Күн тәртібі:
1.Жұмыс мазмұнымен таныстыру
2.Топ құру
3.L.S жүргізілуінің әдістемелік нұсқаулықтарымен таныстыру
ТЫҢДАЛДЫ:
Оқу үдерісінде зерттеу, дамыту мақсатында 7 «А» сыныбының ағылшын тілінің тізбектелген сабақтар жүйесінде №1 «Present Continuous» тақырыбындағы сабаққа қатысу.
А.Ж.Касымова :Мен 7 «А» сыныбының ағылшын тілінің зерттеу сабағының №1 тізбектелген сабақтар жүйесінде «Present Continuous» тақырыбын өткіздім.Сабағымның мақсатына сәйкес жоспарланған оқу материалдарын толықтай жүзеге асырдым.Жетілдіретін тұсым,әрине көп,әсіресе уақытты тиімді пайдалануды қатаң есеруім керек.( Зерттелуші әзірленген қмж хаттамаға тіркелді).
Топ мүшелері 7 «А» сыныбының ағылшын тілі сабағына қатысу арқылы мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты зерттеу,зерттеу жұмыстарының түрлерімен бағыттарын нақтылап ,сабақты зерттеу үш немесе бес циклдан тұратынын атап өтті.Зерттеу барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануын анықтау,сәйкесінше мұғалімге әдістемелік көмек беру,оқушының кері байланыс беруге өз ойын нақты,түсінікті,әдеби нормаға сай жеткізуін анықтау туралы өз ойларын ортаға салды.
СӨЙЛЕГЕНДЕР :
М.Б.Есенгулова:зерттелуші мұғалім А.Ж.Касымоваға ары қарай сәттілік тілеймін,менің зерттеу нысаным А деңгейлі оқушы Адлетова Нұрай болды.Бұл оқушы сабаққа белсенді,толық жауап беретін,тапсырмаларға тиянақты,тақтадан көшірмей,өз бетінше жұмыс жасайды,шығармашылық қабілеті бар.Сабақ кезінде өзін жоғары деңгейде таныта білді.
Р. К.Жексенбаева: Менің зерттеу нысаным В деңгейлі оқушы Жағалтай Дәурен болды.Бұл оқушыда да сабаққа белсенді жақсы ,тапсырмаларға толық жауап беретін бала,десек те тақтада жеке жұмыс кезінде 1 қате жіберіп алды.Сабақ кезінде өзін жақсы деңгейде таныта білді.
К. Н Ешмуратова :Бүгінгі сабақ үшін зерттелуші мұғалім А.Ж.Касымова алғыс білдіремін. Зерттеу жұмыстарының әдістемелік нұсқаулықпен таныстырды,зерттеу жұмыстарына байланысты үш деңгейге бөлінді.Маған бақылауға С деңгейлі оқушы Нүсіпханов Досжан болды. Сабаққа жеке жұмыста өз ойын жеткізе алмады ,алайда топтық жұмыста жақсы нәтиже көрсете білді. Сабақ барысында «puzzli pictures» әдісте белсенді қатысты.Жеңіл тапсырмаларды ұяңдықпен жеңіл жауап берді,кері байланыста «сабақты жақсы түсіндім» деген жауап берді.
ҚАУЛЫ :
L.S үдерісін жүргізілуін жүзеге асыру үшін мұғалмдер тобы құрылсын.
7 «А» сынып оқушыларымен жұмыс жүргізетін топқа
М. Б. Есенгулова
Р. К.Жексенбаева
К. Н Ешмуратова
Құрылған топ мүшелері өздеріне белгіленген тапсырманы орындау тапсырылсын.
Жиналыс төрейымы: М.Б.Есенгулова
Хатшы: Р. С. Таникбаев
Достарыңызбен бөлісу: |