Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылы


Сыр өңіріндегі күріш егіншілігінің пайда болуы



бет2/4
Дата22.05.2023
өлшемі25,53 Kb.
#95934
1   2   3   4
Сыр өңіріндегі күріш егіншілігінің пайда болуы
Ыбырай және оның замандастары дүниеге келіп, балаң балалық шақтарымен жігіттік жасай бастаған жылдар Қазақ халқының, оның ішінде Сыр елі тарихында, Орта Азия хандықтарымен Ресей империясы арасындағы билік үшін таластын орыс патшалығы пайдасына шешілген кезеңіне тура келгені белгілі. Ұзаққа созылған бұл оқиғаларды талдап-тарамдап жатудың бұл жұмысымда айтарлықтай қажеті жоқ. Дейтұрғанмен сол кездегі тарихи ахуалға аз да болса кысқаша шолу жасап кеткеніміз артық болмас. ХХ-ғасырдың бас кезіндегі революциялық толқулар,қантөгістер, онан қалды Столыпин реформасы шет аймақтарда да жағдайды шиеленістіре түсті. Столыпин Ресейдегі аграрлық мәселені шешу үшін помещиктердің жерін сақтау керек деп тапты. Оның аграрлық саясатының негізгі элементтерінің бірі Ресейдің орталық аудандарынан қоныс аударған шаруалардан Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде қуатты әрі мыкты жеке қожайындар тобын нығайтып, патша тіректерін күшейту еді. Сөйтіп, патша өкіметі қазақ еңбекшілерінің құнарлы жерлерін тартып алып, қоныс аударғандарға бөліп берді. 1908 жылы Перовск уезіне 700 шаруа көшіп келді. 1906-1912 ж. Сырдария облысында ғана қоңыстандыру қорына 3,2 млн. десятина құнарлы жер бөлінді. Осыдан кең көлемде ұйымдастырған іс әрекеттерімен 1917 жылға дейін казақ халқы 45 миллион десятинаға жуық мәйекті жерлерінен айырылды. Ресей империясының қоныс аудару саясатын іске асырудың 20 жыл ішінде (1897-1916 ж.ж.) Қазақстанға Ресейден шаруаларымен казактардың келуі төрт жарым есе артып 1 млн. 543 мың адамға жетті. Ал, жергілікті халықтың табиғи өсуі тек 16,2% болатын. Осының салдарынан Қазақстанда орыстардың саны 1897 жылы 15,7% болса, 1916 жылы олар 41,5%-ке жетті. Аталған мерзім ішінде қоныс аудару саясаты жағдайында Қазақстанда егіс көлемі едәуір өсті. Айтсақ, 1900- 1913 жылдар ішінде егіс көлемі 4,2 млн.десятинаға жетіп, 2 есе артты, оның ішінде 1,5 млн. жерге қазактар егін екті. Нәтижесінде, 1914 жылы Қазақстанда 150 млн. пұт астық өндірілді. Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда Сыр бойының біререкшелігі мал шаруашылығымен бірге, егіншілік мәдениетіде дамыды. Бұл жерде көне замандағы суармалы егістіктің белгісі қалды. Ол дәстүр кейін де дамып, Қазақ хандығы дәуірінде егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Сыр бойы суармалы шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Сыр бойы суармалы егіншілік, бау-бақшалықтың тұрақты аймағына айналды. Өзен суынан саға алатын жармалар мен арықтар жүйесі жеткілікті болған. Су өздігінен шықпаса шығыр орнатып, суды егістікке жеткізудің айла- тәсілдерін кең пайдаланған. Сыр қазақтары егістік жерлеріне тары, бидай, арпа еккен, азынаулақ жүгері және күріш дақылдарын өсіру тәжірибесі де болған. Сыр бойында егіншіліктің даму тарихы өте ертеден басталғанын дәлелдейтін жәйттар жеткілікті. Айталық Перовск уезінде суармалары жер жүйелері 208 бас арықпен 128 кіші арықтардан тұрған. Бас арықтардың ұзындығы 1625 шақырым болып, олар 12692 гектар жерді суландырған. Мұндағы ең көне арык XVI ғасырда қазылған Сарқырама Қарауылтөбеге дейін жеткен. Кейін Шолақарық пен Беглік арық XVIII ғасырда қазылған болатын. Суармалы жерді игеруде ауыл ақсақалдарымен мұрабтың атқаратын орны ерекше болды. 1891 жылы Перовск уезінде 129 мұраб жұмыс істеген. Бұл ой тұжырымдардың айқын дәлелдерінің бірі болған окиға ол Шиелі өңіріндегі Байсын би мен Нұртаза мұрабтың XIX ғасырдың соңғы жылдары ішінде іске асырған нақты тірлік тыныстары. Сырдария өзенін бойлап жағалап көрсеңіз ол Төменарық елді мекеніне таяу жерден өткен соң кілт бұрылып қызылға-құмға қарай кетеді де содан тек 80-100 шақырымдай төменде, яғни Бәйгеқұм, Жөлек тұсында ғана қайтадан шығысқа, қазіргі Жуан-төбе, Жөлек тұрған жерге жақын бұрылады. Осы екі арада Сырдарияның оң қанатында егін егіп, мал бағуға, көкөніс өсіруге тиімді кең алқапты шұрайлы жер жатады. Жоғарыда айтылған Байсын, Нұртазалардың халыққа колайлы жерге су жеткізу мақсаты да осы аймақты игеруге арналды Су тілін, жер жігін білетін ауыл ақсақалдары, Байсын, Нұртазалардың басшылығымен бұл алқаптың ерекшеліктерін өте тиімді, ұтымды пайдалана білген. Өйткені, қазіргі Гигант ауылының сәл ғана батыс түстігінде Бидайкөл, Саскөлі, олардан азғантай төмендегі Иіркөл, Көкиірім, Ак-өзек, Жансейіт Әулие өзектері, онан бері Оқшы-ата Әулиенің аймағындағы аумақты да терең ыза көлге көңіл аударсаңыз Бәйгеқұмға дейінгі аралықта түрлі өзен, көл, сулы ойпат, арналардың көптігін көресіз. Бірақ көпшілік жағдайда олар бір- бірімен байланыспаған, оның үстіне ен бастысы, Дария қатты тасымай қалған жылдары бұл жерлерді Сырдария суымен үнемі толықтырып тұратын бастау саға болмаған. Міне, осы кемшілікті жөндеп, бір жүйеге салу максаты күн тәртібіне койылады. Осыдан барып Байсын ақсақал, Нұртаза Мұраб т.б. іске кіріскен. Халықты ұйымдастырып Төменарық түбінен Дарияның ұрма жерінен саға салып сол қолдан қазған канал- арықты Бидайкөлге қосқан. Одан әрі қарай Иіркел, Ақөзек, Көкиірім т.б. ірілі-уақты су арналарына қосылып Жансейт Окшыата өңіріндегі Ызакөлге жалғастырылады, сөйтіп бір жүйе құрайды да Бәйгеқұмға жетеді. Бұл жерде үлкен жұмыс ұйымдастырылып Қанқожа су қоймасы салынады. Оның үстіне кейініректе Шиелі тұсынан Сырдарияға барар жерде сәл Таштоп деген ауылдан жоғарырақ дарияның былқылдақ деп аталып кеткен иінінен, сыр еліне аты-жөні белгілі Есен ұлы Жорабектің басшылығымен, қосымша саға алынып ол су жолы Ақ-өзекке тікелей қосылады. Бұл үлкен мәні бар тірлік болғаны белгілі. Кешегі 40-50 жылдардың ішінде бұл Ақ- өзек су жүйесінде судың мол болғандығы сондай, онайлықпен өткел бермейтін. Халықтың есінде қалып, өзіміздің куә болған жағдай, Ақөзектің орта беліндегі дөңестеу тұста Шегір өткелі деген жерден жұрт арғы бері бетке аттарын жалдап өтіп жүргені белгілі. Сонымен бірге аттары осы күнге дейін сақталып калған Көксу, Ботабай, Ақарық, Тасарык,Жетікөл су жолдарының салынғаны сыр бойы халқының қоғамда кездескен қиыншылықтарға қарамай егіншілікпен айналысып астык, өндіруді молайту жолындағы іс-әрекеттерін күшейте түскені аян.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет