның бірінші сүйегі 
В. Ладье тәрізді сүйегі  
С. Кубтәрізді сүйегі 
D.Табанның бесінші сүйегі  
Е. Сына тәрізді сүйектер 
 


276 
 
10.  Туа  болған  жалған  буынды  емдеуде  қандай  операция  түрін  қолдану 
тиімді. 
А. Кодивилла операциясы 
В. Джаналидзе операциясы  
С. Макажановоперациясы 
D.Чаклиноперациясы  
Е. Гана операциясы 
 
11.  Тізе  тобығының  туа  біткен  таюы  клиникалық  ағымы  бойынша  неше 
түрге бөлінеді. 
А. Екі түрге 
В. Төрттүрге  
С. Үштүрге 
D.Бестүрге  
Е. Алтытүрге 
 
12. Ойық төс неше дәрежеге бөлінеді. 
А. Екі дәрежеге 
В. Төртдәрежеге 
С. Үшдәрежеге 
D.Бесдәрежеге  
Е. Алтыдәрежеге 
 
13. Остеохондроз ауруында омыртқаның қай жері өзгеріске ұшырайды. 
А. Омыртқаның денесі 
В. Омыртқаның қылқан өсіндісі 
С. Омыртқаның алдыңғы төменгі жиегі 
D.Омыртқаның пульпоздық ядросы 
Е. Омыртқаның дискісі 
 
14. Спондилез дегеніміз не? 
А. Омыртқаның денесінің шіруі 
В. Көлденең өсіндісінің некрозы 
С. Қылқан аралық байламының өзгерісі 
D.Қылқын өсіндісінің патологиялық өзгерісі 
Е. Фиброзды сақина мен алдыңғы ұзын байламының патологиялық 
өзгерісі 
 
15.  Жамбас-сан  буынының  дисплазиясында  алғашқы  айлығында  қандай 
белгі тән. 
А. Тренделенбург 
В. Габбай белгісі 
С. Сытырлау белгісі 
D. Байков белгісі 
Е. Лазинский белгісі 


277 
 
16. Рентгенде Омбредена сызығы жамбас-сан буынының қандай өзгерісін 
көрсетеді. 
А. Ортан жілік басының жоғары қарай жылжығанын 
В. Шұқыр жиегінің қиғаштығын 
С. Өсіндікше сүйектің пайда болғанын 
D. Ортан жілік басының шұқыр ортасынан сыртқа қарай 
алшақтағанын 
Е. Ортан жілік басының шұқырдан жоғары тұрғанын 
 
17. Омыртқа қисаюы неше дәрежеге бөлінеді. 
А. Бір дәрежеге 
В. Үш дәрежеге 
С. Екі дәрежеге 
D.Бес дәрежеге 
Е. Төртдәрежеге 
 
18. Шпренгель ауруы - ол қандай өзгеріс? 
А. Омытқа қисаюы 
В. Жауырынның біреуінің жоғары тұруы 
С. Қисық мойын 
D. Бел иілісінің ұлғаюы 
Е. Кеуде еңкіштігінің ұлғаюы 
 
19. Туа болған еттік қисық мойынға операцияны неше жасында жасаған 
пайдалы. 
А. Бір жасында 
В. Екі жасында 
С. Сегіз жасында 
D.Он жасында 
Е. 3-4 – жасында 
 
20. Туа болған маймақ аяққа авторы бойынша кімнің операциясын жасайды. 
А. Мақажановтың операциясы 
В. Бойчев операциясы 
С. Зацепин операциясы 
D. Штурм операциясы 
Е. Богданов операциясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет