Тренинг тақырыбы


Қатысушылар: 5-сынып ата-аналары



бет2/5
Дата14.04.2022
өлшемі22,71 Kb.
#30997
1   2   3   4   5
Байланысты:
тренинг 5 кл

Қатысушылар: 5-сынып ата-аналары

Тренинг ережесі:

- Тренингке берілген регламентті сақтау;

- Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;

- Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

- Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Үстіміздегі жылдың басты жаңалығы - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарыққа шығуы болды. Аталған мақаланың халықтың ертеңі алдындағы маңызы айқын. Ең бастысы, қолымызға алдағы рухани дамуымызға қажетті, жол көрсететін құбылнама іспетті бағдарлама тиді. «Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат мектептің тәрбие және білім саласындағы жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады.
 Елбасымыз өз сөзінде: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет