«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет49/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   152
Қорытынды.
Өз сөзімен айтқанда, Сүйінбай 
– 
қынаптағы 
қылыш, аспаннан түскен жасын, соғып тұрған құйын, ескен 
қызыл жел, жүйріктей жалын тараған, күніне шауып жараған, 
айтысқанды шаңына көмген жүйрік, айтысқанның басынан өлең 
жаудырып, миын шайқатқан жырдың бораны, қияқты сұңқар. 
Сүйінбай жырларынан оның алмастай өткірлігі де, шайқалған 
жорғалығы да, тұлпарлығы да, даңғыл жыраулығы
да айқын, 
анық көрінеді.
Сүйінбай 
– 
ақындық өнердің қадір
-
қасиетін таныған, оның 
мәні мен мақсатын терең түсінген саналы өнерпаз. «Өмірде құны 
ескірмес, бағасы құнды асыл сөз» деген ақын өлеңнің құдірет
-
күшін танып, ақындық өнердің қыр
-
сырын бойына дарыта
алған. 
Қорыта келгенде, ақын шығармаларындағы көркемдік 
кестелер, әр сөзді орынды қолдануы ақын туындыларының тіл 
көркемдігін, өзіндік мәнерін, сөз қолданудағы ерекше шеберлігін 
анық көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1997
2.
Жолдасбеков М. «Кісілік кітабы». ІІІ том Астана: Күлтегін, 2012
3.
Жеті ғасыр жырлайды.1 том. Алматы: Жазушы, 2004
4.
Аронұлы Сүйінбай Шығармалары. /Толғаулары, сын
-
сықақтар, 
өлеңдері, айтыстар
/
. Алматы: «Жазушы», 1990
 
 
 


110 
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ 
 
АДАМ МЕН 
ТАБИҒАТ
 
 
Қашаулиева Эльмира Кокталовна
№148 мектеп-гимназияның қазақ 
 
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Алматы қаласы 
 
Аңдатпа.
Оралхан Бөкеев әрбір табиғат құбылысын 
суреттегенде қызықты ерекшеліктерді тауып отырады. Онын 
пейзаждары эстетикалық жағынан көзге бірден түседі. Оларда 
өмір
процесі шексіз құбылыстар, қозғалыстағы табиғатпен 
байланысы шебер суреттелген. Жазушы шығармаларында 
табиғат көп жағдайда жанданып отырады. Ол шығармадағы 
басты кейіпкерлердің бірі, бас кейіпкерлердің тағдыры оған 
қатынасымен
анықталады. Жазушының «Мұзтау», «Сайтан 
көпір», «Қар қызы», «Атау
-
кере», «Құм мінезі» повестеріңде 
табиғат пен адам арасындағы қарым
-
қатынас әр түрлі жағдайға 
байланысты сан қырлы оқиға желісі арқылы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет