Түрлі жастағы емделушілермен қарым-қатынас
Балаларды клиникалық тексеруге дайындау барысында мейірбикенің ролі зор. Баланың тексеру барысында оны тыныштандыру, ойын және зейінін басқа жақа аудару мейірбикенің біліктілігіне байланысты. Балаға немқұрайлы қарау және дөрекі сөйлеуге тиым салынады. Мейірбикенің жұмысының негізгі қағидасы тексеріс немесе процедура барысында баланың психикасын қорғау, теріс эмоциялардан шектеу болуы қажет. Ол үшін қорқынышын азайту мақсатында әр түрлі әдістерді қолданса болады.
Осының бір әдісі ретінде терапиялық ойынды қолданса болады.
Терапиялық ойын екі кезеңнен тұрады:
- балаларды процедураға дайындау
- олармен жастарына сәйкес сөйлесу.
- жаңа туылған нәрестелер мен - 6 жасқа дейін гі балаларды процедураға дайындау барысында ата-аналарымен жүргізеді, 12- 14 жасқа дейін балардың өзімен жүргізу қажет.
Процедураға дайындау басталады
- 3 жасқа дейінгі баларды 30 мин - 1 сағат бұрын;
- 5 жасқа дейінгі баларды 1-4 сағат бұрын;
- 15 жасқа дейінгі баларды 1-2 сағат бұрын.
3- 5 жасқа дейінгі балалар қиялға бай, олар өте тынымсыз, олар құлаудан бір жерін сырып алудан қорықады.
Оларға процедураның жүру кезеңдерін толық айту қажет.
Мейірбикелер іс-әрекеті:
- процедурамен таныстыру, қажетті құралдарды дайындау барысында бала көріп ұстауына мүмкіндік беру;
-баланың барлық сұрақтарына жауап беру;
-тыныштандыру;
-баланы бақылап отыру, ауырсыну болған кезде анықтап отыру.
Балалар 12 жаста көбісі көп затты түсінеді.
Олар терапевтикалық ойынының барысында қуыршақты пайдалануды ұнатады.
Оз құрбыларынан процедураға дайындау барысында оқшаулаған дұрыс, өйткені ұялу, ойларының бөлінуі болады.
Мейірбикелер іс-әрекеті:
дененің қандай бөліктері процедураға түсірілетіні түсіндіру;
терапевтикалық ойынның элементтерін кіргізе отырып баланың көңілін аудару;
тыныштандыру;
12- 15 жасқа дейінгі балалар тәуелсіздікке тырысады, оларды сәтсіздік, оның сырт бейнесінде болған өзгерістерден қорқады, сол себептен:
- олармен мәселелерді ашық талқылау;
- терапевтикалық ойынға анатомия атластарын, суреттерді, макеттерді пайдалану;
- оларға ашық толығымен не көретіндерін, не сезетіндерін, не еститіндерін түсіндіру,
- күйзелісті немесе ауырсынуды жоюы үшін тыныстың жаттығулар ұсыну.
Тексеріс тен кейін баланы жалғыз қалдыруға болмайды, қасында отырып, қолға алу. Ересек және кішкентай баларға ойын бөлу мақсатта кітап оқу, ойыншықтарды көрсету.
Қария жастағы пациентпен әңгіме коммуникация (қарым-қатынас) немесе өзара әрекеттесу ретінде дәл анықталады. Медициналық қызметкер білімді, адамның мінез-құлқын, мінез-құлқының түрткісінің белгілі және құпия себептерін түсінуге қабілетті болу керек. Бұндай білім жұмыстың тиімділігі мен адамдарға шыдамды болуды қамтамасыз етеді.
Адамның қандай көмекті іздеп отырғанын зер салып тыңдау және бақылау арқылы объективті фактілер мен субъективті сезімдерді жеке тұлға аралық қатынасқа айналдыра алады.
Әңгіме жүргізудегі негізгі дағдыларға негізгі 10 қағида жатады.
Басында пациентке әңгіменің жалғасатыны туралы хабар беру;
әңгімені пациентт жағдайда түсінгеннен кейін бастау;
еркін атмосфераны құру үшін тілектес болуға тырысу;
жағдайға пациентттің көзімен қарау;
адамды сол күйінде қабылдамай, пікір айтудың қауіптілгін сезіну;
әлеуметтік қарым-қатынастың дағдыларын дамыту;
басына «ия» не «жоқ» деп жауап беруге болатын сұрақтардан қашу;
пациентттің орнына сөйлемеу, оның орнына ойламау;
қатты асықпау, әбігерленбеу;
пациентттің паузасы мен үндемей отыруына үйрену (бұл көбіне пациентттің күш салып ойланып отыратын уақыты).
Әр әңгімлесу қандай да бір негізгі мәселені белгілейді, мысалы, пациентттің қаражат жағдайын, оның ауруларын, ренжуін, өзіндік қарым-қатынасын және тағы басқа. Әр әңгіменің оның сызбасы болуы керек, басы, ортасы, аяғы. Әрбір келесі әңгіме – кездесу алдыңғы әңгіменің құрамын тіреу етіп алу керек, сонымен қатар жазбаша немесе видиозапись қолданылуы керек.
Пациентттің үндемей қалуы мен оның әңгімесінің бір-біріне сәйкес келмеуіне назар аудару керек. Мысалы, зорлыққа тап болған адам басқаның бұған араласқанын қаламайды. Бұл күтпеген өзгерістер немесе пациентттің бір идеяны екіншісімен ойша байланыстыруы, сондықтан бұлардың екеуі де ешнәрсені білдірмейді.
Медбикенің әңгіме-интервьюі күнделікті әңгімелерден мынадй қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың әңгімесінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған тақырыбы болады, әңгіменің уақытша шеңбері анық болады. Өзара қатынастың жағымды және жағымсыз жақтары болады. Соңғы аспектіні толығырақ қарастырайық. Медбике мен пациентттің алғашқы кездесулерінің таза информациялық қызметтен басқа кем дегенде 3 мақсаты бар:
пациентпен емдеу әдістеме қатысты одақ құруға ұмтылу;
медбике пациентттің онымен сезімдерін түсінуге ұмтылады;
пациентттің ситуацияны жеңетініне сендіру жұмыстың әдістері мен формаларын демонстрациялайды.
Егер бұл факторларда назарға ілмесе, ситуацияны басқару мүмкін емес. Әсіресе, егер пациентт тарапынан негативті реакция бақыланса.
Кейде медбикелар тұйық, өздеріне қандай көмек керегін айтудың орнына ол туралы сөз қозғамау үшін бәрін істейтін қария жастағы пациентттер кездесетініне қиналады. Бұның себептерінің бірі, бейтаныс адаммен кездесу ұялу сезімін, үлкен үміттің, сәтсіздік сезімін, өзін тәуелді сезінуін туындатады. Медбике пациентт не өзі туралы сырластық, ұялтатын немесе қорқытатын фактілер көрсетпеуі керек себебі, бұл пациентттің негативті реакциясын туындатады.
Егер қария жастағы пациенттің физикалық кемшіліктері, ақыл – ой, есту, сөйлеу бұзылыстары болса, онда қарым-қатынастың альтернативті әдістері қажет болуы мүмкін. Тіпті тәжірибелі медбикелардың өзі кейде жағдайды алдын ала болжайды немесе пациентттің не айтқысы келгенін өзі ойлайды. Пациенттке максимальды еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн, өйткені адамға өз тарихын өзі айтуға мүмкіндік берсе, ол өз мәселесінің шешімін тез табады. Пациенттпен стереотипті қатынасу қиындық тудырады. Пациенттті белгілі бір класқа жатады деп қарамау керек, өйткені, бұл ол туралы ойдың қалыптасуына және асығыс шешімдер жасауға әкеледі, адамдар олар туралы асығыс шешім жасауға болмайтын өте қиын, сезімтал және динамикаға жақын болады.
«Жақсы» сұрақтар қою. Сұрақ қою тұлға аралық қатынастың дағдысы ретінде өзекті.
Сұрақты көп қою, тергеу сияқты болып көрінсе, сұрақты тым аз қою маңызды сәттердің көрінуіне кедергі жасауға әкелуі мүмкін.
Тәжірибесіз адамдар егер пациентт әңгіменің неге қатысты екенін байқап қойса «байқау» сұрақтарын қоюдан қашады.
Одан басқа кедергі «неге» деп басталатын сұрақтардың көп қойылуы болып табылады, бұл пациентт өз қылығын түсіндіруі керек дегенді білдіреді, сөйтіп оның қорғану позициясын алуына әкеледі. Сұрақты «не» сөзімен бастаған дұрыс, өйткені екі жақтыңда әңгімесіне пайдалы информация беруі мүмкін, мысалы, кәрі әйелден неге үйден шығуға қорқасыз деп сұраудың орнына, егер ол үйден шықса не жағдай болуы мүмкін деп сұрау.
Сұрақтардың респортерлық типі кейде, егер корреспонтенттің алдында оппоненттің дәлелдері өзгеріске әкелу үшін әдейі жүріп жатса сәтті болуы мүмкін. Өзгерісті соңғы мақсат деп түсінетін сұрақты қолданудың жолдары – оларды мынадай жолмен құрастыру: «Мүмкін, бұл дұрыс емес шығар, бірақ...», «Мен онша түсінбедім...», бұлардың барлығы пациентттің әдеттегі мінез-құлық сызбасынан шегініп, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруын стимуляциялайды. Нотация оқу немесе алдын ала кеңес беруді қаламайды және олар тәжірибелі көмекші болып табылмайды. Ыңғайсыз жағдайлар болған кезде оған назар аударуды кергі жоқ, бұдан пациентт негізгі мәселені жеңген кезде немес ол қысылудан арылған кезде қайта оралуға болады.
«Жақсы» сұрақ қоюдың басқа типі «айналма сұрақ». Ол отбасының терапияда қолданады және қатысушылардың әртүрлі позициясын көрсетеді, отбасының басқа екі мүшесінінің өзара қатынасын үшінші жақтың қалай көретіні туралы жаңа информация береді.
Мынау сияқты гипотетикалық сұрақтар «Егер былай болғанда, қалай болар еді...?» ситуацияны одан әрі анықтай түседі, бұлар мәселені шешудің жолын ұсынарда қолданады.
Жақсы медбикеның мынадай 6 сапасы болады:
Симпатия немесе түсіну - әлемге басқа біреудің көзімен қарауда;
Сыйлау, пациентттің мәселесін ол оны өзі шеше алады деген сенімділік тудыру үшін қабылдау;
Консультациялап отырған адам мәселені максималды түсінуі үшін, оның нақтылығы, айқындылығы;
Өзін-өзі білуі және басқаларға өзін танытуға көмектесу;
Шынайылық, өзін пациенттпен қарым-қатынаста табиғи ұстау;
Нағыз сол сәтте болып жатқан нәрсеге байланыстылық.
Енді бастаған әлеуметтік медбикелар қиындық тудыратын қарым-қатынаста қиындықтарға ұшырауы, әңгімені жалғастыру үшін қандай дағдыны қолдануды білмеуі.
Осыдан келіп, медбикелерге мынадай ұсыныстар беруге болады.
адам мінез-құлқын айқын және құпия себептерін білу және түсінуі керек;
тұлғааралық қатынастың дағдысы болуы керек;
сұрақ қоя білуі керек;
түсініксіздікке әкелетін қатынас бөгеттерін жоюға тырысу.
Сөйтіп, берілген бөлімді меңгеріп, медбикелар тыңдай, байқай және қабылдай білуі керек. Тәжірибелі кеңесші болу үшін түсінгіш және қамқоршы болу жеткіліксіз, тәжірибеде көптеген жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуі керек
Достарыңызбен бөлісу: |