ТұРҒанбаев сүйеніш мақСҰт бекзат математикалық сауаттылық



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата19.07.2022
өлшемі1,22 Mb.
#37778
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мат сауаттылық есептері №1




ТҰРҒАНБАЕВ СҮЙЕНІШ 
МАҚСҰТ БЕКЗАТ 
 
 
 
 
 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
САУАТТЫЛЫҚ 



Бір Аллаға сыйынып, 
Кел балалар оқылық!
Ы. Алтынсарин 
АЛҒЫСӨЗ 
Білімнің негізі мектепте қаланады. Жақсы мектептен нәр алмаған 
оқушының болашақта жетістікке жету ықтималдығы төмендеу. Мақсатқа 
жетудің жолы тек дайындықпен ғана емес, дайындалатын материалдардың 
таңдаулы болуында. Осы мәселені негізге ала отырып, сіздердің алдарыңызға 
мектеп мұғалімдеріне және Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыратын оқушыларға 
арнап «Математикалық сауаттылық» кітабын ұсынып отырмыз. Негізгі 
мақсатымыз оқушылардың мектепте алған білімін нығайтуға көмектесу, пәндік 
білімдерін арттыру және оқып үйренгендерін бекіту. Бұл кітап – сынып ішінде 
немесе жеке дайындық кезінде қосымша жаттығу жұмысы ретінде пайдалануға 
болатын таптырмас құрал. 
«Математикалық сауаттылық» кітабы біліміңізді арттыру және 
емтихандарда Сіздерге көмекші болу үшін жазылды. Емтихан – алған 
біліміңізді қорытып, бағалаудың ең тиімді тәсілі. Сондықтан сынақты 
ойдағыдай тапсыру – барлығымыздың мақсатымыз. Емтиханнан төмен баға 
алу, әлбетте, тіршіліктің соңы емес. Алайда жарқын болашаққа нық сеніммен 
қарап, жақсы мамандық иесі болып, сүйікті ісіңмен шұғылдану үшін 
емтихандардағы нәтижеміз өте маңызды. 
Кітапта тақырып түсіндірмелері және білімді нығайтуға бағытталған 
мысалдар берілген. Білімгердің білімге деген құштарлығын ашу мақсатында өз 
саласында жетістікке жеткен жандар мен тарихта аты қалған тұлғалар туралы 
мәліметтер ұсынылды. 
Құрметті білімгер! Білім иесі болғың келсе мына 3 жануардың сипаты 
бойыңнан табылсын. Біріншісі: әтештей бол! Ерте тұрып бойыңды 
жалқаулықпен ұйқыбастықтан сақта. Екіншісі: есек секілді төзімді де, сабырлы 
бол. Үшіншісі: мысық секілді кішіпейіл бол! Ширақтықпен сабырлықты, 
төзімділкпен кішіпейілділікті бойына жинаған жан - білім иесі! 
Бұл кітаптың барлық оқушыларға және мұғалімдерге шын мәнінде 
пайдалы болуына тілектеспіз! 
Авторлар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет