302
3600. Екі аяқты берді Құдай бір ерге,
О Жалған мен бұ Жалғанда жүрерге.
Ақылды адам айтқан қылып сырындай:
«Сақ болып жүр бір бәлеге ұрынбай!»
Жаратты Алла екі Жалған тізбегін:
Бірін тапсаң, екіншісін іздегін.
Жаратты
Алла адамзаттың ретін,
Бір ашығып, бір тойынып жүретін.
Киер киім, керек ішер, жемі де,
«Бұл екеуі – осы өмірдің емі» – де!
3605. Тірі жандар соқпай кетпес оларға,
Иін бүтін, құлқын толық боларға.
Адал малды ал кеп жесең теліп ап,
Берсең үлес кедейлерге бөліп ап!
Кұлқынқұмар болмаса адам жүрмес ед,
Құлқын құмай адам өмір сүрмес ед.
Қорқып, Құдай жолына ылғи үңіл де,
Мейірінен үміт еткін, түңілме!
Бұл екі амал – құлдық жолын табасың,
Жазба жолдан қылып құлдың тобасын!
3610. Білім берген кісі айтыпты даналық,
Білімсізге «бұл – кеңес» деп саналық:
«Үміт, қауіп –
қос қанат қып байлағын,
Арасынан жол табуды ойлағын.
Құлдық ұрып, жарлығын тұт Құдайдың
Аспан асып, шаттық күйін ойнағын!»
303
Қос қанатың – сол үміт пен сол қауіп
Көкке ұшасың екеуімен жол тауып.
«Күнәм көп» деп үміт үзбе,
ләм демей,
Ғибадат қыл, қапы қалма кам жемсй.
3615. Ғибадат қыл – пенделік қой бұл әрі,
Аты «құл» -дың ғибадат қой қылары.
Құрмет тұтып бір Алланың бұйрығын,
Қадірсіз ғып, баспа бәле құйрығын.
«Ел жаманы – бір өзім»
деп танығын,
Жақсы болсаң – айт тәуір сөз, анығын.
Бар білгенді айттым, осы – түйіні,
Асыр іске – келер саған иіні.
Егер
осы сөзді қабыл алмасаң,
Бер жауабын – мен тыңдайын: ол да – заң!
3620. Ұзақ сөздің пайдасы жоқ тиетін,
Қойдым сосын сөзді үзату ниетін!»
Достарыңызбен бөлісу: