120
жаманды еркін таңдауына көп маңыз артады. Ерік еркіндігі жан
парасаттылығымен анықталады және ол тек адамға тән, адамдағы
ізгілікті қалыптастыратын және күшейтетін қажетті шарт.Ойшыл
данышпан тек бақыт туралы нақты білімі бар,
оған жету
жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым
ғана
қайырымдылыққа икемді екенін ескерткен.
Ғалымның
мұрасында әсемдік мәселесі ерекше орын
алады.Әбу Насыр ізгі істі іздеуге және жасауға тек адам ғана
қабілетті
деп дәлелдейді: «Адам
рухани ізгілігіне байланысты
ғана
жағымсыз және ізгі істерге барады», «Адамға қысқа ғана
ғұмыр
берілгенмен, ол қас
-
қағымды көп екен деп есептейді,
адамдар бір
-
біріне азап шектіре отырып бірімен
-
бірі жауласады,
бір
-
бірімізді қашанға дейін азап шектіре береміз. Табиғатта
әсемдік мәңгі
өмір
сүреді, ал қайталау түрінде
пайда болатын
өнердегі
ізгілік пен сұлулық адамнан ғана шығады». Әл
-
Фарабидің эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен
пайда бірімен
-
бірі үйлесімді түрде тұтасып кеткен, бірінен
-
бірі
бөлінбейді. «Адам ақыл
-
ойының арқасында ғана адам болды»,
–
дейді ғұлама [3,
51б].
Ж. Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы,
достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан
кісіліктің жоқтығы, ағайын
-
достық арасындағы қарым
-
қатынаста
жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман,
сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды.
Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, өкініп,
қарттық туралы да
айта келе, ол өзіне ақыл
-
кеңес беру арқылы, қоғам мүшелеріне
ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған мына
сөздері:
«Сөзді тура, ащы, қатты сөйледім,
Түзу сөзді ұғар түзу ел дедім.
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, көрінгенді термедім!» ,
-
оның шын мәнінде ел жағдайына немқұрайлы қарамағандығын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: