Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет70/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   218
Түйінді сөздер: әдебиет тарихы, өлең құрылысы, ақын, арнау өлең, тақырыптық ерекшелік. 

 

Жанақ Сағындықұлының сөз мұрасы кейінге соншалықты мол көлемде жеткенімен, оның 



шығармашылығының көркемдік мәні ұрпақтан ұрпаққа солғындамай ауысып келе жатыр. 

Академик Серік Қирабаев өзінің «Жанақ ақын» атты зерттеуінде Жанақтың шығармалары 

әлі  де  толық  жиналып  баспа  бетін  көрмегенін  айтып  отырып,  мынадай  дерек  ұшын  алған 

тастайды. 

«Оның Орынбаймен, Сарыбаймен айтыстары белгілі. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының  қолжазба  қорында  Жанақтың  Сабырбаймен,  Байбаламен,  Ысмаилмен 

қақтығыстары,  Орманшы,  Байқадам,  Боқай  ақындармен  шағын  айтастар  сақталған.  Бұл 

шығармаларды  тапсырушылар  ақынның  өмірі  жайлы  деректер  де  келтіреді.  Тіпті  Айнатасов 

Тәужи «Жанақ ақын хикаясы» атты дастан да жазған. Бұларды әлі де екшеп жариялау, зерттеу  – 

алдағы күннің міндеті» [1, 72 б.]. 

Абайдың  ақынның  өрісінде  өзінен  ілгеріде  өмір  сүрген  Жанақ  ақынның  ықпал-өнегесі 

болғандығы туралы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында баяндайтыны белгілі.  

Зерттеуші  Бауыржан  Ердембеков  Жанақ  ақынның  өмірдерегін  негіз  етіп  жазылған 

«Құланбай, Абай және Жанақ ақын» атты зерттеуінде осы мәнде өзіндік байламдар жасайды.  

«Құнанбаймен  аралас-құралас  болып  Абайға  әсер  еткен  бір  топ  өнер  адамдары,  оның 

ішінде,  әрине,  шоқтықты  топ  ол  –  ақындар  болса,  соның  ең  арқалылары  «Абай  жолына»  енген. 

Өкініштісі,  заманның  қыспағына  қарай  көбінің  аты  өзгертіліп,  өңі  айналдырылып  берілді.  Ол 

ежіктеп түсіндірмесе де белгілі жайт. Дулат – Барлас, Сарыбай – Қадырбай, Жанақ – Садақ, Түбек, 

Шүмек болып өзгергеннен-ақ Абайға әсер еткен ортаның кеңестік заманда қаншалықты қыспаққа 

алынғанын бажайлай беріңіз» [2, 77 б.]. 

Ердембеков Байырдан осы зерттеуінде Құнанбай Өскенбай биге ас бергенде Жанақ қобызға 

қосып айтыпты деген сөздің мәтінін келтіріпті. 

 

Ей, Құнанбай, Құнанбай, 



Қазақта сенен артық  

Ұл туар ма мынандай? 

Ас бердің әкеңес 

Үш жүздің қосып баласын. 

Әкесіне ас берген, 

Қамбар жері – Ошанда. 

Алшынбай болып тірегі, 

Қалың Арғын – Бошанға 

Басын қосқан үш жүздің 

Құнанбай, сірә, осал ма?! 

Бақ қонар таудай басыңа, 

Әмірші болып қашанда. 

Құнанбайдай ұл туып,  

Өз әкеме ас берсем 

Тобықтының баласы-ау, 

Жылай беріп қайтесің 

Топырағы торқа болсын да...  

 

Б.Ердембеков  1942  жылғы  «Ақын  аға»  болып  шыққан  «Абай»  романындағы  Жанаққа 



қатысты қайсыбір баяндаудың кейінгі басылымда алынып қалуы туралы назар аударарлық жайды 

қозғайды. 

«Әкесі  Құнанбай  аса  бағалаған  Жанақ  жырларына  Абайдың  қанып  өскені  кәміл. 

Романдағы:  «Қарт  ақын  «Сабырбайды  айтып  отыр  –  Б.Е.)  әр  сөзінің  тұсында  әлдебір  ертегідей 

алыс ақын Садаққа соға береді. Бала кезінде  өзіне өзге ақындардан өзгеше көрінген сол Садекең 



160 

 

екен.  «Көргені  мен  білгені  ұшан-теңіз.  Ол  кісінің  айтқаны  мен  жеткізгенінің  мың  да  бірін 



білмейміз. Тегін емес, кеудесінен нұр саулаған ақын сол еді, жарықтық!» – деп сөйлейді. 

Садақ  Қыдырбайдың  айтуында  жай  ақын  емес.  Өзінше  бір  көреген  жан  сияқты»,  –  деген 

жерден  Әуезовтің  Жанақ  туралы  айтпақ  бір  әңгімесі  үзілген.  Кейінгі  басылымдарда  жоқ  Жанақ 

туралы  әңгіменің  төркіні  төмендегідей:  «найман  ішіне  бір  тойға  келген  Жанақтың  атына  бір 

даукес  жабысып,  алдын  ала  есінеген  аттың  таңдайындағы  меңді  көріп  алған  ол  куәлікке  сол 

белгіні айтып атын иемденіп кетеді. Жанақ атының ерін алып жатып: 

 

Жанын берген Жанақтың шұбарын жер, 



Мына адам бұл шұбарды менікі дер. 

Жақсы атыңды жалғанға сатқан жанның 

Бар құдай, өзің біліп жазасын бер, – 

дегені айнымай келіп, дауқұмар бұлақтан қарғып өткен кезде жетектегі ат тартынып қалып 

аттың мойнына байлаған белбеуіне сүйретіліп өледі». 

Абай, сөз жоқ, Жанақ жырларын ерекше бағалады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең 

көркем  нұсқасы  Жанақтікі  деген,  сол  нұсқаны  негіз  етіп  Абай  «Қозы  Көрпештің»  бір  нұсқасын 

жазғызып,  1884  жылы  атақты  ғалым  Г.Н.  Потанинге  сыйға  тартқан.  Жырдың  бір  данасы  Н.Я. 

Коншиннің  орыс  географиялық  қоғамына  тапсырған  Абай  өлеңдерінің  жинағымен  бірге 

сақтаулы» [3, 78-79 бб.]. 

Б.  Ердембеков  «Қозы  Көрпештің»  Абай,  Абайдың  ақын  шәкірттеріне  қатысы  туралы 

біршама  өзіндік  байламдар  жасаған.  Академик  Әлкей  Мағұланның  тоқтамдарына  қатысты 

саралауы ойға тартатын негізі бар қисындар сияқты. 

«Жанақ нұсқасы, бірде – Бейсенбай, немесе Абай немесе Потанин нұсқаларының өз ішінде 

үлкенді-кішілі өзгерістер болғанымен бір түбірден – Жанақтың айтуынан тарағаны анық. Ал, жыр 

нұсқаларындағы  өзгерістерге  келсек,  Жанақ  күшті  ақын.  Ол  дәл  осы  жырды  қалың  жұрттың 

алдында  бірнеше  рет  жырлағаны  тағы  бар.  Әр  жырлағанда  ақынның  көңіл  күйі,  шабыты, 

көрерменнің  ықыласы  дегендей  бір  Жанақтың  жырлауының  өзі  азды-көпті  өзгеріске  түсуі  әбден 

ықтимал. Ал оны қайта жырлаған Бейсенбайдың жыр аяғын өзінше тұйықтауын алсаңыз, немесе 

кейінгі Шәкірдің Қозы Көрпеші жыр нұсқасынан гөрі назиралық туындысына көбірек келеді. 

Сондықтан  да,  бұл  арада  айтарымыз  Жанақ  нұсқасының  өңделіп,  халыққа  таралуына 

Абайдың және оның маңындағы ақын шәкірттердің үлес салмағы мол. Ал жырдың қай тұсына қай 

ақынның қаламы тиді деген мәселеге нақты жауап беру қиын. Шәкірттерінің жырлауынан шыққан 

дүниені  үстінен  бір  қарап,  жөндемеуі  мүмкін  емес  Абайдың.  Өзі  жазбаса  да,  жазғандарға  көңілі 

толып, бір нұсқасын орыс зерттеушісіне жіберген. Ал, қолдазбаның Абайдікі  болмауы да заңды. 

Жырға  қатысы  бар  кез  келген  шәкірттері  –  Ақылбай,  Мағауия,  Бейсенбай,  Уәйістерге,  немесе 

жазуы әдемі басқасына жырды көшіртіп, «Семипалатинского уезда, Чингизской волости А.К.» деп 

жіберуіне ұстаз Абайдың хақысы бар.  

Демек,  бүкіл  түркі  халқына  ортақ  әйгілі  жырдың  бір  тармағы  –  Жанақ,  Байкөкше,  Шөже 

сынды Абайдың өзі нәр алған ақындар мен Бейсенбай, Уәйіс сынды шәкірттерінің, содан кейінгі 

Абай  дәстүрін  жалғастырушы  Шәкір  сынды  халық  ақындарының  арасын  жалғап,  абайдың 

ақындық ортасы сынды үлкен тақырыптың өзегін сабақтастырып жатқан рухани желі» [4, 82 б.]. 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ондаған нұсқасының арасында Жанақ ақын жырлаған 

нұсқаға  ғылымда  әріде  Шоқан  Уәлихановтан  бастап  көңіл  бөліп  келе  жатқанымен,  жырдың  осы 

нұсқасына қатысты, оның Жанақ ақындығының жаңа бағытына қатысты айтылып, ашылуын күтіп 

жатқан  мәселенің  бірі  –  біздіңше,  шоқан  Уәлиханов  айтатын  қазақ  халық  поэзиясы  үлгілерінің 

бесінші – өлең түріне қатысты деуге болады. 

«5 Өлең... 

Бұл  өлеңнің  кәлпін  өздері  үйреніп  қалған  суырып  салма  өлеңге  де  сәйкестеп,  қолайы 

келгенде айта береді. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын, өлең формасында, маған Жанақ 

ақын айтып беріп еді. 

Татар  поэзиясының  формалары  қазақтардың  гармониялық  дыбыс  пен  ойға  тұнып  тұрған 

дәстүрлі батырлық жыр поэзиясының формаларын ығыстыра бастады. 



161 

 

Мысал  үшін,  біздің  ориенталистерге  бүкіл  шығыс  поэзиясындағы  көлем  мен  өлшем 



тұрғысынан тек араб өлшемі ғана ыңғайлы деген пікірге дәлел ретінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

жырының төрт шумақты жырының біріншісін ұсынамын. (Араб граматикасымен беріледі – Л.К.). 

 

Менен іздеп жігіттер кел кетелі 



Арасында Көктөбе белгі етелі. 

Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз, 

Қозы Көрпеш-Баянды тербетелі...» [2, 166 б.]. 

 

Шоқан  Уәлиханов  «Қозы  Көрпештің»  Жанақ  нұсқасының  өлеңдік  ерекшелігін  қазақ 



поэзиясындағы жаңа өлең түрімен астастырып қарауында үлкен әдеби, ғылыми мән жатыр. Қазақ 

поэзиясына  кейін  қосылған  бесінші  түр  жөнінде  Шоқан  Уәлиханов  біршама  сипаттама  жасап 

келіп, мынадай нақтылы мәселеге назар аударған. 

«Бұл  өлеңнің  кәлпін  өздері  үйреніп  қалған  суырып  салма  өлеңге  де  сәйкестеп,  қолайы 

келгенде айта береді. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын, өлең формасында, маған Жанақ 

ақын айтып беріп еді [3, 165 б.]. 

Жанақ  Сағындықұлының  белгілі,  беймәлім  болып  келіп,  енді  айналымға  қосыла  бастаған 

туындыларын  өлең  түрлері,  поэзиялық  өлшем,  құрылым  жөнінен  арнайы  зерттеу  –  қазақ 

поэзиясының  даму,  жанрлық  баю,  түрге  бөліну  мәнін  аша  түсер  нақтылы  мәтіндік  нұсқалардың 

көркемдігін айқындайды. 

Қазіргі кезеңде, өткеннің бай сөз мұрасы және бір мәрте көркемдік таным талқысынан өтіп 

жатқан  уақытта  қазақ  әдебиетінің  тарихындағы  айтулы  тұлғаның  бірі  Жанақ  Сағындықұлының 

шығармашылығы жайлы да айтар мәселелер аз емес. 

Жанақ  ақын  ХVІІІ  ғасырдың  аяғы  мен  ХІХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  өмір  сүрді. 

Қазірде  ақын  поэзиясының  әлеуметтік  мәні  туралы  да,  Жанақтың  өлеңдегі  жаңа  бағыттардың 

туып,  дамуындағы  өзіндік  орны  жайлы  да,  ақынның  қазақ  көркем  сөзін  құбылтып,  түрлендіру, 

түлетудегі  өзіндік тәсілдері  жайлы  да  кеңінен,  келелі  әңгіме  қозғауға  қолайлы  ғылыми  бағыттар 

айқындалып отыр. 

Бұл мәнде Жанақ ақыннан сақталып жеткен шығарма көлемді болмағанымен, аса ауқымды, 

әрі құнарлы материал. Себебі Жанақ – әдебиет тарихында, қазақ көркем сөз өнерінің даму өрісінде 

елеулі  орын  алып  отырған,  жанрлық,  түрлік,  өлшемдік-көркемдік  мәндегі  алуан  түрлі  өлең 

жасалған  

XIX  ғасыр  әдебиетінің  орталық  тұлғасының  бірі.  Оның  шығармашылығында  қазақтың  эпикалық 

жыр дәстүрі де, арнау-толғау өлең де, лирикалық көңіл   күйлі поэзия да, әлеуметтік, азаматтық, 

азаматшылдық үнді өлең де бар. 

Жанақ ақындығының жасаған уақыты – қазақ өлеңінде жаңа түр, жаңа жанр, жаңа бағыттар 

өрістеген дәуір. 

Өзінің кейінге аяқталмай қалған деген мәнде жеткен, расында да соңы сақталмаған «Қазақ 

халық  поэзиясының  түрлері  жөнінде»  деген  зерттеуінде  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  негізін 

салған  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  XIX  ғасырға  жеткен,  сол  дәуірдегі  қазақ  өлеңінің 

классификациясын  жасады.  Осындағы  аталып  жүйеленген  әдебиет  үлгілерінің  барлығына  дерлік 

Жанақ ақынның қатысы бар. Жанақ мұрасын дәл осы мәнде де таратып зерттеу – ақынның әдебиет 

тарихындағы айтулы орнын ғылыми негіздеуді  толықтыра, айқындап аша түсуге қолайлы дерек, 

дәйек болар еді. 

Біздіңше, Жанақ ақын шығармашылығында Шоқан Уәлиханов атап көрсететін жыр өлең де, 

қайым  өлең  де,  қара  өлең  мен  өлең  түрі  де  бар  (Шоқан  Уәлихановтың  атап  көрсететін  жылау-

жоқтау өлеңі, негізінен, біз бөліп алып отырған өлең түрлерінің барлығымен де айтылуы мүмкін. 

Бұл өз алдына бір зерттеуді күтетін мәселе – Л.К.). 

Әуелі,  Шоқан  бөліп  атаған  «Жыр»  жайына  назар  аударалық.  Шоқан  Уәлиханов  жырға 

анықтама  беріп  отырып,  барлық  далалық  жырлардың  қобыздың  сүйемелдеуімен  тақпақтап 

айтылатынына көңіл бөледі. 

«Соңғы  кезде,  менің  дала  кезген  кезімде  жыр  поэзиясының  қалыс  қалып  бара  жатқанын 

байқауға  болады.  Жырдың  бар  болмысы,  қобыздың  өзі  сияқты,  тек  бақсылар  иелігіне  айналды. 



162 

 

Солар  ғана  жыр  болмысының  өлеңдік        сипатын,  сақтап,  жындарын  шақырғанда  айтады.  Жыр 



болмысының  негізімен  қобыз тарту,  өнердегі  сәндік  үлгіден  атақты Жанақ  жырау  өлгелі  шеттей 

бастағанын ашып айту қажет. Жанақ қаракесек ішіндегі Қамбардан, олар қазір Қарқаралы округіне 

қарайды. 

Қазіргі кезде бар, суырып салма ақындар ескі жыраулардың әуенін де, сөзін де айтқанымен, 

екі шекті домбырамен сүйемелдейді [1, 164 б.]. 

Шоқан Уәлиханов атап, өлең жүйесінде түр есебінде танытқан қайым өлең бұл айтыс өлең 

екені  даусыз.  Айтыста  Жанақ  ақын  –  асқан  суырып  салма  ақындығымен  өз  орнын  алған  тұлға. 

Оның айтыс өлең түрлері Шоқан атаған жыр, қара өлең, өлең түрінде келген деп санауға да негіз 

бар. Бұл мәселе – XIX ғасырдағы қазақ өлеңіне келген жаңа түрмен сабақтас мәселе. Ол жаңа түр 

жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында, қазақ өлең теориясында арнайы сөздің ұзақ уақыттар бойы 

қозғалмай  келуінің  түрлі  себептері  болуы  мүмкін.  Бүгінде  ол  себептерді  бүге-шігесіне  дейін 

айқындау  мүмкін  де  емес.  Қисынға  келетін  бір  себебі  –  жаңа  түр  Шоқан  Уәлиханов  атаған 

«өлеңнің» 11 буынды өлшемі оны қара өлеңнің түріне қоса салуға орай туындаған құбылыс. 

Қараңыз, Шоқан Уәлиханов бұл  екі түрді  буын өлшемі  бірдейлігіне қарамастан, екі  бөліп 

қарастырады. Әрі ол жүйе ғылыми негізді. 

«4. Қара өлең – әдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең төрт шумақты, әр шумақта жеке-жеке 

ой жатады. Сондай-ақ бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе, төрт шумақты өлеңдер мағынасыз 

болып келеді. 

5.  Өлең.  Бұл  форма  қазіргі  кезде  барлық  жаңашыл  ақындар  тарапынан  суырып  салма 

өлеңдерге  де,  поэмаларға  да,  әсіресе  Орынбай  өлеңдеріне  қатысты  көбірек  айтылады.  Өлеңнің 

жаңа түрін: Орынбай қарауыл ішіндегі атеке – ... тармағынан, атығайдың жаңа қырғыз тармағынан 

шыққан  Шөже    ақындар    насихаттап,    салт-санаға  дарытушылар  болды.  Шөже  ақын  үнемі 

Әбілхайыр  Ғаббасов  сұлтанның  жанында  болатын-ды.  Осы  өлеңдердің  тақырыптарының  көбісі 

діни сарында айтылады. 

Бұл  өлеңнің  кәлпін  өздері  үйреніп  қалған  суырып  салма  өлеңге  де  сәйкестеп,  қолайы 

келгенде айта береді. Әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасын өлең формасында маған Жанақ 

ақын айтып берген еді. Өлең деген бұған дейін жоқ поэзияның ерекше формасының және атаудың 

қазақ даласына тарай бастағанына 50 жылдан асқан жоқ, бұл Қазан мен Тобыл татарларына қырға 

жол ашылғаннан кейінгі келген жаңалық.  

Татар  поэзиясының  формалары  қазақтардың  гармониялық  дыбыспен  ойға  тұнып  тұрған 

дәстүрлі батырлық жыр поэзиясының формаларын ығыстыра бастады. 

Қазақ  поэзиясындағы  жаңа  қондырғы-форманың  мәні  мынада:  өлең-ән,  жаңадан  жаннан 

шығарылған  немесе  атақты  бір  әнші-ақынның  бұрында      шығарған  өлеңдері  домбыраның,  

қобыздың,  ым  мен  дене  қимылдарының  сүйемелдеуімен  айтылып,  ел  арасына  тарайды,  кейбір 

өлеңші-ақын өз тарапынан сол өлеңге кіріспе және қорытынды сөз қосып отырады. Жоғарыда біз 

мысалға келтірген аудармадағы алғашқы төрт шумақ Жанақ өлеңдеріне жатады. Ол жыр-өлеңдегі 

Жанақтың шыққан тегі қаракесек ішіндегі Қамбар екендігі нақтылы болып келеді де, жыр-өлеңнің 

әрі қарай таза аңыз күйінде, ескі замандарда айтып кеткен белгілі жыраулардың жырына ұласады 

[3, 167 б.]. 

Шоқан  Уәлиханов өз дәуіріндегі қазақ өлең түрлеріне тоқталуда Жанақтың есімін бірнеше 

қайтара  атап  отыруында  тарихи  негіз  бар,  Жанақ  ақындығы  қазақ  поэзиясы  жаңа  бір  тынысын 

ашып, түрлене түскен, әлеумет үні, азатшылдық рухы мәнінде күшейіп, күрделене түскен дәуірде 

қалыптасты.  Жаратылыстан  дарыған  ақпа-төкпе  ақындық,  ағыл-тегіл  шешен  сөз  иесі  Жанақ  өз 

дәуіріндегі өлеңнің бар түрінде сөйлеген саңлақ еді. 

Шоқан  Уәлиханов  атап  көрсеткен  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  Жанақ  жырлаған 

нұсқасы кейінгіге тұтас сақталып жетпеді деген мәселе бар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының 

XIX  ғасырдағы  хатқа  түсіп,  басылым  көруі,  түрлі  нұсқалары  жайлы  негізді,  деректі,  дәйекті  сөз 

қозғай  отырып,  белгілі  ғалым  Әуелбек  Қоңыратбаев  Жанақ  нұсқасына  байланысты  біраз  жайды 

айтады. 

«Бұдан соң бұл жырдың бір нұсқасын Жанақ ақын аузынан қазақтың тұңғыш ағартушысы, 

демократы  Ш.  Уәлиханов  жазып  алған.  Бұл  өзіне  мектеп  жасаған  дарынды  айтушы,  қобызшы 

Жанақтың  өз  аузынан  шыққандықтан  және  Шоқанның,  Г.Н.  Потаниннің  жақсы  бағалаған  жыры 




163 

 

болғандықтан,  «Қозы  Көрпеш»  дастанының  бір  құнды  варианты  делінеді.  Жалғыз-ақ  Жанақ 



нұсқасы Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылған, бізге келіп жеткен 

жоқ.  Осы  кезге  дейін  біз  1939  жылғы  «Батырлар  жыры»  жинағына      енген  (435-508  бб.),  одан 

бұрынырақ 1936 жылы М. Әуезовтің редакциясымен жеке жинақ болып басылған «Қозы Көрпеш-

Баян  сұлу»  жырының  Бейсенбай  жыраудан  жазылып  алынған  нұсқасын,  сол  ақынның:  «Мұны 

Жанақтан  естіп  едім»  деген  сөзіне  сүйеніп,  Жанақ-Бейсенбай  варианты  деп  жүрдік.  Бірақ 

Бейсенбай жырының аяғы трагедиямен бітпейді, онда Қозы мен Баян қосылады. Г.Н. Потаниннің 

1903  жылғы  Шоқан  варианттарына  берген  бағасына  қарағанда  бұл  жырдың  Жанақ  нұсқасы  да 

басында трагедиямен аяқталғаны байқалады. Потанин өзінің «Киргизиа в народной поэзии» деген 

еңбегінде  қазақ  арасында  махаббат  тақырыбына  құрылған  жырлардың  көптігін  айта  келіп:  «Бұл 

сияқты романдар «Баян сұлу» жырындағыдай аяғы қайғылы, трагедиялы болып бітпесе де, қазақ 

арасында осы кезге дейін көп айтылады» [3, 167 б.], – деп жазады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1Тәбәрікұлы С. Жанақ ақын. – Алматы: Арда, 2006. – 203 б. 

2 Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 293 б. 

3 Жармұхамедұлы М. Айтыс. – Алматы: Білім, 1990. – 52 б. 

4 Сүлейменов Т. Сегіз сері. – Алматы: Өнер, 1991. – 341 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет