279
байланысты оқыған әдеби шығармалар, яғни көлемді
романдарды кешенді талдай отырып, автормен немесе белгілі бір
сол саланың маман ғалымдармен кәсіби деңгейде сұхбат құруға
дағдыландыру, сұрақтар құруға үйрету.
«Әдеби сұхбатпен» жұмыстың тиімділігі: біріншіден,
оқырмандық
мәдениеттен
зерттеу
шығармашылыққа
дағдыланады, оқушылар сабақтарына қатысты әдеби
шығармаларды «оқырман
-
мәтін
-
автор» сынды бірлікте сұқбат
құрастыруға
үйренеді. Екіншіден, оқушылар тілдік қатынасқа
түсе
отырып,
бір
-
бірімен
мамандықтарына
қатысты
жаңалықтармен, ақпараттармен алмасуға, оқыған романдарды
жай оқырман ретінде емес, жеке субъективті ғылыми
-
талдауға
машықтанады
.
Міне, осындай жоба жұмысы оқушылардың қызығушылығы,
жеке ерекшелігі, талабы мен алған қойған мақсатына байланысты
болады. Оқушылар бір жобаның аясында ізденушілік те,
шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізеді. Жоба
жұмысын орындау барысында олар шығармашылықпен
ойлануға, өз әрекетін жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған
міндеттерді шешуге, алдын ала болжам жасай білуге және жұмыс
істеу мәдениетіне үйренеді [5, 29
-30].
Осындай оқушылардың оқытушымен бірлесе отырып өз
бетімен жүргізген жұмыстарының бірі
–
«Әдеби тұлғаны тану».
Бұл жазушының шығармашылығына үңілуге ден қою үшін,
алдын ала белгілі бір шығармашылық тұлға қаламгердің
романымен танысу, мұқият оқу және сол негізде автормен сұқбат
алуға жобалық тапсырма беріледі. Себебі, қазіргі заман
әдебиетінің өкілдері ортамызда бар, әрі оқушыларды терең
білімге бейімдеудің де жолы болмақ.
Осындай зерттеу нысанымызға алынған авторлардың бірі
Д.Амантаймен әдеби танымдық сұқбат жүргізуге дайындалған
сұрақтардың бағытын үлгі ретінде ұсынып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: