Негізгі бөлім.
Ұлттық құндылықтарды
қалыптастыру үшін
еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесіне сол ұлттық рухани
құндылықтарды
ендіріп, бүкіл қазақ халқының, әсіресе жас ұрпақ
пен жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру қажет.
Өйткені, ұлттық дүниетаным
–
ұлттық болмыс көрінісі, саяси,
адамгершілік, эстетикалық, діни
-
наным сенім, тәрбие, тарихи
сана, басқа да дәстүрлі мәдени
-
рухани көзқарастар жинағы.
Сондықтан ұлттық тәрбиенің қажеттігі
-
ұлтжанды азамат
тәрбиелеу және қазақ қоғамында орын алып отырған қайғылы
қасіреттер
мен
құбылыстар: ана тілін, ата тарихын, төл
мәдениетін, ұлттық салт
-
дәстүрлерін және дінін білмейтін
жастарды ұлттық тәрбиенің қайнар көздерімен тәрбиелеу
арқылы санасына сіңіруді қажет етеді.
Жастарға
ұлттық
тәрбие
беруде
Жамбыл
шығармашылығының да маңызы өте
зор. Жамбыл
–
айтыскер
ақын ғана емес, абыз жырау, жауынгер жыршы. Ол шын
мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси
поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек
ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық
поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі, басқаша айтқанда,
халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы
көшбасшысы.
Жамбылдың сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының
атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ
сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа
арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл
–
ізгілік
жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын
мәніндегі интернационалист ақын
.
Ұлы
Отан соғысының тақырыбына арнап Жамбыл Жабаев үш
мың жолдан артық жыр шығарды. Халқымыздың отаншылдық
намысын күшейте түсуде, совет адамдарының елдегі,
майдандағы тамаша ерліктерін сипаттауда ақын жырларының
тарихи маңызы зор.
Мысалға «Ленинградтық өрендерім» деген жырын алайық.
Бұл жырды Жамбыл Ленинградтың халі аса бір
ауыр шақта,
сүйікті Ленинград қаласы жаудың қоршауында қалған кезде
шығарды. Осы кезде Жамбыл жырының күші қандай болғандығы
132
туралы орыстың белгілі ақыны Александр Прокофьев былай
дейді:
«Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген жыры
жарияланған кез Ленинград қаласының аса бір ауыр шағы еді.
Бұл шақта, немістің қоршауында қалған Ленинградта азық өте аз
болды: күніне жұмыс істейтін адам 250 грамм, жай кісі 150 грамм
нан алды, ет, май дегенді халық өте аз және өте сирек көрді.
Үйлеріне
кіретін су тоқтатылды, отын атымен болмады. Жау
атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан шынысы қирап,
терезе біткен аңырайып ашық тұрды, электр жарығы да нашар
жанды, тіпті қаладағы үйлердің көбінде болған жоқ. Қалаға
жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды.
Осындай ауыр кезде Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»
деген жыры газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде
ерекше көрінген бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне
әлденеше
рет оқып тұрды. Жыр үлкен әріппен басылып,
көшелерде плакат боп ілінді. Сол плакатты үймелесіп оқысып,
көздеріне жастары сорғалаған талай адамды көрдім. Немістердің
самолеттері төбеде ұшып бомба тастап жүргенде, адамдар
тығылудың орнына, Жамбылдың жыры басылған газетті алуға
көшеде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім»
–
деп жазады [2,
29-
30бб.].
Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі
Ленинград халқын және оның жауынгерлерін жігерлендіруде өте
зор қызмет атқарғанын жоғарыда айтылған естеліктерден айқын
аңғаруға болады.
«Ленинградты қорғау» деген атпен шыққан қалың кітапта
Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген өлеңі көрнекті
орын алды.
Өмір
мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен
кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай
болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва,
Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген
ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне
қайратына
қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен
«Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:
Ленинградтық өренім,
133
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы
Лениннің
Сайып қыран, өренім! [3,109б.].
Жамбылдың соғыс тұсындағы әрбір жыры, майдан өмірінің
әрбір
асуына, соғыстың кәрлі қабағы қатты түйілген әрбір
кезеңдердге байланысты туды. Алдырмас қамал Сталинград
қаласына
қауіп
-
қатер түйілгенде, Жамбыл атақты «Алынбас
қамал» деген жырын шығарды. Фашизмнің еңбір сұрыптап әкеп
салған ауыр қолы айлар бойы оқ пен оттың астына алып жатса да,
Сталинград мойымады.
Тыныштық күнде сөйлесем,
Төгілген тілден шекер
-
бал.
Қатерлі
күнде сөйлесем,
Сөзімде менің қаһар бар...
Жалын мен түтін ішінде,
Алынбас қамал пішінде.
Сталинград қалаң тұр,
Жартастай берік күшінде! ,
–
дейді Жамбыл [2,46б.].
Сталинградты қорғаушылардың ішінде Жамбылдың ең
жақсы көретін ұлы Алғадай бар еді. Жетінші гвардия Қызыл Ту
дивизиясының хабарлауы бойынша Алғадай өз пулеметінен
сексен фашисті өлтірген. Жамбыл жырлаған сұраншы, Саурық
батырлардың ұрпағы сияқты Жамбылдың ұлы Алғадайда
соғыста ерлерше ерлікпен қаза тапқан.
Баласының ерлігіне сүйсінген Жамбыл «Алынбас
қамалында», Алғадай туралы былай дейді:
Жапырған жауды шалғындай,
Жібердім сонда баламды,
Сталинград қалаңда!
134
Қорғас
деп жүрек жанындай!
–
Алғадай,
–
дедім
–
аянба!
Әкеден
тудың Жамбылдай,
Жырымды жеткіз ерлерге.
Майданға қаққан дабылдай,
Толқыны жойқын Еділге,
Қосылсын
үнім дауылдай! [2,47б.].
Ұлы
Отан соғысы тұсындағы Жамбыл жырлары совет
дәуірінде туған жалынды жырлардың бірегейі. Ұлы Отан соғысы
жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін
Жамбыл Жабаевқа КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941 жылы
Мемлекеттік сыйлық берді.
Достарыңызбен бөлісу: |