Тромбоциттердің жалпы сипаттамасы Тромбоциттердің жалпы бес түрі



Дата11.07.2023
өлшемі288,09 Kb.
#104196
түріҚұрамы
Байланысты:
stud.kz-129484


Тромбоциттердің жалпы сипаттамасы
Тромбоциттердің жалпы бес түрі
Тромбоциттер қан құрамының пластинкалары. Тромбоцит жайлы айтпас бұрын, қан жайлы айта кеткенім дұрыс деп ойлаймын. Қан – плазма мен түрлі пішінді элементтерден құралған сұйық ұлпа. Қан — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат  плазмадан құралады. Плазмадан жасушалары эритроциттер мен лейкоциттер пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.


Қазіргі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі қан .Қазіргі таңда мүмкін естідіңіз ,мүмкін естімедіңіз қан аурулары жиі кездеседі. Мысалы қан құрамында тромбоцитттер жетіспесе адамда қан ұйымайтын ауруға шалдығуы мүмкін. Қан көмірқышқыл газы мен оттегіні, сонымен қатар ағзаға керекті қоректік заттарды, ферменттер мен медиаторларды тасымалдау қызметін атқарады. Сіз демалған сайын қан айналым үдерісі жүзеге асатынын білетін боларсыз. Қан айналым қызметінің негізгі міндеті – адамды демалу үрдісімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар қан тек пайдалы заттарды денеге тасымалдап қана қоймай, токсинді заттарды ағзадан сыртқа шығару үшін де қызмет етеді.

Қандардың құрамындағы лейкоциттер арқылы иммунитетіңіз сыр бермейді. Қанның құрамында антоксиндер бар. Сонымен қатар, қан кету кезінде оны тоқтатуға қатысатын тромбоциттердің өзі қорғаныш қызметін атқарады.



Қандардың құрамындағы лейкоциттер арқылы иммунитетіңіз сыр бермейді. Қанның құрамында антоксиндер бар. Сонымен қатар, қан кету кезінде оны тоқтатуға қатысатын тромбоциттердің өзі қорғаныш қызметін атқарады.Биологиялық белсенді заттар ағзаға түскен бойда ыдырап, қанға беріледі. Сіз жұтқан нан сол күйінде емес, оның құрамы қан тасымалдайтын нәруыздар мен түрлі белсенді ағзаларға ыдырайды. Сіздің денеңізге керекті кез-келген қоректі қан уақытылы жеткізіп отырады.Адамның денесіндегі қанның мөлшері 5-6 литр аралығына сәйкес келеді. Күн сайын қанның осыншалықты мөлшері сіздің жүрегіңіз арқылы 1000 рет өтеді.Қан сұйық плазмадан әрі пішінді денелерден тұрады: эритроцит, лейкоцит және тромбоцит.Эритроцит (қанның қызыл денелері) – құрамында гемоглобині бар, тыныс алуда маңызды рөл атқаратын, сонымен қатар қанға қызыл түс беретін элемент. Қаныңызға тексеріс жүргізген кезде, сіздің қаныңыздың мөлшерін дәл осы элемент арқылы өлшейді. Лейкоцит (қанның ақ денелері) – қорғаныш қызметін атқарады. Оның денеде тым көп болуы ақ қан ауруына әкеліп соғады.Тромбоцит (қанды пластиналар) – қанның ұюы үшін жұмыс істейді. Денеңіздегі жарақаттың бетіндегі қою қызыл түсті қабыршақтар – тромбоциттер.

Жапондар қанның тобы адамның мінезіне қатты әсер етеді деп есептейді. Бірінші топқа жататын адамдар көбіне тәуекелге бел буады, шешімді оңай әрі тез қабылдайды. Екінші топқа жататын адамдар мінез жағынан тұйық болса, үшінші топқа тиесілі ақыл мен тазалық екен. Ал төртінші топтың адамдарын салмақты деп есептейді. Жапонияда бұған қатты мән беретіні соншалықты, қан тобыңыз сәйкес келмесе жұмысқа алмауы әбден мүмкін.. Антарктикадағы мұзды балықтардың қанында гемоглобин жоқ. Сол себептен, оның түсі – ақ. Бұл ерекшелігі төмен температурада мекен етуіне мүмкіндік береді.. Кейбір қан топтарының әлемде кездесу жиілігі сирек. Бірінші қан тобына ие жандар арамызда жиі кездеседі. Екінші қан тобы Еуропа тұрғындарының арасында жиі кездесетін болса, үшінші топты иемденгендердің мөлшері небәрі – 13%. Төртінші қан тобы әлемдегі ең сирек кездеседі, тек 7%-ға жуық тұрғынның қаны осы топқа жататыны анықталған. Қазіргі таңда қан адам ғана емес бүкіл жануар тіршілік жасайтын барлық организм ушін маңызды қызмет атқарады. Адам 40% қанын жоғалтса да, тез арада қайта қан құйса, аман қалу мүмкіндігі бар.


Қан плазмасы құрамы жөнінен кокос суына ұқсайды.Көп жағдайда дүйсенбі күні жүрек талмасы ұстайды. Бұл жұмыс күні басталуынан болатын стреске байланысты.Зерттеушілер некенің баянды болуы қан тобына да байланысты екенін анықтады. 2 мен 4, 2 мен 1 қан тобындағылар қосылса, ауыз біршілік мықты болатын көрінеді. Екінші қан тобындағыларда холестерин мөлшері көп болады.Торонто ғалымдары диетаның қан тобына қатысы жоқ екенін дәлелдеді.Құлағымызға ұлудың қабыршағын тақағанда ешқандай теңіздің дауысын емес, өз бойымызда ағып жатқан қанның дауысын естиді екенбіз.Антарктидадағы балықтардың қаны ақ түсті болады. Оның құрамында гемоглобин болмайды, сол себептен суыққа төзімді.Масалар да адамды қан тобына қарай таңдап шағады, оларға бірінші топты қан иелері көбірек ұнайды.Ежелгі Египетте перғауындар түрі қанға ұқсайды деп шарап ішпеген.
Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер). Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі құрайды.
Қан плазмасы – құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.
Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау. Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа формалық элементтердеге қарағанда төмен.
Қан қалпына тез келетін тіндер қатарына жатады. Қанның формалық элементтерінің физиологиялық регенерациясы қан жасаушы ағзалары арқылы бұрынғы жасушаларды жою және жаңасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Сүйек кемігі адам мен өзге сүтқөректілердегі негізгі бөлік болып табыады. Адамда қызыл немесе қан жасаушы сүйе кемігі негізінен жамбас сүйектерде және ұзын түтікше сүйектерде орналасқан.
Эритроциттердегі кейбір антигендік қасиеттердің жалпылығы бойынша барлық адамдар белгілі қан тобына тиістілік бойынша бөлінеді. Әр адамның қан тобы ерекше. Белгілі қан тобына тиістілік адамның тууынан бойына бітіп, өмір бойы өзгермейді. Қан «AB0» жүйесі бойынша төрт топқа «резус факҚанның құрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады.. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын құрамына. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар – натрий, калий, кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, а, (3, углобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 жатады.

Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.
Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы сутегінің корсеткіші деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының түрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бүл әлсіз сілтінің реакциясы.
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындьглар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3. Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер – тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. Громбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Жалпы алғанда тромбоциттердің қызметтері оның арнайы жан-жақты қасиеттеріне байланысты.Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда түрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бүл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Бұл емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы үлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.
Тромбоциттердің басты қызметі – қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 – қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 -тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3-тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да тромб пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда түзілетін К витамині қатысады..
Жаңа туған сәбидің қанының ұюы өмірінің алғашқы күндері, әсіресе 2-ші күні, баяу болады, ал 3-ші күннен бастап 7-ші күнге дейін жылдамданып, ересек адамдардың қанының ұю уақытына жақындайды. Дегенмен қанның ұю уақытында баланың жеке басының қасиеттеріне байланысты аздаған айырмашылық болады. 5,5-6 жаста қанның ұюы 1-2 миноттен кейін басталып, 3-4 минутте аяқталады. Сонымен қатар, алғашқы күндері мөлшері аз тромбопластин 3 аптада ересектердегідей болады, ал қанының плазмасындағы фибриногені анасының қанындағы мөлшерден біршама аз болады. 1 жастан 12-14 жасқа дейін қанның ұюына қатысатын факторлар шамамен дұрыс қалыпта болады, бірақ өзгермелі келеді. Қанның ұю қасиетіне ықпалы бар эндокриндік жүйе мен жасөспірімдердің организміндегі функциялық басқа өзгерістер аяқталған соң, қанның ұюы 50-60 жасқа дейін тұрақталады.
Қан, лимфа және ткань сұйығы өз қызметтерін тек ұдайы қозғалыста болғанда ғана атқара алады. Жүректің жұмыс істеуі, қан тамырларының серпінділігі, бұлшық еттердің жиырылуы, тамырлар жүйесінің әр бөлімінде қысымның әр түрлі болуы осы қозғалысқа себеп болады.Қанның үздіксіз қозғалысының бұзылуы тканьдерде оттегі жетімсіздігін туындатып, күрделі асқынуларға тіпті өлімге душар етеді.
Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Ағылшын физиологы Баркрофт тамаша тәжірибе жасап, кокбауырдың қан жиналатын орын екенін алғаш дәлелдеді. Ол иттің кокбауырын абайлап, қан тамырларын үзбей, құрсақ қуысынан шығарып алып, тәжірибедегі иттің терісінің астына орналастырған. Көкбауыр көрінетіндей етіп теріге әйнек ретінде мөлдір целлулоид пластинкасын тігіп, мүшенің жағдайын байқап отыратын терезе жасаған. Жануар операциядан айыққаннан кейін сол терезе арқылы көкбауырды түрлі жағдайларда байқаған. Ит қозғалып жүрген кезде көкбауырдағы қан азайып, ол тынышталып демалғанда қайтадан көбейген. Иттің қимылына сай көкбауырдағы қанның қоры азайып отырған. Баркрофт озінің осы итін 1926 жылы физиологтардың съезінде көрсеткен. Кейіннен көкбауырдың қанның қоры жиналатын мүше екені, сонымен қатар, қанның кейбір клеткалары осы көкбауырда дамып жетілетіні толық анықталды.
Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұнымен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфациттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады. Мұнда лимфациттер көптеп жиналады. Олар көкбауырдан лимфа айнылымына құйылып, одан тағы да қайтып келеді. Көкбауырдың қыртысында Т-лимфоциттер, ішкі ұлпасында В-лимфоциттер орналасады деген деген мәліметтер бар.Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және токсиндер (улы заттар) усыздандырылады.Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған жағдайда қордағы қан дереу қан айналыс жолына құйылып, жұмыс істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойы лғанда бұл тұрақтылық өзгереді.Мектеп жасындағы баланың жүмысы көбінесе – оқу, ми еңбегі. Оқу, ми еңбегі ретіңде, қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді.Бастауыш сынып оқушыларында оқудың әсерінен эритроциттердің түту жылдамдығы (ЭТЖ) аздап өзгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды.Қанның тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамен 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейін темендегені туралы мәліметтер бар.
Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты.
Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. Бала жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер кобейеді. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шұғылданғанда лейкоциттердің барлық түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфоциттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстық айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жұмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай қысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына әсері онша күшті емес. Жүгіру, суда жүзу сияқты спорт ойындары кезінде олардың саны орта есеппен жарты миллиондай ғана артады. Ал 1,5-2 сағат велосипед айдағанда эритроциттер айтарлыктай көбейіп, тек бір тәуліктен кейін ғана қалпына келеді. Бұлшық еттердің қызметі тромбоциттерге күшті әсер етеді. Миогендік тромбоцитоз еңбектің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уақыт спорт ойындарымен шұғылданғанда қанның құрамында жас қан пластинкалары көп болады. 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ғана жас ерекшеліктері байқалады. Жас жігіт велосипедпен 50 шақырымды жүріп өткенде миогендік тромбоцитоз кезіңде қаныңда қаңда жас тромбоциттер көп болады, ал сондай қимыл жасаған 23-27 жастағы ересек адамдарда миогендік тромбоцитоз болғанымен, жас пластинкалар болмайды деген мәліметтер бар. Осы сияқты 16-18 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде ЭТЖ, қанның тұтқырлығы, қанның ұюы сияқты қанның физикалық және химиялық көрсеткіштерінде де байқалады.
Қазіргі таңда адамдар дұрыс тамақтанбағаннан, салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан , неше түрлі Fast food өнімдерін көп қабылдағандықтан,қимыл-қозғалыстың аздығынан адамдарда қан айналымның бұзылуына әкеліп соқтыратын әртүрлі аурулар пайда болады. Жалпы, денсаулықтың 53%-дауы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-дайы әр адамның өзінінің генетикасына, яки тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты (денсаулық сақтау саласында қазіргі кезде оң өзгерістер көп, кемшіліктер де жоқ емес). Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет