Тренингтер:
1. «Шапалақты тыңда»
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін
дамыту.
Жүргізілу барысы: Балалар айнала дөңгелек бойымен қозғалады. Бір
рет шапалақтағанда «қоян» секілді тұрып қалулары керек. Екі
шапалақ « ит» секілді үреді, үш шапалақтан соң « құс » секілді
балалар қолдарын екі жаққа лақтырып жүреді. Төрт рет
шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек.
2. «Мен қандаймын?»
Мақсаты:
Оқушылырды
шапшаң
қимылдауға,
өзіне
деген
сенімділігін арттыруға дағдыландыру.
Жүру барысы: Қатысушылар 2 командыға бөлініп, 2 колонкаға
орналасады. Сіздердің міндетіңіз жерге қарамай қолдарындағы гүлді
жоғары ұстап тек сол гүлге қарау арқылы кедергілерден өтіп
шығуларын керек. Өтіп шыққан адам гүлдегі жасырылған сөзді
оқиды.
3. «Көпір»
Мақсаты: бір-бірімен түсінісу, көмек көрсетуге, ым-ишараны
қолдануға үйрету.
Жүру барысы: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, психолог
диагональ бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мəнін былай
түсіндіреді. Бұл сызық көпір, желге теңселе тартылып байланған.
Бұл көпірдің астында сарқырап ағып жатқан өзен. Көпірмен бір ғана
адам өте алады, артқа шегінуге, қайтып кетуге мүмкіндік жоқ.
Бір-біріне қарсы келе жатқан екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін
түсінбейді. Екеуінің де мақсаты көпірден қалай да құламай өту.
Тапсырманы орындауға 1-минут беріледі. Талдау. Қатысушылар
бір-біріне көмектестіме?
4. «Қолшатыр»
Жүру барысы: Оқушылар шеңберге тұрып əуен ырғағымен іс-қимыл
арқылы қолшатырдан айналып жүреді. Ал, əуен тоқтап қалған кезде
оқушылардың міндеті ортадағы қолшатырды бірінші болып алу, кім
қолшатырды алуға үлгермейді сол ойыннан шығады. Ең соныңда
қалған оқушы жеңімпаз атанады.
5. «Ергежейлілер мен алыптар»
Барлығы шеңбер болып тұрады. «Алыптар» деген команда кезінде
бəрі түрегеліп тұрады, «ергежейлілер» деген кезде – бəрі отыруы
керек. Жүргізуші оларды шатастыру үшін «Алыптар» деген кезде өзі
отыра қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |