Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
Топқа бөлу: Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
2. Дәріс беру: «Тәрбие ісіндегі басты тұлға - ата-ана» 3. Пікір алмасу Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III—топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
4. Ситуациялық сұрақтар Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
Балаңыз қандай да бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?
Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз?
Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз?
Балабақшадан балаңыз басқа баланың ойыншығын алып келді, сіздің әрекетіңіз?
10. Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?