Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы


тақырып Жамылғы өрімдері.Әртүрлі жамылғы тоқыманың құрылысы мен қасиеттерін талдау



бет32/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс ТТП Абишова Айгкль

тақырып Жамылғы өрімдері.Әртүрлі жамылғы тоқыманың құрылысы мен қасиеттерін талдау

Жұмыстың мақсаты:

Жамылғылы өрімдер деп ілмектері екі жіптен бір бірін жамылған түрін атайды. Екі жіптің бірі тек оң жағына, ал екіншісі тек теріс жағына шығады.

Оң жағына шыққан жіпті жамылғылы, ал теріс жағындағы жіпті грунтты деп атайды. Инеге бір мезгілде екі не үш жіп салынады, олар түсі мен талшықтар құрамы бойынша өзгеше болу мүмкін. Трикотаждың оң жағында жамылғылы жіп грунт жібін жабады, теріс жағында екі жіпте көрінеді.







Жамылғылы өрім


Жамылғылы өрімдерді басты өрімдер және олардың туынды базасында алады, тегіс және суретті болады.

Суретті жамылғы трикотаж ауыспалы, аспалы, қапталған және кестелі түрлерге бөлінеді. Кейбірде оларды басқа суретті өрімдермен қиылыстыру арқылы алады.



Тегіс жамылғылы өрімінде барлық инелерде екі жіп тоқылады және де, әдетте, бірі вискозалық жіп жайманың оң бетіне, ал екінші мақта жібі теріс жағына шығады. Вискозалық жіпті жамылғылы деп, ал мақтаны – грунтты деп атайды, шикі заттың басқа түрлерін де қолдануға болады. Бұл кезде табиғи жіптер теріс жағында орналасып трикотажға жақсы гигиеналық қасиет, ал жасанды не синтетикалық жіптер – оң жағында орналасып бұйымдарға сырттай әсемдік береді.

Жамылғылы трикотажды өндіргенде ілмек құрау үдерісі, әдеттегі базалық өрімдегі тәртіппен орындалады. Айырмашылығы тек, инеге бір жіп емес бірден екі жамылғылы мен грунт жібі салынады.

Ілгекті және тілшікті инелерде шығару операциясын орындау кезінде жамылғылы мен астарлы жіптердің жайы 122 суретте көрсетілген.

Суреттен байқаймыз, жамылғылы Ж жібі төмен салынған, яғни ілгектен қашығырақ, ілмектің оң жағында орналасады, ал грунт Г жібі жоғары салынған, яғни ілгекке жақынырақ бұл жіп теріс жағына шығады.

Сонымен жамылғылы өрімдерді тоқығанда мынадай ережелерді сақтау қажет:


  • шығару операциясын орындау кезінде жамылғылы жіп грунтты жіпке қарағанда ілгектен қашығырақ және иненің артқы жағына жақынырақ салынады;

  • екі жіпті әр түрлі бұрышпен беру үшін, екі жіпжүргізгіш не екі көзі бар жіпжүргізгіш қажет;

  • жамылғылы жіп грунттыға қарағанда артық созылумен беріледі;

- әдетте жамылғылы жіп қалыңдау болады.

Тегіс жамылғылы трикотаж негізінде іш киім, ал ішінара шұлық-ұйық бұйымдарын дайындап шығарады. Өрімнің сырт сипаты әсем және тозуға төзімділігі жоғары болады.



Ауыспалы жамылғылы трикотаж жіптердің ауысуымен сипатталады. Оның алу принципі жамылғылы мен грунтты жіптер жұмыс үдерісінде мезгілді ауысып тұруы. Нәтижесінде жамылғылы жіп грунтты болады, ал грунтты керісінше – жамылғылы.

Жіптер орнын ауыстырғанда трикотаждың құрылысы өзгермейді. Трикотаждың кемшілігі өрнектің ашықтылығы мен айқындығы төмен.

Мұндай өрімдерді инелерді шалқайту, ерекше формалы платиналарды және арнаулы жіпжүргізгіштерді қолдану арқылы алады.

Трикотаждың осы түрін шеңберлі шұлық және шеңберлі трикотаж машинасында өндіреді.



Аспалы жамылғылы трикотаж ашық және айқын өрнектердің түсімен сипатталады. Себебі оның кейбір учаскесі тек грунтты ілмектерінен, ал қалған ілмектері екі (жамылғылы мен грунтты) жіптерден тұрады.




Грунтты жіптерден ғана алынған ілмектерде жамылғылы жіп инелерге салынбайды да, трикотаждың теріс жағында горизонтальді созылма түрінде орналасады.

Аспалы жамылғылы өрімнің құрылысы


Грунтты жіпке қарағанда қалың жамылғылы жіпті қолданып, тесігі бар, яғни үлдір өрнектерге ұқсатып, өрімдерді алуға болады.

Аспалы жамылғылы трикотаждың кемшілігі оның беріктігі төмен, себебі ілмектердің бөлігі тек бір жіптен құрылады; трикотаждың теріс жағында орналасқан жамылғылы жіптердің созылмалары өрнектің мөлшерін шектейді және трикотаждың созлымдылығын азайтады, дайын бұйымды кийген кезде жиі үзіледі.

Суретті жамылғылы өрімдердің осы түрін алу үшін кейбір инелерге жіп салынбау қажет, әдетте бұл жамылғылы жіп болады.

Бұл үшін ілгекті инелі МТ және КТ машинасында екі игіш дөңгелекті орнатады. Бірінші игіш дөңгелек грунт жібін салады, иілдіреді және шығарады; екінші игіш дөңгелектің кейбір платиналарының арасында шағын престегіштер болады, олардың көмегімен жамылғылы жіптерді шығару алдында инені престейді де, жіп ілгектің үстіне түседі. Егер жамылғылы жіп грунт жібіне қарағанда қалың болса, онда суретті үлдір эффект алынады.

Тілшікті инелі машинасында аспалы жамылғылы өрімді алу үшін жамылғылы жіптердің жылжу траекториясын өзгерту жеткілікті болады.

Қапталған жамылғылы трикотажды өндіргенде грунт жібі барлық инелерге салынады, ал жамылғылы тек қапталған өрнекке сай ілмекті құрайтын инелерге салынады. Жамылғылы жіптер инеге салынбаған жерде тоқыманың теріс жағында ілмек бағаншасы бойымен созылады.

Қапталған өрнекті құрайтын жамылғылы жіп қосымша жіпжүргізгішпен салынады. Түрлі түсті қосымша жіптерді пайдаланып, трикотаждың бір қатарында көп әр түрлі түстерді алуға болады.



Қапталған өрнекті өндіргенде қосымша жамылғылы жібі әр қашанда грунт жіптерімен бір бағытта салынуы қажет. Сонымен қатар осы жіптер грунттыға қарағанда жіңішкелеу болу керек.





Қапталған жамылғылы өрімнің құрылысы
Кестелі жамылғылы трикотаждың қапталған түрінен айырмашылығы, мұнда жамылғылы жібі бір ілмек қатарында тек бір инеге салынады. Бұйымдарда симметриялы емес өрнектерді алуға осы трикотажды жиі қолданады.







Кестелі жамылғылы өрімнің құрылысы
Суретті жамылғылы өрімдерді шұлық-ұйық бұйымдарын өндіруде кең қолданады.

Жамылғылы трикотажды шеңберлі және жазық трикотаж машинасында өндіреді.


Жамылғылы өрімдер

Иілмелі өрімдер үшін

  • негізгі өрімдердің формулалары бойынша (жіптердің сызықтық тығыздықтары соммасын ескеру қажет)

F= λ T/31.62 ; Тсум = Т1 + Т2 + Тn
12 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет