Тұрсын ғабитов қайрат затов



Pdf көрінісі
бет27/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
treatise14956

Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті 
басқа 
ұлт 
өкілдерінің 
ұйытқысы 
ретінде 
қолдану 
арқылы 
ынтымақтастықты дамыта отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке 
жетелеу.
Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның тыныс 
тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер 
негізінде реттеп, бақылап отыру. 


339 
Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз 
Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық 
мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени 
сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру 
(деколонизациялық) саясатын жүргізу маңызды болып табылады. 
Жас ұрпақтың мәдени дамуы мен қалыптасуы бүгінгі таңдағы басты 
мәселелердің бірі. Мемлекеттік саяси бағыт жастардың қоғамдық өмірге 
қатысу мен мәдени дәстүрлерді қабылдауына ықпал ете отырып, 
жастардың 
интеллектуалды 
өсуі 
мен 
мәдени 
– 
этникалық 
құндылықтарды қалыптастыруына негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жастар 
болашақ қоғам мүшесі, елдің болашағы ретінде айтылып жүргенімен 
олардың бүгінгі тыныс-тіршілігінен айтарлықтай өзгерістерді байқау 
қиын. Себебі, жастардың арасындағы нашақорлық пен жеңіл жүріс, 
батыстық мәдени үрдістерге еліктеушілік кеңеюде. Жастардың тән, жан 
саулығы елдің стратегиялық қоры, жаңа заманғы дамуының шешуші 
факторы. 
Жасөспірімдер 
мен 
жастардың 
ізгілікті, 
рухани 
құндылықтарын бойға сіңіру мен насихаттауға иек артуы керек. 
Жастардың 
арасында 
мәдени-адамгершілік 
құндылықтарының 
қалыптасуы жағынан екі топтық категорияға бөлінеді.
Біріншісі, 
ауылдық 
аймақтардағы 
мәдени 
болмысты 
қалыптастырған жастар.
Екіншісі, қалалық мәдени-техникалық құрылымдар жағынан 
тәрбиеленуші жастар тобы. Олай болса, Қазақстан Республикасы өзінің 
саяси-мәдени стратегиясында жалпы қазақстандық жастардың табиғи-
болмысына 
негізделген 
мәдени 
форманы 
қалыптастырудың 
механикалық құрлымдары ұлттық мәдени ошақтар мен жастардың 
мәдени және қоғамдық ұйымдарының қалыпты жұмыс жасауының 
мүмкіндігіне демократиялық-құқықтық нормалар тұрғысынан қолдау 
көрсетілуі тиіс. Осы аталған ұйымдар мынандай мақсаттарды жүзеге 
асыруы қажет: 
- жастар арасында тұтас мәдени атмосфераны қалыптастыру; 
- ауылдық және қалалық жастар арасында ұлттық-мәдени және 
қазіргі заман мәдени-техникалық құндылықтар жүйесін орнықтыру; 
- жастарды саяси-мәдениет, этикалық, патриоттық жағынан 
тәрбиелеу. 
Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамның қалыптасуына 
алдымен жарнама, электронды ақпарат құралдарының әсер ететіндігін 
естен шығармағандығымыз жөн. Бөгде идеалдарды таңдау, зорлық-
зомбылық, қатыгездікті уағыздау жастармен жасөспірімдер мінез-
құлқына қызмет етіп, қазіргі өмірді қабылдау мен өмір сүру дағдысына 
кері зардабын тигізері анық. Ақпараттық мәдениеттегі шылым шегу, 
дүлей күшке табынушылық, спирттік ішімдіктерге жарнамаларды іс 


340 
жүзінде тоқтату, жас ұрпақты сауықтырудың кезек күттірмейтін 
шаралары.
Жастардың төл мәдениеттен, тарихтан нәр алуы, қоғамымыздағы 
достық, бейбіт, өмір, келісім, олардың туған Отаны – Қазақстан 
Республикасына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арттыра 
түсуі тиіс. Мемлекет қолдауы – мәдени инфрақұрылымдарды дамыту 
мен материалдық жағынан қамтамасыз етуі бағытталуы тиіс. Соның 
ішінде театр, кітапхана, стадион, мектептен және жоғары оқу 
орындарынан тыс ағарту мекемелері, сондай-ақ оқу, әдіс-тәсілдемелік 
құралдарын, көркем әдебиеттерді шығару, компьютерлендіру, дене 
тәрбиесі 
мен 
спорттық 
дамытудың 
мемлекеттік, 
аймақтық 
бағдарламаларын жасауы сияқты стратегиялық мақсат - мүдделерді 
көздеуі тиіс. Әсіресе, рухани, патриоттық тәрбие беру ісінде
мемлекеттік тілді оқып-үйренудің жаңа, тиімді тәсілдерін тәжіриебеге 
енгізуге ерекше мән берілуі керек.
Ұлт бірлігі жай сөз емес. Саяси процестердің алдын алып, болжап, 
бағыттап отырғанда кешегі бизнесмендердің бір тобының үндеуі сияқты 
масқарашылықтан ада болар едік. Тілді саудаға салуға болмайды. 
Қазақтың ата-бабасынан қалған тарихи мекенінде бір-ақ тіл – қазақ тілі 
мемлекеттік тіл болуы керек. Тарихтың сындарлы сәтінде тұрмыз. 
Қателесуге қақымыз жоқ.
Батыстың мемлекет басқару стандарттарын Орта Азияның 
жағдайына механикалық түрде көшіру, тіпті үлкен қантөгіс оқиғаларға 
әкелуі мүмкін. Айталық, 90-жылдардың басында Батыс өлшемімен 
алғанда Тәжікстанда оппозициялық күштер алаңға шықты. Яғни, 
батыстағылар бұл құбылысты прогрессивтік жәйт, билеуші өкімет пен 
оппозицияның 
заңды 
талас-тартысы 
деп 
ұқты. 
Бұл 
Батыс 
аналитиктерінің дүниенің бәрін өз өлшемдерімен, өз түсініктерімен 
өлшеуінің, өз қоғамдық стандарттарын ең дұрыс, ең қажетті, әлемдегі 
бүкіл мемлекеттер қолдануы, басшылыққа алуы тиіс ең алдыңғы 
қатарлы, гуманистік мемлекет басқару стандарттары деп ұғынуынан еді. 
Бұл батыс аналитиктерінің дүниедегі өзге мемлекеттердің ішкі 
жағдайларына, ондағы өмір сүріп жатқан адамдардың менталитетіне, 
ондағы геосаяси жағдаяттарға мән бермеуінен туындаса керек.
Нәтижесінде Тәжікстандағы алаңға шыққандар ешқандай да 
оппозиция емес, әрқилы жергілікті кландардың, ұлттық топтардың билік 
үшін таласы екені белгілі болды. Мұның соңы Тәжікстандағы ауыр 
қантөгіс соғысқа, мыңдаған адамдардың өз мекендерін тастап босқынға 
айналуына әкеліп соқты.
Яғни, Орта Азия жағдайында шынын айтқанда, Батыстың 
түсінігіндегі өркениетті заңға сүйеніп әрекет ететін оппозиция жоқ 
екенін көрсетеді. Оның үстіне түптеп келгенде, Орта Азия 
жағдайындағы әрқилы этникалық топтардың күрделі мозаикасы, 


341 
олардың ертеден келе жатқан қарым-қатынасы, мидай араласқан күрделі 
территориялық 
орналасуы 
жағдайында 
өкімет 
билігі 
қатаң 
орталықтандырылған, қатаң біркелкі мемлекеттік саясат, біртұтас 
әкімшілік-билеушілік вертикалы жағдайында ғана саяси тұрақты әрі 
тиімді биліктік мемлекет орнатуға болады.
Шындап келгенде Жер шарының кейбір аймақтарында (айталық 
Ауғанстанда) Батыс ұғымындағы «мемлекет» дейтін нәрсе жоқ деуге 
болады. (Кейбір мемлекеттерде есірткі барондары үстемдік етуде, 
басқаларының өз территориясын толыққанды басқарып отыратын 
басқару-әкімшілік құрылымдары жоқ, үшіншілерінде бір-біріне 
бағынбайтын әрқилы этникалық немесе жершілдік кландар бар, енді 
біреулерінің экономикасы тым әлсіз, яғни мемлекеттік аппарат пен 
әскерін қамтамасыз ететін қауқары жоқ, ...т.с. жағдайлар) 
Осылардың бәрі мемлекет ұғымына да, жергілікті жағдайларға да ат 
үсті қарауға болмайтынын көрсетсе керек. Өзге ұлттар мен ұлыстарды 
ассимиляциялау, еріту, өзіне сіңіру кез келген үлкен ұлттың басты 
қасиеті. Және бұл процесс жеке адамның еркінен тыс, қоғамдық 
дамудың ағынымен, ұлттың даму, сандық сапалық өсуімен қабаттаса 
жүріп отырады. Қазіргі әлемдегі ұлттардың дамуының басты 
магистральды бағыты да осы – ірі ұлттардың ұсақ ұлттар мен ұлыстарды 
ассимиляциялауы, сіңіруі. Және бұл процесс ешқандай да зорлық-
зомбылықпен жүріп жатқан жоқ, өмірдің ағынымен бірте-бірте жүріп 
жатыр. Бұл магистральды жолдан қазақ та тыс қала алмайды, қалуы да 
мүмкін емес.
Жалпы моральдық-этикалық тыйымдардың бәрі қоғамның өзін-өзі 
қорғау ниетінен туындаған ғой. Тыйымсыз жерде, белгілі ұлттық салт-
дәстүрлер сақталмаған жерде адам қоғамы этикалық топтан гөрі төменгі 
инстинктер шылауындағы тобырға айналмай ма «Қызға қырық үйден 
тыйым, ұлға отыз үйден тыйымның» – жай мақал емес, болмыстың 
белгілі заңдарынан туындаған этикалық тұжырым ғой. Қазақтың 
ислами адамгершілігіне тән обал-сауап категориясы таза реалитивистік 
прагматикалық көзқарастар мен іс-әрекеттердің нәтижесінде ыдырауға 
түсіп кетпесе жарады. Оны жандандыратын да, қанаттандыратын да енді 
дін сияқты көрінеді.
Әрине қоғамдық-әлеуметтік өзгерулерді тежеуге әрекеттену 
артықшылық. «Елу жылда – ел жаңа». Үнемі жаңару, жаңғыру процесі 
тоқтаусыз нәрсе. Тек осы жаңғырулар кеңістігінде ұлттық тәрбие, 
ұлттық орта желісін үзіп алмау біздің міндетіміз.
Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық 
дүние болып қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда 
өсіп жетеді, этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен 
дүниетүсінуінің ерекшелігін әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының 
қайталанбайтындығын бекіте отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих 


342 
тәжірибесіне ашық, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл 
мәдениеттермен өзара әрекет етуге дайын, тек сондай мәдениет үшін 
ғана болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық рухани мәдениет ашық, өзін 
өзі ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде дамуға міндетті. Бұл 
үшін жағдайды жасау – өзіне өркениеттік шұғыл өзгерістердегі 
қазақстандық қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін алған, жаңа 
ақпараттық қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар әлеміне еніп 
бара жатқан, мемлекеттің ісі. 
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол 
қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық 
барлық салаларда дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап 
өткіміз келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де 
жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес, 
осы сынды Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды 
қиындықтарға қарамай, қазақ рухани мәдениеті өзінің өміршеңдігін 
көрсетті. Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау 
ісінің, ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге 
дайын. 
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және 
дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени 
өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар 
парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық 
туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени 
құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық 
жұмыс туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай 
дамытылды. 
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай, 
мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. 
Бұл жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени 
және тарихи мұрасын (соның ішінде ЮНЕСКО қамқорлығында тұрған 
объектілерді де), ұлттық рухани мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, 
қалпына келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, 
мәдени құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен 
дарынды жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және 
оның ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады. 
Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты 
түрде жасап шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет 
пен өнер саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту 
ойластырылған және мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта 
дайындау және кадрларды ротациялауда тұтас жүйені құру, 
менеджерлер мен әлеуметтік қызметкерлер сияқты, жаңа мамандықтар 
бойынша мамандар дайындау ісіне басымдылық керек. Кәсіби өнерді 
қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген және біздің 


343 
Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен, халықтық, 
фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие. 
Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан 
әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі 
процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық 
табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік 
беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың 
рухани 
өмірі, 
қаншама 
ұлттық 
құндылықтар 
бүкіләлемдік, 
жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе 
бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық 
көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар 
үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық 
ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты 
мен 
жағдайы, 
қазақстандық 
ұлт 
институционализациясының 
жүйеқұрастырушы факторы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет