Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру. Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады.
Мысалы: Дамир
Д- денелі
А-аяулы
М-мықты
И-инабатты
Р-романтикалы
Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.
Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы
Күннің көзі шығып тұрғанда, мен.... туралы ойлаймын»...
Далада жаңбыр жауып тұр деп ойлаңыз. Мұндай күндері сен не туралы ойлайсың? Не сезінесің? Не жасайсың? Енді күннің көзі шығып жайма шуақ тамаша, сен ұнатқан жыл мезгілі деп елестет. Осындай күндері сен не ойлайсың? Не сезіндің? Не жасағың келеді? Осыны бейнеле.