Негізгі мәліметтер Пресс тоқуының иіру және желіс түрлері, бір және қос қабатты түрлері болады. Бұдан басқа тегіс және өрнекті эффектілері болады (кедірлі-бұдырлы, селдір, түрлі-түсті).
Пресс тоқуының жүйелі және жүйесіз түрлері болады. Жүйелі деп тоқыманың екі жағының шалуларын бір құрастыру циклында алынған түрін айтамыз. Жүйесіз деп шалу құрастарудың әр цикілінде алынған түрін атайды.
Пресс тоқуының тегіс түрінің кең тарағын түрі фанг және жартылай фанг. Пресс тоқуының келесі эффектілері болады:
селдір тоқу тәрізді түрі - бұл түрін алу үшін пресс шалуларының индекстері жоғары болу қажет;
түрлі-түсті - бұл жай шалумен бірге пресс шалуының кезекпен алынған түрі;
бедерлі - бұл жай шалулары бар учаскелері жоғары индекстері бар пресс шалуымен кезектесіп орналасқан түрі, жай шалуларды пресс шалулары тартып содан кездемеде сол жерде бедер пайда болады.