Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Жунусовке



бет5/7
Дата05.04.2023
өлшемі66,23 Kb.
#79581
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кызметтiк хат02042021155645

Техника қауіпсіздігі бойынша
№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жеке құрам арасында хаттамалар түзіліп, техника қауіпсіздігі журналына қол қойдыру жұмыстары жүргізілен. Бірақ бұйрыққа сәйкес 2019, 2020 жылдардың қорытындысымен сынақтар қабылданғаны туралы хаттама түзілген, тексеру барысында дәлелдеме құжаттарды ұсынбады.
Қызметтің Састөбе елді мекеніндегі № 29 өрт сөндіру бекеті
Тексеру барысында аула кезекшісі өз орнында, жеке құрам күн тәртібіне сай қызмет атқаруда. Кезекшіліктегі № 3-ші қарауылдың 1 бөлімшесі дабыл бойынша шығуы 1 минут 15 секунтта шықты «жақсы».
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер төмендегіше
Зил АЦ-40/130 мем.ном 572 BD/13 өрт сөндіру автокөлігінде анықталған кемшіліктер:
- өрт сөндіру автокөлігінің отсектері лас, кір, тазаланбаған (ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №111 бұйрықтың 19 тармағында – Тәуліктік кезекшілікке түскен кезде қарауыл бастығы мыналардың: өрт техникасы мен өрт-техникалық жабдықтар жай-күйін тексеруді қамтамасыз етуге міндетті);
ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №111 бұйрықтың 3.1 тармағының 27 тармақшасына сәйкес диспетчерлердің (радиотелефоншылардың) электр қауіпсіздігі бойынша ІІ топтан төмен емес біліктілігі болуы және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің біліктілік комиссиясына осы Нұсқаулықты білуіне емтихан тапсыруы қажет. Алайда диспетчерлердің (радиотелефоншылардың) электр қауіпсіздігі бойынша оқыған рұқсат қағазы жоқ.
№1, 2 мұқабалар басшылық тарапынан тексеріліп бақылау парағы жазылмаған.
Барлық автокөліктерде дәрі-дәрмек салу қобдишасында дәрі-дәрмектер жетіспейді.
Бекетте 24 дана өрт сөндіру жедел жоспары мен 26 дана өрт сөндіру жедел карточкасы бар, алайда 18.06.2015 ж №159 бұйрығына сәйкес жасалмаған. Өрт сөндіру депосында ауарайы бойынша ескерту шамдары жанбайды.
Бекеттің жатын және шешіну бөлмелерінде жарықтандыру шамы істен шыққан.
Бекеттің есебіндегі жеңдері диаметір 77 (L=4,5 м) екі дана жеңдерінің паспорттары жоқ. Сонымен қатар жеңдердің жұмысын есепке алу журналына тіркелмеген және жеңдерде бекеттің нөмірі, жеңдердің реттік номерлері таңбаланбаған.
2021 жылғы 19 наурызда № 29 өрт сөндіру бекетінің жауынгерлік кезекшілікке түсуші, шығушы 3, 4 қарауылдары өрт саптық дайындығының 35, 42 жаттығуларын орындай алмады. Жауынгерлік есепте тұрған мем. номері кz 541 ВD/1 АЦ-3-40 (1ход-291) автокөлігіндегі шабуыл сатысы (1 баспалдағы сынған), жылжымалы сатысы жарамсыз күйде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет