Жаңа мүмкіндіктер жүйелердің көпесептілігін кеңейтеді. Жаңа операциялар жадыдағы семафорлармен жұмыс жылдамдығын арттырады. Микросхемадағы жабдық бүркеме-жадының қайшы болмауына кепілдік береді және көпдеңгейлі бүркемелеуді іске асыруға арналған құралдарды қолдайды.
Pentium процессоры
Pentium процессоры Intel фирмасының басты жетістіктерінің бірі болды. Pentium процессорын құру 1989 жылғы маусымнан басталды, оны құру және тестілеу процесіне дербес компьютерлер мен программалық жасаудың барлық негізгі құрушылары белсенді қатысты, бұл жобаның жалпы жетістігіне өз ықпалын тигізді. 1991 жылдың соңында процессордың макеті аяқталды, инженерлер онда программалық жасауды іске қоса алды. Жобалау негізінен 1992 жылғы ақпанда аяқталды, процессорлардың тәжірибелі топтамасын тегіс қамтитын тестілеу басталды. 1992 жылғы ақпан айында Pentium процессорының өнеркәсіптік игеруін бастау қажеттігі жөнінде шешім қабылданды, бұл 1993 жылғы 22 наурызда Pentium процессорының кең ауқымды таныстыру рәсімімен аяқталды.
Бір ғана кремний төсемде 3.1 миллионнан артық транзисторлар біріктірілген 32 разрядты Pentium процессоры жоғары өнімділікпен сипатталады. Pentium процессорының суперскалярлық архитектурасы Intel-мен ғана сәйкес келетін екіконвейрлі индустриалдық архитектураны білдіреді, бұл процессорға тактылық жиіліктің бір кезеңінде бірден астам команданы орындау арқылы өнімділіктің жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Pentium процессорында құрылған басқа маңызды ревалюциялық жетілдіру, ол жеке бүркемелеуді енгізу. Pentium процессоры жылжымалы үтірлі жетілдірілген құрамдас есептеуіш блогын пайдаланудың арқасында математикалық есептеулерді неғұрлым жоғары деңгейде орындау мүмкіндігін береді. Pentium процессоры сырттан 32-биттық құрылғыны білдіреді. Жадыға деректердің сырт шинасы 64-биттық болып келеді.
Pentium процессоры компьютерлерді «нақты әлемдегі» атрибуттармен жұмыс істеуге үйретті – олар дыбыс, дауыстық және жазба сөйлеу, фотокескіндер.
Электронды есептеуіш машина 50-шы жылдан бастап кең қолданыста болды. Басында олар мемлекеттік ғимараттарда және ірі фирмаларда қолданылатын өте үлкен және қымбат құрылғылар болды. Электронды есептеуіш машинаның формасы мен көлемі микропроцессор деп аталатын жаңа құрылғыны дайындау барысында таңғаларлықтай өзгерді.
Микропроцессор (МП) – бұл сандық мәліметтерді өңдеу үшін және сол өңдеу процесін бірнеше интегралды сұлбаларда басқару үшін бағдарламалы-басқарулы электронды сандық құрылғы.
Микропроцессор – программа жадында сақталатын, мәліметтер өңдеуді басқаратын функционалды тұйықталған құрылғы. Микропроцессорлардың (МП) пайда болуы интегралды электрониканың дамуының арқасында мүмкіндігі артты. Ол кішкентай және орташа интеграциялық деңгейден үлкен және өте үлкен интегралды микросхемаларға өтуге мұмкіндік берді (БИС и СБИС).