Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет18/48
Дата23.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#52022
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпаратты бейнелеу құралдары.
2. Контроллер.
3. Бейнекарта (бейнеадаптер, бейнеконтроллер).
4. Видеоманитор. Құрылымы, жұмыс істеу принципі, техникалық мінездемесі.
5. Сұйық кристалды TFT мониторының құрлымы.
6. Принтер. Қолданылуы, жұмыс істеу принципі, техникалық мінездемесі.
7. CD-ROM ақпаратты енгізу құрылғысы. Қолданылуы, жұмыс істеу принциптерінің техникалық мүмкіндіктері.
8. Лазерлі принтер фирмасы Hewlett-Packard(HP). Матрицалық принтер. Сия бүріккіш принтер.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011


6-Дәріс
Тақырыбы: Микропроцессорлар.
Жоспар:

    1. Микропроцессор түсінігі

    2. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері

    3. Микропроцессор буындары (поколения) және олардың негізгі мүмкіндіктері.



Микропроцессор. Орталық процессор (CPU, ағыл. Central Processing Unit) - бұл программамен берілген арифметикалық және логикалық операцияларды орындайтын компьютердiң басты жұмыс компоненті, есептеу процесiн басқарады және компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіреді. Жалпы алғанда орталық процессор құрамына:
- арифметикалық-логикалық құрылғы;
- мәлiметтер шиналар мен адрестiк шиналар;
- тiркегiштер;
- командалар есептегiштерi;
- кэш - аз көлемдi өте жылдам жады (8-ден 512 Кбайтқа дейiн);
- жылжымалы нүктесi бар математикалық бірлес процессор енедi.
Соңғы процессорлар микропроцессорлар түрінде орындалады. Физикалық жағынан микропроцессор интегралды сұлба - процессордың барлық функцияларын іске асыратын бірнеше квадрат миллиметрлi тік бұрышты ауданды кристалдық кремнийден жасалған жіңішке пластинкада орналасқан сұлбалар. Кристалл-пластинка әдетте пластмассалық немесе керамикалық жалпақ қорапта орналасады және оны компьютердiң жүйелік платасына жалғастыруға болатындай етiп металды штырьлары бар алтын өткiзгiштермен қосады.
Есептеу жүйелерiнде бірнеше паралельді жұмыс істейтiн процессорлар болуы мүмкін; ондай жүйелер көп процессорлы деп аталады.
МП 4004 - бірінші микропроцессор Intel (АҚШ) фирмасымен 1971 жылы шығарылған болатын. Қазiргi кезде микропроцессорлардың бірнеше жүздеген түрлерi шығарылады, бірақ ең танымал және көп таралғандары Intel және AMD фирмаларының микропроцессорлары.
Микропроцессор түрлері.
Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың үлгісімен анықталады.




Intel және AMD фирмасының процессорларының моделдері
Алғашқы шығарылған 8086, 8088 нөмірлі ІВМ РС компьютерлерінде Intel фирмасы дайындаған 16 разрядты микропроцессорлар пайдаланылды. Олардың адрестік шинамен интерфейсі 20 разрядты және осыған сәйкес ОЕСҚ-ның көлемі 1 Мбайт болатын.
ОЕСҚ (оперативті есте сақтау қүрылғысы). Оның басқа түрде аталуы: RАМ — арифметикалық-логикалық операцияларды орындау алдында және орындау процесінде деректер мен программалар уақытша сақталатын ішкі жадтың негізгі бөлімі, оны жедел жад (ЖЖ) деп те атайды. ОЕСҚ-ның көлемі адрестік шинаның разрядтығына байланысты. Атап айтқанда, ол 2 санының адрестік шинаның разрядынан тұратын дәрежесі арқылы анықталады. Сондықтан Intel-8088 (І8088) компьютерінде ОЕСҚ-ның келемі 220 байтқа тең. Ал, қазіргі кездің 32—64 разрядты Пентиум типті дербес компьютерлерінің жад колемі 4 Гбайттан кем емес. (1-4 Мбайтган артық ОЕСҚ-ны пайдалану үшін арнайы программалар мен қосымша платалар пайдаланылады.)
Процессор үлгісінің нұсқалары көп.







Мысалы, 80386 процессорының SХ-25, DХ-33, ал 80436 процессорының DХ-40, DХ-50, DX2-66, т.б. атаулы нұсқалары бар. Мұндағы 80486 DХ-50 процессоры 80486 үлгілі процессордың 50 МГц тактілік жиілігімен жұмыс істейді. Мысалы, 80386 8Х процессорлы компьютерде 16 разрядты, процессорлы компьютерде 32 разрядты берілгендер шинасы бар (бұл шинаның разрядтығы өскен сайын берілгендер процессорға тезірек енгізіліп-шығарылады).
Соңғы жылдары 64 разрядты берілгендер шинасымен жұмыс істейтін Реntium сияқты мол мүмкіндікгі микропроцессорлар да көптеп жарыққа шықты.





Олардың тактілік жылдамдығы — 200—1500 МГц шамасында мына кестеде көрсетілген



Жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет