«Түркітану және ономастикалық кеңістік»
Мемлекеттік тілге деген қамқорлықты Елбасының ана тіліміз туралы әр жылдары айтылып, қанатты сөзге айналған төмендегідей тұжырымдарынан да көруге болады: «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», «Қиын кезеңдерде ұлтты қожыртпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс», «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», «Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады», т.б. Республикамыздың ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, шешуші басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру әрбір азаматтың міндеті мен парызы болып табылуымен қатар, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайды. Елімізде қазақтар санының айтарлықтай басымдыққа ие болуы, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген оң бетбұрысы, Үкіметтің жүйелі тілдік саясаты – Президент көрсетіп отырған міндеттерді белгіленген мерзімде орындаудың шешуші факторлары болып табылады. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тұғырынан көрінген тұста халқымыздың асыл қазыналарына жаңа жол ашылды. Осы жолда бұрын белгісіз, зерттелмей келген мұраларымыз қайта жарық көріп, халыққа орала бастады. Қ.Жұбанов: «Тіл – адамзат тарихының қоймасы тәрізді. Жердің тарихын білем дегендерге белгілі бір тәртіппен бірінің үстіне бірі орналасқан қатарлар арқылы із қалдырып, жердің геологиялық дамуының кезеңдерін көрсететін жер қабаттары тәрізді тілдің де әрбір кезеңі даму тәртібіне сай тілде қаланып, қалыптасып сақталады», – деген болатын
Проф. Ж.Манкеева: «Тіл халықтың материалдық қана емес, рухани байлығының көрсеткіші, тіл – халықтың рухы. Ия, бір заттың атауы – ұлттық сана мен ұлттық талғам сабақтастығының нәтижесінде пайда болып қалыптасатын туындының тілдік бейнесі. Демек, тілдік атау белгілі бір затты ғана білдіріп қоймай, ұлттың өзіне тән дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындаған тұрмыстық бұйымды атайды» деп жазады.
Ономастика, негізінен, – тіл білімінің кез келген жалқы есімін зерттейтін ілім. Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды.
Нақты бір тарихи кезеңде бір территорияда орналасқан тілдік қауымдастықтың атаулар жиынтығын ономастикалық кеңістік деп атайды. Әдетте, ономастикалық кеңістікті кез келген халықтың, қауымдастықтың тілдік құралдармен белгіленетін ақиқат және қиял нысаналалардың атаулары мен есімдері, яғни онимдік бірліктері құрайды. Ол атаулар моделіне сай, қоршаған ортаны сан ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетаным, ұлттың ойөрісі негізінде бөліктеу ерекшелігіне сәйкес жасалады. Қазақстанның ономаст, маман ғалымдары онимдік бірліктерді сегменттерге, топтарға бөлгенде, Батыс Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулеріне сүйенген. Осы орайда, көпшілікке ұғынықты болу үшін қазақ ономастикасының басты тармақтары мен топтарын әлемдік ономастика, одан бергі орыс ғалымы Н.Подольскаяның қолданған жүйесі негізінде көрсетуге болады. Ономастикалық кеңістік атаулары грек және латын тілінің негізінде интернационалдық терминдік элементтерден жасалған.
Атап айтсақ, 1.Жер беті кеңістігі атаулары. 2.Жанды және жансыз болмыс атауларына байланысты жер беті кеңістігі атаулары. 3.Адамның тіршілік аясындағы атаулар. 4.Ғарыш кеңістігі атаулары. Ономастика қазақ тілі лексикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, ол ерекше лексикалық жүйе ретінде қаралып, оны зерттегенде жалпы тіл бөліміне тән методология мен әдістемені қолданып жүрміз. Ономастикалық зерттеудің мынадай негізгі бағыттары бар: тізімдегі ономастикалық жүйелердің дамуы мен қолданыс аясын зерттейтін теориялық ономастика, материалдарды сипаттамалы ономастика атаулардың шығу, пайда болу жолын, олардың бір атаудан екінші атауға ауысуын, атаулардың белгілі бір тарихи дәуірлерге тәндігін зерттейтін тарихи ономастика, ономастикалық материалдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы жайлы ұсыныс, нұсқау беретін қолданбалы ономастика, көркем әдебиет шығармаларындағы атауларды зерттеумен шұғылданатын поэтикалық ономастика.
Ономастика мәселесінің ұлттық сана қалыптастырудағы қарқынды дамуы – оның саралануына және дамуына себепші факторлардың бірі. Ономастика салаларының бірнеше түрлерінің бар екендігін айта отырып, олардың ғылыми тұрғыдан зерттелу деңгейінің бірдей еместігін анық байқауға болады. Сондықтан қазақ тіл білімінің маңызды міндеттерінің бірі – қазақ ономастикасын және оның жаңа бағыттарын кешенді түрде зерттеу болып табылады. Негізінде, бұл бағыттардың белгілі бір мақсаты, міндеті мен жол-жөні, әдістері болады. Дәлірек айтсақ, қазіргі ономастика кешенді ғылым болып табылады: ол әртүрлі филологиялық, гуманитарлық, жаратылыстану, әдебиеттану ғылымдарының әдістері мен мүдделерін қамтиды, оның дамуына филолог-лингвистер, фольклоршылар, тіл тарихын зерттеушілер, әлеуметтанушылар, философ-логиктер, тарихшылар, қоғамтанушылар, географтар, мифологтар, астрономдар, археологтар, мәдениеттанушылар, т.б. қатысады. Дегенмен ол ең алдымен тіл біліміне қатысты. Көпшілік мұны тек ономастика жеке ғылым статусын алғаннан кейін ғана XX ғасырда мойындады. Оның бергі жағында еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ономастика ғылымы қайта түлеп жаңғырды. Шығыстың кемеңгер ойшылы Конфуций осыдан екі мың жыл бұрын Қытай билеушілерінің біріне мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда, іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді», – деген екен. Жер-су атауларының феномені неде жатыр десек, олар – тіліміздегі ең көне сөздер ретінде аса ерте, есте жоқ замандардан күні бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың ұлы рухани мұрасы. Өзінің айрықша тілдік табиғаты, тұрақтылығымен бізге беймәлім арғы ата-бабаларымыздың тілінде өрнектелген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айналымында болып, қоғам қажетін өтеуінің өзі феномендік факт екендігі даусыз. Бүгінгі күні ономастика ғылымының өзекті мәселелері қандай деген сауалға келсек, ономастика ғылымы – қоғамның ажырамас бөлігі. Өйткені адам дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, оның есімі, оның туған жері, ата-анасы, тәрбиеленген балабақшасы, білім алған мектебі, оқыған кітаптары, тұрған көшесі, т.т. барлығы да онимдер арқылы анықталып отырады. Ономастиканың антропонимика, топонимика, этнонимимка, зоонимимка, космонимика, гидронимика, оронимика, урбаноним, идеоним, дромоним, комоним, астионим, ойконим, т.б. салалары бар. Антропонимдерге байланысты кісі есімдерінің аталу семантикасы, олардың орфографиялық нормаларына сәйкес жазылуындағы кездесетін қателіктер мен кемшіліктер жетерлік. Мәселен, жеке куәлік. Енді көше атаулары – урбанонимдер, жарнамалар, көрнекі ақпараттар туралы сөз етсек, өз алдына шешілмей жатқан мәселелері. Көше атауларына байланысты қажетті құжаттар мен негіздемелер, тіпті кейбір көше атауларының нақты кімнің есіміне байланысты аталғандығы, атау берілген көшеге тек қана тегі жазылып, кісінің есімінің кім екендігі белгісіз жағдайлар жиі кездеседі.
Қазақ жер-су атауларын жасауға қатысатын халқымыздың рухани, мәдени дүниетанымдық жүйесі мен материалдық тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдар кешенінің ортақ, бірегей екендігі тәуелсіздігімізді алғаннан соң ғана айқындала бастады. Қазақ елі жердің қадірін өте ертеден-ақ біліп, бір ата-бабасының зираты жатқандығы үшін де оны ерекше қастер тұтқан. «Туған жердің бір уыс топырағы бұйырса екен!» – деп тілейтін халқымыз сонау бір қиын-қыстау замандарда атақоныс жерден айырыларда қабырғасы қайысып, жалғызынан айырылғандай күй кешкен. Кенесары қонысынан ауарда Досқожа ақынның:
Артымда қалып барасың,
Бастары самал тауларым!
Арасы биік бауларым,
Кетемін деген есте жоқ,
Кетірді дұшпан – жауларым!
Сарқырап аққан тастақтан,
Сабадағы сары қымызда
Сабадағы сары қымыздай,
Сарқырап аққан бұлағым
Аман бол, қайран шырағым!... – деп, қасіретті шерін тарқатады. Бұл жерде ақын кіндік қаны тамған, өркен жайған жайлы қонысынан айырылуымен қатар туған жердің тарихынан да біржола қол үзбек. Себебі кез-келген мекеннің атауы, таулар мен құз-шыңдары, бұлақтың өзіне тән атауы болады. Жалпы қазақ халқы өзінің даласындай жайдары да жалпақ тілмен елді мекенге ат қойып, айдар тағуға шебер халық болғандықтан, оған байыппен қарап үлкен мән берген. Халық тарапынан қойылған әрбір жер атауы – сол жердің тарихи куәлігі, паспорты. Бұл атаулар жүйесі – жерімізде әр заманда мекен еткен тайпалар мен ұлыстардың, түптеп келгенде, өз еліміздің ғасырлар бойы жасаған ойсанасының, ортақ мәдени, рухани төл туындысы. Әрбір елді мекен атаулардың өзіндік тарихы, олардың астарында белгілі мән-мағына, арман-тілек жатады.
Сол себептен де отарлаушы ел тарихи атауларды санадан өшіруге талпынғаны да сондықтан, біріншіден, тарих байланысын үзіп, екіншіден, жерді жеке меншік мүлікті өз атына аударып алғандай өз тіліне аудару деп түсінеміз.
Қорыта айтсақ, ономастикалық атаулар елiмiздiң тыныc-тipшiлiгiне қaжеттi бaғыт-бaғдap беpетiн тaңбaлық қызметiнен бacқa үлкен қоғaмдық-caяcи мaңызғa ие. Оның ұлттық, тaнымдық cипaттapы aлдыңғы қaтapғa шыққaн. Cебебi, oнимдеp aдaмзaт қоғaмымен пaйдa болып, оның өмip cүpуiмен қоғaмғa қызмет етедi, iлгеpi дaмып, қоғaмдaғы өзгеpicтеpден тыc қaлмaйды. Бүгiнгi Қaзaқcтaн қоғaмы өзгеpicтеpiнiң бacты бaғыты – мемлекеттiк тiл caяcaты болca, қaзaқ ономacтикacы сол тілдің оның құpaмдac бөлiгi болып тaбылaды. Қaзipгi тaңдa ономacтикa ғылымы pеcпубликaлық ұлттық тiл caяcaтының жетекшi бaғыттapының бipi pетiнде қолдaнылып отыp. Осы кезеңде ұлттық ономастиканың көкжиегі кеңейе түсіп, еліміздің ғалымдары мен ономаст мамандары әлемдік ономастика жетістіктерін ескеріп және жаңа зерттеу әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында іргелі де кешенді теориялық мәселелерді шешуге қол жеткізді.
№1 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Базарова Ж.М.
Достарыңызбен бөлісу: |