Травматология



Pdf көрінісі
бет96/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
ЖАУЫРЫН СҮЙЕГІНІҢ СЫНУЫ 
Жауырын  сүйегінің  сынуы  өте  сирек,  небәрі  5%  көлемінде  кездеседі. 
Жауырынның сирек сынуы негізінен оның сырты қалың жауырын еттерімен 
қоршалып  тұруына  байланысты.  Жауырын  сүйегі  тек  жауырынмен  тікелей 
қатты нәрсеге (темірге, тасқа) соғылғанда және жауырынның иық буынымен 
қосылған  тұсының  үстінен  ауыр  нәрсемен  тікелей  ұрғанда,  ұрылғанда 
болады.  
Жауырынның сынуы мынадай түрлерге бөлінеді:  
-  Жауырынның қалақша басы немесе денесі деп атайтын жерінің сынуы; 
-  Жауырынның  үстіңгі  сыртқы  шеті,  төменгі  шеті,  етегі,  ішкі  жақ 
бөлігінің сынуы;  
-  Жауырынның қыр сүйек жерінің сынуы.  
- Жауырынның құс тұмсық (клювовидный) өскіншегі, жауырын басының 
өскіншегі (акроминальный), жауырын мойнының сынуы (68 сурет). 
Жауырынның  қалақшасы  немесе  етектері  сынғанда  оның  клиникалық 
белгілерін табу өтс қиын. Сынған жердің түсы ісініп көгеріп, ксйде қанталап 
түрады,  басып  көргснде  сол  жср  өте  қатты  ауырады.  Жарақаттанған  жақ 
қолды ауруадам қозғай алмайды, ал сынықшы қозғалтқанда сол иығы қатты 
ауырады. 
 


92 
 
 
69 сурет. Жауырын сүйегінің сынуы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Дәрігер  өзінің  бір  қолымен  жауырынның  төменгі  етегінен  алақанның 
шетімен  басып  екінші  қолмен  жауырынның  үстінен  төмен  қарай  басып 
қарағанда  ауру  сол  жарақаттанған  жағының  өте  қатты  ауырып  кеткенін 
айтады.  Сүйек  сықыры  көбінесе  байқалмайды,  себебі  жауырын  сыртынан 
және  астынан  қалың  еттерден  қаптала  қоршалып  тұрады.  Жауырынның 
қалақша  басының  шеттерінің сынғанын  тек  рентген  арқылы  табуға  болады. 
Рентгенде  сынық  табылса  ауырған  жерге  1%  20,0-30,0  мл.  новокаин 
ерітіндісін жіберіп ауруға бір-екі жұма бойына Дезо гипсін салып емдейді. 
Жауырынның  мойын  басы  сынғанда  мынадай  белгілері  болады: 
ауырсынған жақтағы қолын кеудесіне сау қолымен жапсыра қысып ұстайды. 
Сынған  жақтағы  иық  буынының  маңы  түгелдей  талаурап  үлкейіп  ісініп 
кетеді. Сынған жақ иық бойы сау  жақпен салыстырып  қарағанда көп  төмен 
тұрады.  Жарақаттанған  жақтағы  қолы  сау  жақпен  салыстырып  қарағанда 
ұзын  сияқты  болып  көрінеді.Сынған  жақтағы  жауырын  басы  шұқыршағы 
мен тоқпақ жілікпен қоса төмен алға қарай қозғалып орнынан кетіп қалады. 
Оның себебі төстің үлкен бұлшықеті тоқпан жілік кіші айдаршығына бекиді, 
соның  салдарынан  тоқпан  жілікпен  жауырын  мойны  алға  қарай  ығысады. 
Соның  әсерінен  көбінесе  ірі  қан  тамырларының,  ірі  жүйкеталшықтарының 
қосымша зақымдалуы мүмкін. Соның әсерінен көбінесе аурулар "сынған жақ 
қолым  ұйып  барады  немесе  ештемені  сезбейді"  деуі  мүмкін.  Иық,  шынтақ 
буындарын қозғай алмайды. Ауруды дереу рентгенге түсіріп көру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет