Түрі: Поэзия сағаты. Көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар. Жүргізуші


Мұқағали атамыз туралы шағын видеороликке назар аударайық!



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі45,89 Kb.
#19230
1   2   3   4
Мұқағали атамыз туралы шағын видеороликке назар аударайық!

Жүргізуші: Поэзия – ғылым. Зерттеу керек – Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жан – жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл! Олай болса, ендігі кезекте

 Мұқағалидың «Ауыл жатыр той жасап» өлеңін тыңдайық.



Оқитын: Мұхтар Ернар


Барымен базар қылып, той тойлаған,
Уа, пәлi!
Айхай, заман, ойхой, заман!
Жерошақ...
Тайқазанда ет асылып,
Болыскей самауырда шәй қайнаған

Ауыл жатыр той жасап,
Ат шаптырып,
Атасының дәстүрiн мақсат біліп.
...Қызыр-қазақ қарайды қыр басынан,
Лақтырып шашуын, сақ-сақ күлiп...
Ауыл жатыр той жасап,
Ат шаптырып...

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаевты ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, хақымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынымыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол – біздің міндетіміз. Олай болса, құрметті ұстаздар, оқушылар! Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 81 жыл толуына орай өткізіліп отырған Мұқағали Мұқатаевтың шығармашылығына арналған “Бүгін менің туған күнім” поэзия сағатына қош келдіңіздер! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет