Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет49/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш патшаға 
қазынашы қандай болу керек екендігін айтады
Өгдүлміш деді: «Патшам, ел иесі,
Адамның алтын, күміс – жан жүйесі.
«Көңілі орынды адам керек» – делік,
Әділдік болсын онда ерекшелік.
2705. Сауданың білген кісі салтанатын,
Жаһанды кезіп жүріп мал табатын,
Депті ғой: «Ең тәтті зат – жан ғой сымбат,
Болады алтын, күміс жаннан қымбат.
Иеді ол адамды – иілмесе,
Көңілді күміс иер иіндесе.
Күміске білінбесе көңіл қатты, –
Бер оған «періште ғой!» деген атты.
Іші еріп кісі алтынды көрген жайда,
Болады ірі сөзі өте майда!» 
2710. Тоқпейіл болып іспен араласса,
Таза істеп бақ-талайы күнде тасса!
Көз тойып, көпті көрсе бұ жайынан,
Өзі де қорқып тұрса Құдайынан.
Айырып адал, арам нарқын білсе,
Нәрсені жақсы, жаман жарқын білсе.


231
Тоқпейіл мал шашпайды қара басып,
Адал жан ойламайды қара басын.
Жасынан алтын, күміс көріп өссе, –
Онша көп ашкөздігі көрінбес те.
2715. Ол егер Құдайынан қорқып тұрса, –
Жазбайды әділ жолдан билік құрса.
Адалдық, ол – қазына ортаймас-ты,
Қайыры мәңгі тәтті «қартаймас» -ты.
Адалдық болған жерде – өмір жайлы,
Бағы бар оның ұзақ басыбайлы.
Жақсы сөз айтқан біреу төгілдіріп,
Іс істе осы сөзге бөгіп жүріп:
Пәк ұста тіл, көңілді райланып, –
Келеді бақыт, дәулет шыр айналып.
2720. Өмірің таза жүрген қуаныш боп,
Жасайсың сау-саламат шырайланып!» 
Мейірімді сергек көңіл өрістейді,
Мың істі ояу, ойлы ер істейді.
Пайымды ерде болсын ақыл, зерде,
Сен тұрма ұятсыз жан тұрған жерде.
Ұят, ол жаман істі тыйып тастар,
Кісінің бұзық ойын жөнге бастар.
Ұстамды ер берік болсын татпай шарап,
Келеді ерге бақыт соған қарап.
2725. Ер ішсе – үлестірер қолда барын,
Қарымсыз қалдырады жолда бәрін.


232
Қолы тар қазынашы – базына бал,
Жиылар қатты ұстаса қазына-мал.
Жақсы адам бек байлығын үстемелер,
Жаны ашып оның малын тістеп өлер.
Берілген жанашыр жан – ердің ері,
Адамның бек қып ұстар ардагері.
Сақ болса қазынашы – түгел тасы,
Пайдасын көрмесе де қара басы.
2730. Есті адам ұстар істі қатерінде,
Жаңылмас, ойлар қай іс етерін де.
Көп істі ессіз кісі ұмытады,
Ұстаса ол қазына – кім ұтады?
Есепті ой-парасат жарық етеді,
Ақылсыз оны қалай парық етеді?
Бар істі жазу керек тізіп хатқа,
Түседі есеп-қисап сонда жадқа.
Жазса егер шығынды да, кірісті де,
Ойлап ол ұмытпайды бір істі де.
2735. Жыл, айды, уақытты анық етіп,
Ол жазар ажыратып, қанық етіп.
Есептің жазу болар тар қақпаны,
Сол болар ашатұғын бар қақпаны.
Жанашыр біреу айтқан есеп беріп:
«Бар істі ұстап тұрар есеп берік.
Ой-көңіл істі берік ұстай алмас,
Қой жазып, онсыз әр іс есте қалмас.


233
Сөз қалар жазып қойса – онсыз өшер,
Жазбаған есеп білмей өлер-өшер.
2740. Білгендер қанша жазу, тәсли хатты,
Жетілер, қылар істі – мәслихатты.
Есептен жаңылысса – не келеді:
Тексеру болған кезде бек «өледі».
Кім түбін жай есептің түсіреді,
Сол сөзі ақыл-ойын пісіреді.
Көп біліп жай есепті, аңда соны,
Сосын біл күрделі есеп-һандасаны*.
һандаса – нәзік ғылым, сыры көп-ті,
Онымен өлшеу керек жер мен көкті.
2745. Данышпан бір білімдар былай дейді,
Кісілер ақыл сөзді ас қып жейді:
«һандаса – терең ғылым мерейі өсер,
Тамшыдай әр есебі құйған нөсер.
Ғалымдар басы айналып отырғанда,
Жасындай бұ жеті қат көкті тесер!» 
Білімді болсын кісі шапақ себер,
Зерделі кісілердің ісі – шебер.
Адалдық – қасиет қой білімді ерге,
Күн нұрын төгер әділ жүрген жерге.
2750. Болмайды ұстамдылық, зерде болмай,
Іс оңбас ақыл-білік ерде болмай.
Сарайда – қазынашы істер ісі, 
Сақ жүріп-тұру керек ондай кісі


234
Тіл көңіл тура болсын, құлқы бүтін,
Шалмасын от пен жалын, оны түтін.
Ұстаса көзін қорғап, тілін берік, 
Билесе құштарлығын ақыл-ерік.
Көз көрсе – көңіл, шіркін, жыртияды,
Шынымен көңіл кетсе – кім тияды?
2755. Денені жеті мүше көңіл билер,
Бегінің барлық құлы ығын илер.
Білімдар жақсы айтыпты мына сөзді:
«Ей, батыр, қорғап ұста көңіл, көзді.
Көңілдің жеті мүше ығын есер,
Көтеріп ауыр жүкті көңіл де өсер.
Көңілсіз адам – сурет кем жаралған,
Дананың атын былғап босқа бөсер!» 
Бұл іске жомарт емес, сараң керек,
Шашпайтын қазынаны елден ерек.
2760. Жақсы ғой жомарт болу малдан қашпай,
Болсын ол жомарт жұрттың малын шашпай.
Саудагер болу керек мұндай жайда,
Сауданы білмей адам таппас пайда.
Мал – тауар: білу керек барлық түрін, 
Түсініп арзан-қымбат қайсы бірін.
Әр заттың құнын білсе, алданбаса, 
Алса, сатса – артық ап малданбаса.
Жол тауып, істей алса алым-берім, 
Тәтті сөз айтатын да білсе жерін.


235
2765. Қайтарса алғанын тез біле сала, – 
Жұрт берер сұрағанын іле-шала.
Құлқы жөн, адал болса саудада ерек
Нәрсе жоқ табылмайтын оған керек.
Әскерге сыйлық берсе біраз ұлық, – 
Таратса соны қылмай наразылық.
Сый беру ренжітпей іс еді бір, – 
Көңілге бекке деген түседі кір.
Бір сөзін жомарт жанның еске салам, 
Көкейге тоқы соны, байқұс балам!
2770. «Сүйкімсіз қылам десе адам өзін, 
Қояды орындамай айтқан сөзін.
Берместі уәде етпе сонау бастан, 
Сөзде тұр – ештеңені аямастан!
Бек сөзін жұтса – сенім жай қалады, 
Дәулет те сенім кетсе шайқалады!» 
Жаңылмай, сақ істейтін кісі керек, 
Созылар іс ұзаққа болмай зерек.
Жұрт жұмыс қылар бектің нақ басына, 
Кеп тұрар кіріптар боп қақпасына.
2775. Кіріптар қызметші – қолы қысқа. 
Сый берсе, сонда бектің жолы – нұсқа.
Бермесе қазынашы мұны сезіп,
Кетеді кіріптар жан одан безіп.
Керегін тапса кісі – керім еді,
Қылау да пілдей болып көрінеді.


236
Сөзі бар ақсақалдың, қарасаңшы,
Мұңына кіріптардың жарасаңшы:
«Жете алса тілегіне пенде қасқа.
Не берер жаннан бөтен айырбасқа.
2780. Кезінде бір қылау да піл көрінер, 
Бар істе қасиет жоқ бұдан басқа!» 
Ей, патшам, кісі болса мұндай енді,
Зейінді, білікті, арлы, таза, жөнді.
Қазына оған беріп, ұста жақын,
Сеніп көр, қорғап отыр оның хақын!» 
Патша айтты: «Ұқтым сөздің осы жағын, 
Бір сөз бар, айтып берші соны тағын.
Бас аспаз ыдыс-аяқ басқарғандай,
Басқа да қызметші болар қандай?
2785. Бек жесе сезіктенбей оның асын,
Сенсе оған сақтау үшін жалғыз басын.
Ішіп-жеу өте қиын ас пен суды,
Дегенше бұ кісіден сезік туды.
Ей, батыр, енді айтарың осы ғана,
Білейін, ұғынайын мұны, дана!». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет