Түркі тайпалардын наным сенімдері



Дата02.10.2024
өлшемі1,68 Mb.
#146545
Байланысты:
семинааар

Түркі тайпалардын наным сенімдері

Орындаған: Нұрмахамбет Ұлан

  • Түркілердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған.
  • Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды.

Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. 

  • Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. 
  • Қазақстан жерінде діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні – тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың да ықпалдары болды.
  • Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бумын қағанның ұлы Мұқан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Түркі қағандарын буддизмнің «Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе» деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары Жетісу жеріндегі Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда табылды.
  • Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты «ол – құдай емес, адам, құдайдың жердегі өкілі ғана» дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Осы несториандық ағым VII-VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде таралып, христиандық шіркеулер көптеп салынған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұқтар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб т.б. қалаларды қазғанда табылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет